Елін сүйген, елі сүйген елбасы

183

Сабақтың тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген елбасы

Сабақтың мақсаты:
              Білімділік: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Құрметті, оқушылар! Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңға сәйкес 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.
Осыған орай, қабылданған Заң мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түсетін болады. Тұңғыш Президент күніне  орай ұйымдастырылып отырған, Елін сүйген, елі сүйген елбасы мерекелік шараға қош келдіңіздер!
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.

Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалады.
   Жүргізуші: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.

Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарық таңды,
Сіңірдің жан аямай көп еңбек,- дей келе құттықтау сөзді мектеп директоры Сабира апайға береміз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

 

Бір басында кемеңгерлік, даналық,

Елін сүйген елі үшін жаралып.

Сол кісідей болса — болсын әр алып

Адамдықтың аласармас үлгісі

Бір өзінен жатқаны шын таралып

Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне

Әсем әнді шырқата бір салалық

Ән:__________________________________________________

Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс — шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуіміз керек.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!

Оқушыларды ортаға шақырып Елбасына арнаған өлең шумақтарын тыңдасақ.
Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арнайы түсірілген кинодан үзіндіне тамашалаңыздар.

Экранға назар аударайық.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін  ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Қазақ  елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Елбасымыз  биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Ән:__________________________________________________________

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына

«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ сіз бен біз екенімізді ұмытпайық»

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

 

Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№34 Ә.Бердаулетов атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  желтоқсан – Тұңғыш  Президенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы