Қағаз кесінділерінен құрамақтар құрастыру

145

Сабақ тақырыбы: Қағаз кесінділерінен құрамақтар құрастыру

Мақсаты:
А) Оқушыларға қағаздан құрамақтар жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық іскерліктерін арттыру
Б) Оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік.
Көрнекілігі: жасырылған сұрақ, слайдтар, қағаздан жасалған бұйымдардың көрмесі, теңіз, бақшаның суреттері.
Сабаққа қажетті құрал — жабдықтар: қайшы, желім, түрлі түсті қағаздар, қарындаш, т. б
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Қауіпсіздік ережелерін қайталау
2. Өткен сабақты пысықтау
Тақтада жапырақтарға жасырылған сұрақтар ілініп тұр. Сол сұрақтарға жауап берейік.
1. Қағаз қалай жасалады?

Ағаштарды кеседі, бұтақ, жапырақ, тамырларынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де,әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп тегіс аппақ қағазға айналады.
2. Оригами дегеніміз не?

Қағаздан жасалған бұйымдарды оригами дейміз.
3. Белгілеу және өлшеу

  • Бүгу сызықтары арқылы;
  • Тор көздер бойынша;
  • Трафарет бойынша;
  • Тепшу тігісімен;
  • Қалып үлгі бойынша;
  • Үшбұрыш және циркульмен.

Балалардың қолдарын жаттықтыру мақсатында қағаздан балық жасаймыз. Ол үшін видеоны көрсетемін. Оқушыларға көмек көрсету. Жасалған балықтарын тақтада жасалған теңізге жібереміз.

Жаңа сабақ.

Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. Ол жақсы желімденеді.
Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр — сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, бұйым жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.
Бір парақ қағаздан жеңіл, оны жыртудан оңай, отқа тамызыққа пайдалана салудан тиімді ештеңе жоқ. Есесіне бір жапырақ қағазды босқа тастамайтындар да бар. Мәселен, Батыс елдері кез келген қағазды қоқыс тастайтын жердегі арнайы жәшікке салады немесе маклатураға өткізеді. Жапондықтар мен қытайлықтар пайдаланылған қағаздың өзінен табыс табуды әдетке айналдырған.

Сергіту сәті. (видеоролик)

Слайдтан қағаздан жасалған бұйымдарды көрсету.

Қағаз кесінділерінен сопақша, үшкір немесе шеңбер тәрізді пішіндер құрастыруға болады. Оларды бір – біріне жалғап желімдесе және бояса, әдемі сәндік композиция шығады. Мұның бәрі өз шеберліктеріңе байланысты.

Қызықты, сәнді композиция жасау үшін алдымен оның нобайын сызып алу керек.

Қағаз кесінділерінен құрамақ (гүл) жасау.Слайдтан көрсету. Оқушы еңбегі, мұғалім көмегі. Дайын болған гүлді тақтада жасалған бақшаға отырғызамыз.

Қорытынды. Бағалау.

Жасалған балық пен гүлімізді әдемілігіне, жасалуына, түстердің үйлесімділігіне қарай оқушылар бір – бірін бағалайды.

Үйге тапсырма. Қағаз кесінділерінен құрамақ жасау.