Тіл дамыту» арнайы курс бағдарлама

440

«Тіл дамыту» арнайы  курс бағдарламасы

Байтенова Гүлмира Мухамедиевна                                                                                                   

К.Байшығанұлы атындағы орта мектеп,

Райымбек ауданы, Алматы облысы

2 сынып

Түсінік хат

Бастауыш сыныптарға арналған « Тіл дамыту» арнайы курс бағдарлама үлгісі  аптасына1 сағат, жылына 34 сағат.

Оқушының ой-өрісі, сана- сезімінің жан- жақты дамуы бастауыш сыныпта басталады. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғары орынға қойылуда.

Бұл ретте сыныптан тыс жұмыстардың да маңызы зор.  Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында сыныптағы оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жоспарлы түрде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз  ұштастырыла жүргізілген жұмыстар ғана нәтиже бермек.   Сондықтан тек сабақта ғана емес , сыныптан тыс жұмыстарда, үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей,  баланың бойына  салт- дәстүрді сіңіретіндей, имандылыққа тәрбиелейтіндей  шешендік сөздер, мақал- мәтелдерді, жаңылтпаш, санамақтарды жиірек қолдансақ оқушылардың тілі дамып, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады,  жақсыдан үйреніп , жаманнан жиренуге тәрбиелейді.

Жүргізілетін жұмыстың

тақырыбы.

Сағат

саны

Өтілу формасы Қолданылатын материалдар
1 Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті 1 Әңгіме лесу Ақ сандық, көк сандық
2 Бесік жыры 1 Жарыс сабақ Бесік жыры

Жазушы 1989ж

3 Мақал сөздің мәйегі 1 Жарыс сабақ Ақ сандық, көк сандық
4 Өтірік  өлеңдер 1 Шығармашы

сабақ

5 Жаңылтпаштар 1 Жарыс сабақ Ақ сандық, көк сандық
6 Ырымды ұғып ал 1
7 Ұлттық  ойын түрлері 1 Ойын сабақ Электронды презентация
8 Бата тілек  сөздер 1 Танымдықсабақ Шешендік сөздер

Алматы  «Отау»1992

9 Төрт түлік жырлары.

Түлік пірлері

2 Жарыс сабақ Электронды презентация
10 Эпостық жырлар. Ер Тарғын. Қобыланды батыр. Алпамыс 2 Танымдық сағат Бес ғасыр жырлайды. Алматы « Жазушы»
11 Айтыс .Айтыс түрларі 2 Жарыс сабақ Видео  фильм
12 Ертегілер елінде 2 Театрландыр.сабақ мультфильмдер
13 Аңыз әңгімелер.Алдар мен Қожанасыр  әңгімелері 2 Театрландыр.сабақ мультфильмдер
14 Ұлттық салт — дәстүрлер 2 Таным сағаты Электронды презентация
15 « Батыр болсаң жауға найзаң тисін» Қазақ батырлары 2 Таным сағаты Электронды презентация
16 « Даналар сөзі- ақылдың көзі»

Қазақ билері

2 Таным сағаты Электронды презентация
17 Әйтеке бидің тапқырлығы

(шешендік сөздері)

1 Таным сағаты
18 « Қазыбектің қаламақ қандығына елшілігі» 1 Таным сағаты
19 Қазақ хандары. Қазақтың хан сайлауы 2 Таным сағаты Электронды презентация
20 Қорқыт атаның өсиет сөздері 1 Таным сағаты Электронды презентация
21 Жеті қазына 1 Таным сағаты
22 Үш арсыз. Үш ғайып. Үш жетім 1 Таным сағаты
23 Қазақша ай, жыл атаулары. Жыл қайыру. 1 Электронды презентация
24 Діни мейрамдар. Ораза . Ораза айт. Құрбан айт 1
25 Жыл бойы өткенді қайталау. 1

 

1- сабақ

Тақырыбы:    . Халық ауыз әдебиеті

Мақсаты.          Оқушы бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру.

Ұлттықсалт – дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Слайд, сызбалар

Сабақ барысыIҰйымдыстыру.

II  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

III   Жаңа сабақ

  • слайд

Беріп тай, лақты,                                                                                                                                                                         Алдым тайлақты.                                                                                                                                                    Беріп тайлақтыАлдым тай ,лақты                                                                                                                                                          -Балалар  бұл оқығанымыз не?

— Жаңылтпаш                                                                                                                                                            -Қане, қандай жаңылтпаштар білеміз ( Оқушыларға өздері білетін жаңылтпаштарын айтқызу.)2- слайд

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр- шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған  ізі  сөйлейді.  ( қалам)

  • Бұл не?
  • Жұмбақ.
  • Қане бір- бірімізге жұмбақтар  жасырайық(  оқушылар

жұмбақтар жасырып шешеді)

3 слайд

  • Батыр туса ел ырыс,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

 

  • Батыр қол бастайды,

Шешен сөз бастайды.

  • Бұл мақалдар. « Жалғасын тап » ойыны арқылы  мақал – мәтелдерді айтудан жарысып  көрелік. ( оқушылар екі- екіден мақалдарды айтып жарысады)

4- Слайд  бұл қай еретегі

Оқушылар ертегініңқалай аталатынын табады. Ертегініңмазмұнын әңгімелеп айтады.

Қорытынды: Ауыз әдебиетінің салалары

Ертегі

лер

Аңыздар
Мақал-   мәтел
Жаңылт

паш

тар

Төрт түлік жырлары

 

 

 

 

 

 

Бұл жанрлардың белгілі  авторлары жоқ , Бірден бірге  ауызша тарап бүгінгі күнге  дейін жетіп отырған халқымыздың асыл қазыналары

 

2  сабақ

Тақырыбы:              Бесік жыры

Мақсаты.  Қазақтың қазынасының бірі бесік туралы әңгімелеу. Бесік жыры туралы мәлімет беру.  Оқушыларды мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыра отырып тілін дамыту. Өз ұлтының салт- дәстүрлерін білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі.   Электронды презентация

I Ұйымдыстыру.

II  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

III  Жаңа сабақ

1-слайдБесік туралы түсінік беру

 

  1. Бесік жыры туралы түсінік беру.

Бесік жыры тұрмыс – салт жырларының  көне түрінің бірі. Әлемде бесік жырын айтпаған халық жоқ. Бесік жырында халықтың тарихының,  дәстүрлі мәдениетінің көрнісі бар.

Бесік жыры- бесік тербелісіне ыңғайлас, сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып , оның жан- жүйесі мен санасына ұлтттық тәрбиенің алғашқы нәрін  сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде жанына  жағымдыәуенмен айтылады.

  1. Бесік жырының бірнеше нұсқаларын оқыту.
  2. Жырдың мазмұнын талдау. Жырдағы ананың арман тілегі, жүректі жарып шыққан жылы лебіздерінің мағынасын ұғыну.

2 слайд   Бесікке байланыста  ырым- тыйым сөздермен таныстыру

  1. Бесік жырларын мәнерлеп айтудан жарыс ұйымдастыру

IV   Қорытындылау.

3 – сабақ

 Тақырыбы:     Төрт  түлік жырлары

Мақсаты.          Төрт түлік түрлері және түлік пірлерімен таныстыру.

Оқушылардың ақыл-ойын,есте сақтауын, зейінін , тіл байлығын

сөздік қорын молайту , мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру,

Көрнекілігі. Слайд, суреттер.

11

Сабақ барысы

     I   Ұйымдыстыру.

     II  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

III  Жаңа сабақ

1-слайд  арқылы  оқушыларды сабақтың тақырыбын ашуға бағыттаймын

Бұл слайттар не туралы екен?( Төрт  түлік туралы)2- слайд  Оқушылар осы тақырыптар бойынша  сөйлейді                                                                                       1.Жылқы төрт түліктің  патшасы.                                                                                                        2.Түйе  түлік төресі                                                                                                                                3.Сиыр -төрт  түліктің сыйлысы  4.Қой мен  ешкі түлегі

3- слайд  шығармашылық жұмыс

Ұйқас табу. Төрт түлік өз төлдерін қалай сүйеді?                                                                                           1.  Қой сүйеді  баласын « қоңырым» деп,

——————————————— .

  1. Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,

— ———————————————— .

3.Ешкі сүйеді баласан  « лағым » деп

————————————————- .

4-слайд

 

       Зеңгі баба        Шопан  ата
     Аухау- аухау     Пұшайт- пұшайт
          бұзау      қозы
        Сиыр       қой

 

 

 

Төрт түлік

 

 

 

 
         Түйе
 

          Ешкі

 

        Жылқы

бота лақ құлын
Көс- көс Шөре -шөре Құрау-құрау
Ойсылқара Сексек ата Қамбар ата

 

 

 

 

төрт  түлікке  байланысты  қандай ұлттық ойындар білеміз  (бәйге,аударыспақ ,кокпар, қыз қуу)

 Қорытындылау

6-сабақ                                                                                                                                                                                                      Тақырыбы:      Ұлттық ойын түрлері

Мақсаты:        Ұлттық ойындармен таныстыру,  туралы түсінік беру.

Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін ,

белсенділін,  қызығушылын артыру.

Көрнекілігі. Слайд, асық,

Сабақ барысы

I  Ұйымдыстыру.

II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

III  Жаңа сабақ

1 .Ұлттық ойындарымыздың түрлерімен таныстыру

Ұлттық

ойындар

Қозға     лыс ойындарыдары
   Асық   ойын   дары

дары

Спорттық

ойындар

 

    Асық ойындары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 — слайд     Асық ойындарының   түрлерімен таныстыру

3- слайд     Ұлттық ат ойындарымен таныстыру.

(қандай ойындар бар , олардың қалай ойналайтыны туралы әңгімелету)

4 Шығарамашылық жұмыс . «Көкпар»,  « Бәйге»,

«  Ат жарысы » тақырыптары бойынша еркін жазу

Қорытындылау.