Геометриялық фигуралар

132

№4.  Тақырыбы: Геометриялық фигуралар

Мақсаты: Геометриялық фигуралар жайлы білетін білімін қайталай отырып «нүкте, сәуле, түзу, кесінді, сынық, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш, төртбұрыш, бұрыш» деген ұғымды айта, ажырата білуге үйрету; 100 көлеміндегі сандарды жылдам қосу, азайтуға дағдыландыру; салыстырып, ойын қорыта білуін дамыту.

Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ауызша жылдам есептеу.

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кестелер,  екі таңбалы сандар.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушының дәптер, қалам, кітап, сызғышын, қарындашын тексеру; зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  № 9 (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Мақсат қою кекзеңі:  Тақырыбы, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Ауызша жұмыс:  1. Математикалық диктант.

  • 36 мен 58 қосындысының мәнін тап. ( 36+58= 94)
  • 90 мен 25 айырмасының мәнін тап. (90-25 = 65)
  • Бірінші қосылғыш 23, екінші қосылғыш 57. Қосындының мәнін тап.(23+57= 80)
  • Азайғыш 74, азайтқыш 37. Айырманың мәнін тап. (74-37= 37)
  • 69 бен 13 қосындысының мәнін тап. (69+ 13= 82)
  • 60 пен 28 айырмасының мәнін тап. ( 60-28= 32)
  • 45 санын 17 арттыр (45+17= 62)
  • 54 санын 25 кеміт.                                                      ( 54-25= 29)

 

Ү. Қайталау:

  1. 1.Геометриялық фигураларды ата:

 

 

 

 

 

  1. Тік төрт бұрыштардың нөмірлерін ата:  №1 ,3.

2.Геометриялық фигураларды сызу.

  1. Шаршыны тап және оның периметрін есепте: № 2. Р = 1+1+1+1 = 4 (см)

 

  1. № 4. Ұзындығы 10 см кесінді сал. Оны әрбіреуінің ұзындығы 2 см тең кесінділерге бөл. Неше кесінді шықты?

10 : 2 = 5 (кесінді)

 

  1. № 5. Сынық сызықтың ұзындығын тап:

2см                  4 см                    1см

3см

3см + 2см + 4см + 1см = 10 см

№ 6. Жұптасып жұмыс істеу. Қандай фигура артық? Неге?

 

 

 

( дөңгелек, өйткені бұрышы жоқ)

 

Есеп шығару. №7.

 

 

Шешуі:  ( 28+24) – 15 = 52 – 15 = 37

Жауабы:  Дымбілмес жексенбі күні 37 мин оқиға айтты.

 

 

 

Өздік жұмыс:  №8  Дымбілмес есептерді дұрыс шығарды ма, тексеріп көр.

ІҮ. Білімдерін тексеру.  Шығармашылық тапсырма орындау.

Әр деңгейдегі қосымша жаттығулар.

 

 

 

№ 10.  ( Қарындаш            ; Білгіш                  ;  Дымбілмес              ; Сызушы

 

2 .    Салыстыру ұқсатығы, айырмашылығы  5 + 3 < 50 + 30     3+ 5  < 30 + 50

  1. Көпбұрыштарды, тікбұрыштармен салыстыру.

Ү. Сабақтың қорытындысы.  Екі таңбалы сандарды салыстыру.

ҮІ Үйге тапсырма : № 9 , 8 бетБағалау.