Таң нұрында туған ұл

Тәрбие сағаты:

1) Тақырыбы: «Таң нұрында туған ұл»

2) Мақсаты:

Оқушыларға Елбасының балалық шағы, өмірі, алғ қойған мұратыжайлы мағлұмат беру. Балаларды Елбасын, елін, Отанын сүйіп, құрметтеп, Қазақ елінің жасампаздығы үшін еңбек етуге тәрбиелеу.

3) Көрнекілігі: Елбасы жайлы суреттер

4) Сбақтың барысы:

5) Мұғалімнің кіріпе сөзі:

Балалар 1 желтоқсандабүкіл Қазақстан халқы Президент күнін тойлайды. Бүгінгі «Таң нұрында туған ұл» атты әдеби кешіміз Қазақстан Республикаының тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне арналады.

 

Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалады.

 

Кітапханашы:

Бүгінгі кеште белгілі балалар жазушысы халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Шәке Күмісбайұлының «Таң нұрында туған ұл» атты шығармасымен танысу және оқушыларға Елбасымыздың балалық шағы жайында жеке әңгімелерін насихаттауды мақсат тұтамыз. Кітапта Елбасымыздың қаршадайынан еңбек сүйгендігі, қиындықтан қорықпай, биік мақсатқа ұмтылғандығы нанымды баяндалады.

Ол отбасының тұңғышы, әке-шешесінің көмекшісі, ата-әжесінің тілалғыш, оқуд озат болған екен. Ол орыс тілін өте жетік білген. Баламен балаша, кәсіпкермен кәсіпкерше, әншімен әншіше сөйлее алатын қасиеті бар. Жас кезінде ән айтып, домбыра да тартып, өлең де шығарған ақынжанды адам.

Ал қазіргі таңда ұлтымыздың мақтанышы, ұлт көшбасшысы, нағыз Аңыз адамға айналып отыр.

Мұғалім:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде  Алматы облысы Қаскелең ауданы (қазіргі Қарасай ауданы) Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия  комбинаты жанындағы жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдаының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының , Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдары академиясының құрметті профессоры.

Осы жетістіктерге ол өз білімділігі, еңбек сүйгіштігі, адалдығының арқасында жеткен.

Ендігі кезекте бүгінгі жаңа бір шығарманың яғни «Таң нұрында туған ұл» кітабының тұсау кесерін жалғастырамыз.

 

1.»Таң нұрында туған ұл»

«Шынымен-ақ нәресте үнін ести алмай өтеміз бе?»-деп күрсінетін Әлжан апа. Әкесі болса ата-бабамыздың әруағын аралап, Алладан перзент сұрайық деп ниет қылады.

Тұрмыс құрғандарына 5 жылдан  кейін «құдай тілеуін беріп» дүниеге Нұрсұлтан келеді.

Сәбидің өмірге келгені бір қуаныш. Оны дүниеге әкелген ана үшін зор бақыт, ал кіндік шеше үшін үлкен мақтаныш.

Қазақта қыз туса жылқышы, ұл туса қойшы деп атайды. Нұрсұлтан таң нұрында дүниеге келген, сонда кіндік шешесі қуанғанынан « қойшы, қойшы» деп айңайлап сүйінші сұраған екен. Есімнің Нұрсұтан деп аталуының себебі сондықтан.

Міне, сол Нұрсұлтан азамат болып, ержетіп, халқының қалаулы ұлы  болды. Енді ол бүкіл халықтың Нұрсұлтаны, Елдің баласы, Отанның адал ұлы.

 

Тұңғыш Президенттің өмірге келген қуанышына, құрметіне қазақ биі «Тойбастар»

 

  1. «Сары сиыр»

Тағы да бір тіршіліктің таңы атты» — дейді әкесі Әбіш. Балам, сендей кезімнен етікшіге жалдандым. Ол орыс кісі еді, орысша үйрендім, сауатымды аштым. Біздің бақтағы алма мен алмұртты өсіруді сол орыстан үйренгенмін.

Сары сиыр — осы  үйдің асыраушысы. Сүтін, айран, қатық ішкен адамға ауру жоламайды. Осы сиырға шөп оруды жастайынан үйретті. Қаршадай кезінен сары сиырдың шөбін шауып, шаруақор бала бүгінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан – кешегі шаруақор  Әбіштің тұңғыш ұлы.

Бала кезінен еңбекке араласып бір үйдегі өзінен кейінгі іні-қарындастары мен ата-анасына қамқор бола жүріп сабағын да тек беске оқыған. Жасынан еңбектің қадірін біліп, қиындыққа шыдап өскен бала жаман болмайды деуші еді үлкендер. Тегінде ел айтса қате айтпайды екен.

  1. « Нұрсұлтан және әжесі».

— Кәшкентай Нұрсұлтан таңғы асқа дайындалып жатқан әжесіне:

-Әже, мен керемет бір түс көрдім, — деді.

-Қандай түс көрдің, Құлыным – деді әжесі.

Сонда Нұрсұлтан:

-Мына Аманкелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққан соң ауыл жаққа қарасам менің мектебім де, достарым да осы Шамалған ауылымның бәрі төмен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шықан тұз толы қаптың үстінде отырып көрдім, — деді.

Сонда әжеі:

Балам, мен үлкен дам болады екенсің, дәрежең өте үлкен болады. Несібең елден көп болады екен. Тұз деген – өте жақсы нәрсе . Алла тілеуіңді берсі, балам. Ман сабың жоғары, несібең аса мол, еңсең биік болады екен,- деп жорып ақ батасын берді.

Қане , аумин. Жорытқанда жолың болсын. Аумин!

Ән: « Атамекен»

  1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Отанының елін сүйген адам. Ол әдебиетке, өнерге өте қызығады. Ол өнер жұлдыздары Алтынбек Қоразбаев, Сәбит Оразбаев, Бекболат Тілеухан т.б өнерпаздармен бірге бірнеше өлеңдер жазған.

Олардан қазіргі қазақ елінің гиміні «Сары арқа» , «Үшқоңыр» әндерінің  сөздерін жазған.

«Сары арқа» өлеңін тыңдап көрейік.

  1. Сары арқа саған таңда сәлем берім,

Атыңды мәшһүр еттім әлемге кең,

Байтақ ел, кеңдігіне қаран қалам,

Бабалар балалығын дәлелдеген.

6.Сарыарқам – сағынышым басылмаған,

Орман көл, шулы өзендер, жасыл далам

Арманы жоқ та шығар жүргендердің

Жарқылдап  жалыни құшып қасыңда аман

  1. Аяулы арман қалам, алып ордам,

Шығады жұлдыздарың  жанып алдан.

Халықтың жарқыраған үміті боп,

Жасай бер, гүл Астанам бағы жанған.

«Астана» биі.

  1. 8. Топырағыммен тамырласып кіндігім,

Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін

Нығайтамын елдігімнің тұғырын

Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін

Ән «Елім менің»

  1. Дарияларға тоғысып ағыс үні

Алдан туды тағдырдың тағы сыны

Ұлылықтың басында өзің барсың,

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы.

  1. Қырандарын баптаған

Ел сенімін ақтаған

Дара туған Нұрсұлтан

Тектілікті сақтаған

Мұғалім:

  • Балалар, Елбасымыздың мұраты не деп ойлайсыңдар?
  1. Дені сау интелектуалды ұрпақ қалыптасытыру.
  2. Саяси тұрақты мемлекет құру.
  3. Экономиканы көтеру.
  4. Тәуелсіздікті ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету.
  5. Білімді ұлт қалыптастыру.

 

 

  1. 11. Тәңірдің берген сыйы, таспа, Қазақ,

Тәуелсіз бүгінгі күн, басқа, Қазақ

Әлемдік жиынымды Астанамда

Бір құдайға сиынып баста, Қазақ!

Ән « Қазақ жігіттері»

  1. 12. Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,

Ертеңіне, өркеніне сене бер.

Дүниені дүбірімен таңдантқан,

Міне, осындай Қазақстан деген ел

  1. Әлемеге атың жайылсын жарқын

Жасай бер, жаса Қазақстан

Баянды болсын бақытың халқым

Жасай бер, жаса Қазақстан!

Ән: « Жаса, Қазақстан »

 

Мұғалім:

-Әдеби кешімізді еліміздің ақсақалдарының «Бас батасымен аяқтаймыз»

  1. 14. Елбасымыз алысты көрсін,

Ел – жұртымыз табысты болсын!

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын!

  1. 15. Малымыз төлдеп, егініміз көктеп

Дастарханымызға ырысқа толсын!

Нарық қалтаны қақпайтын болсын,

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын.

  1. 16. Қазақстанның барлық азаматтары

Қазақша сөйлеп алға аттайтын болсын

Ұрпағымыздың бағы жансын,

Қалаған білімін алсын.

  1. Тілін, дінін, дәстүрін біліп,

Он саусағынан өнері тамсын!

  1. 18. Осымен «Таң нұрында туған ұл» атты әдеби- танымдық бағдарламамыз аяқталды.
  2. Назар салып тыңдағандарынызға рахмет.

Келесі кездекенше күн нұрлы болсын.