«Ж» дыбысы мен әрпі

133

Сабақтың тақырыбы:  «Ж» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды «Ж» дыбысымен таныстыру. Сөздерді  буынға бөлуге үйрету.Сурет арқылы сөздерді дыбыстық  талдауға үйрету. Оқушыларды сөйлем құруға үйрету және олардың тіл байлығын дамыту. Көркем, сауатты  жазуға баулу.

 

Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөп – мөлдір таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастайық – деп, Әліппе сабағымызды бір – бірімізге жылы лебіздер тілеумен бастайық.

Елімізге тыныштық

Күніміз жарық

Аспанымыз ашық

Деніміз сау болсын!

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?

 Ы дыбысы дауысты дыбыс.

  • Балалар біздің сыныпқа сиқырлы сандығымен ақсақалды үлкен ата келіп тұр. Ата бізге сиқырлы сөздер әкеліпті. ЫДЫС, ЫРЫС, ЫРЫСТЫ. Буынға бөлу.

 

Ата бізді жайлауға қонаққа шақырады.

Барамыз ба?

 

Тақтамен жұмыс.

Жайлаудың суреті.

 Сергіту сәті.  Жел соқты  у – у- у

                         Ағаштар тербелді

                         Жаңбыр жауды

                         Найзағай ойнады

                         Жаңбыр қатты жауды

                         Жаңбыр басылды, күн ашылды.

Күн ашылды, міне жайлауға да келдік.

Жайлауда Жолбарыс неғып жүр

Жолбарыс қайда тіршілік етеді?

— Орманда. Жолбарыстың орманға баруына көмектесейік.

 Жол – ба – рыс, Жай – лау (неше буын, неше дыбыс, неше әріп бар?)

Жолбарыс сөзінің басында кездесіп тұрған дыбыс «Ж» дыбысы.

 

Ендеше қазір Ж дыбысымен танысамыз. Созып айтуға келмейді, ендеше Ж – дауыссыз дыбыс Ж – Ж – Ж,

Басп, жазба түрлерін көрсету.

Ж дыбысы сөздердің  басында, ортасында, аяғында кездесе береді.

 

Жапырақ дыбысын талдау ( 1 оқушыға)

7 дыбысғ 7 әріп бар

Ж – дауыссыз, а – дауысты  жуан, п – дауыссыз, ы – дауысты жуан, р – дауыссыз, а – дауысты жуан, қ – дауыссыз дыбыс.

Жолбарысқа көмектестік деп кітаптағы жолбарыстың суретін көреміз.

  • Балалар, ата жолдан шаршады. Бәріміз бірігіп атаның қой қорасын тазалап тастайық.
  • Иә!
  • Кітаппен жұмыс.

 

Қарамен жазылған сөздерді дауыстап оқимыз.Жек – жеке сұралады.

Атаның қорасын тазалап бердік.

 

  • Балалар мұрнымызға иіс келеме?
  • Бұл жусанның иісі.
  • Жусанның жақсы иісі болады. Сол сияқты Маңғыстауда жыңғыл, жантақ деген шөптер бар.
  • Балалар атаның немересі Жарас қойды өрістен айдап келді. Ол үшін «Жусан» мәтінін тыңдаймыз. Мұғалім түсінікті етіп, нақышына келтіріп оқып береді.Суреттермен пысықталды.Бәрі дауыстап оқиды (тақтадан). Қойларды қамайды.

 

Шынжырлап оқыту. Жеке – жеке оқыту.

3 қатардан 3 бала оқиды.

Сергіту сәті (1 минут)

  • Балалар, ата сендерге риза. Енді сыныбымызға оралайық.

Дәптермен жұмыс.

Ауауға жаздыру.

Тақтадан   Ж   дыбысын көрсету.

Сынып жұмысы (көру диктанты)

Жарас, Жайлау, жусан, қой, қора сөздерін жаздыру.

Кеспе әріптерден Жусан, Жол, Бала Жарас сөздерін жаздыру.

Буынға бөлгізу.

Ж – дауыссыз дыбыс

О — дауысты  жуан

Л – дауыссыз

Сөйлем құру. Сурет бойынша сөйлем құру.

Сабақты  жалпы қорытындылау

Үй жұмысы.

 Мадақтау