Геометрия 1 Жарты жылдық

118

Геометрия

1 Жарты жылдық

1-нұсқа

1)А) α жазықтығында жататын және қиылысқан а және в түзулері берілген.с түзуі бұл түзулермен қиылысады.Осы түзулердің α жазықтығына қатысты орналасу жағдайының  суретін салып көрсет.

2) а) а мен в айқас және в мен с айқас түзулер. А мен с түзулері де айқас деп тұжырымдауға бола ма?

3) а) Айқас екі түзудің бірін қиятын ,ал екіншісіне параллель болатын барлық түзулер бір жазықтықта жататынын дәлелде.

4) а) АВС үшбұрышының А төбесі тік,осы төбесі арқылы оның гипотенузасы ВС-ға параллель жазықтық жүргізілген.В төбесінің биссектриссасы α жазықтығын N нүктесінде қиып өтеді .Егер ВС= 5дм,СА=3 дм болса, АN- нің арақашықтығын табыңдар.

5) а) Үшбұрыштың екі қабырғасы α жазықтығына параллель. Үшбұрыштың орта сызығының да осы жазықтыққа параллель болатынын дәлелде.

 

2-нұсқа

 

1) ә) а мен в түзулері М нүктесінде қиылысады.М нүктесінен өтпейтін с түзуі а,в түзулерімен қиылысады. А,в,с түзулері бір жазықтықта жатады деуге бола ма?

2) ә) а мен в айқас түзулер,ал а1 мен в1  сәйкесінше а мен в түзулеріне параллель түзулер.а1 мен в1 айқас түзулер бола ма?

3) ә) Әрбір екеуі қиылысатын төрт түзу берілген.Берілген түзулердің бір жазықтықта жататынын немесе бір түзуден өтетінін дәлелде.

4) ә) αжәне β  параллель жазықтықтары  берілген. Олардан тыс жатқан К нүктесі арқылы жазықтықтарды қиятын а және в түзулері жүргізілген. Олар α жазықтығын  А1  және В1  нүктесінде ал  β жазықтығын А2 және В2  нүктелерінде қиып өтеді. КА1=8дм.А1А2=12 дм, А2В2= 25 дм.А1В1-дің ұзындығын табыңдар.

5) ә) Трапецияның бүйір қыры α жазықтығына параллель .Трапецияның табандары мен трапеция жазықтығының осы жазықтыққа параллель екендігін дәлелде.