Наурыз Сәкен Сейфулин

64

Сабақтың тақырыбы: Наурыз Сәкен Сейфулин

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру өлеңнің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге және  және өз беттерінше ой түйгіндей  білуге төселдіру.

Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қиялын жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту танымдық білімдерін арттыру,ой-өрісін жан-жақты жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа,табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың формасы: жұптық,топтық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру,талдау,жинақтау

Кестемен жұмыс: шығармашылық ізденіс

 

 

Көрнекілік: буклет Наурыз-думан, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:дүниетану еңбекке баулу.

 

 

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Шаттық шеңбер — дене мүшелерінің  амандасуы.

ә) Шеңберде түрлі-түсті қағаздар тарату арқылы топқа бөлу

І топ Ақ түс – қыс

ІІ топ Сары – күз

ІІІ топ Жасыл –  жаз

ІV топ Көк – көктем

ІІ. Біліміңді байқап көр:

1) Мәнерлеп оқу

2)әр топ бір-бір шұмақтан өз сөздерімен мазмұнын айту,талдау

3) М.Дулатовтың “Наурыз өлеңіне” пікірталас

4) Ақылды алты қалпақ

Ақ қалпақ – мағұлмат беру.

Қызыл – ішкі сезімі

Сары – логика ой айту

Жасыл – шығармашылық

Қара – теріс ой

Көк – қортындылау

Қалпақтар ойлармен бөлісу

ІІІ. Игерейік білімді:

1) Сәкен Сейфулиннің “Наурыз” өлеңіне тоқталайық.С.Сейфулин туралы мәлімет беру

2)Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіру

3) Іштей оқу

4)Дауыстап оқу

5) Өлеңнің мазмұнын өз топтарында талқылау,мазмұнын бір-біріне түсіндіру.

6)Ойымды жалғастыр  (Постер жасау

7)Ойланайық, кім ойшыл?

ІV. Сергіту сәті:Қара жорға

  1.  Қайсысын қалайсың? (Мақал-мәтелдер,халық тәжірбиесі,шығармашылық өлеңдер.)

Қорытынды: М.Дулатов пен С.Сейфулиннің “Наурыз” өлеңін Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқып “Наурыз” саған ұнайма деген тақырыпқа ессе жау.

Өзін-өзі бағалау парағымен жұмыс.