Ғарыш дегеніміз не?

74

 

 

Дүниетану

Б. Жақсыбекова

Оңтүстік Қазақстан облысы

Төлеби ауданы, Ленгер қаласы

«№6 жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастуыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?

Мақсаты:

1) Білімділігі:

Оқушыларға ғарыш, ғарышты игеру жайлы ҚР ғарышкерлері мен Байқоңыр айлағы жайлы кең түрде мағлұмат беру. Ғаламшарлар туралы түснік беру.

2) Дамытушылығы:

Балалардың танымдық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Балалардың бойында зерттеу, ізденушілік жұмыстарына деген қызығушылығын ояту.

3) Тәрбиелігі:

Балаларды денсаулығы мықты, ақылды, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, щығармашылық жұмыс, әңгімелеу, тест жұмысы.

Пән-аралық байланысы: Әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері.

Қолданылатын технология:  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» стратегиялары, оза оқыту, ТРИЗ технологиясы ( фантазиялық аналогия әдісі ).

Көрнекілігі: «Ғарыш әлеміне саяхат тақырыбындағы слайдтар»

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Амансыз ба алтын Күн

Амансыз ба Көк аспан

Амансыз ба қонақтар

Қонақ келсе құт деген

Біздің ата-бабалар

Сіздерді көріп қуанып

Құшақ жая қарсы алдық.

Балалар сабағымызды бір-бірімізге деген жылы тілектермен бастайық.

  1. «Ой шабуы»: Сөзжұмбақ шешу.
  2. Жаңалық ашатын білімді адам
  3. Картада қоңыр түспен боялатын жер бедері
  4. Ормансыз жазық алқап
  5. Оңтүстікте егілетін жылу сүйгіш өсімдік
  6. Арқармен будандастырылған қой аты
  7. Еліміздегі әйгілі қарағайлы орман курорты
  8. Биік құзды мекендейтін құс
  9. Су бетінде сырғанап жүретін жәндік

 

III. Мағынаны тану.

Ізденіс жұмыстарын қорғау:

 

Ғарышкерлер тобы:

Ғарышкер ит-Лайка

Ғарышкер иттер-Белка, Стрелка

Тұңғыш ғарышкер- Ю.А.Гагарин

Ғарышкер Г.С.Титов

Тұңғыш қазақ ғарышкері – Т.Әубәкіров

Ғарышкер Т.Мұсабаев

 

Болашақ ғарышкердің сапары

Өтер балғын балалық шақ

Өмір қызық болашақ

Сол болашақ жайында

Сыр айтайын пайымда

Көп жасасаң көресің

Мен болашақ кемесін

Айдап бардым алысқа

Айдан ары ғарышқа

Қилы жұмыс меңгердім

Қиындықты жеңгенім

Айта бермей мол мұңды

Жүріп өкен жолымды

Баяндайын сендерге

Көз тайсамай сендер де

Теледидир бетінен

Ал көріңдер шетінен

Ерекше сыр оттығы

Ер көлігі от нұры

Зымыранға  мініп ап

Айға бардым зымырап

Айда сайлап кемемді

Ары ұштым мен енді

Меркуриге қондым да

Бір күн қонақ болдым да

Жеттім ұшып Шолпанға

Қалдырдым де қолтаңба

Қанша уақыт болғанада

Юпитерге қонғанда

Сақиналы Сатурн

-Кел деді, -тез батырым!

Стурынның үстіне

Самғап барып, түстім де,

Одан ұшып, Уранға

Қондым барып ұрандап

Одан ұшып шарықтап

Ойлап істі парықтап

Үстеме боп  екпінім

Үстіне қондым Нептунның

Самғадым да арманға

Плутонға барғанда

Жеттім, — дедім, — арманға!

Білмей көп жыл  өткенін,

Қайта айналып, сағынып

Жер анама жеткенім

Планетаның бәрінен,

Әрі қуат әрі дем

Жер-анамыз жақсы екен:

Аман болсын Бас мекен!

 

Ғаламшарлар тобы:

Меркурий

Шолпан

Жер

Марс

Юпитер

Сатурн

Уран

Нептун

Плутон

 

Жұлдыздар обы:

Жұлдыз

Жұлдызнама

2013 жылғы жұлдызшының жорамалы

 

  1. Сергіту сәті.

Алысқа қарап, аспанды көрдік

Төменге қарап, жерді көрдік

Оңға бұрылдық, солға бұрылдық,

Егеменді кең байтақ елімізді көрдік

 

  1. Таңданыс (Сюрприз) сәті.

 

  1. Ой толғаныс: Тест жұмысы.

 

  1. Күнге ұқсап жанып тұрған, орасан зор газ шарлар қалай аталады?

А) Ғаламшарлар

Ә)  Жұлдыз

Б) Күн

  1. Ю.А.Гагарин қай жылы ғарышқа ұшты?

А) 1961ж.12 сәуірде

Ә) 1957ж. 4 қазанда

Б) 1962ж. 10 мамырда

  1. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері нені құрайды?

А) Галактиканы

Ә) Ғаламшарды

Б) Күн жүйесін

  1. Жерге ең жақын жұлдыз

А) Ай

Ә) Күн

Б) Шолпан

  1. Жарық секундына қандай жылдамдықпен таралады?

А) 30.000 км

Ә) 100.000 км

Б) 300.000 км

  1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

А) Т.Мұсабаев

Ә) Т. Әубәкіров

Б) Ю. Гагарин

  1. Ғарышқа ұшу кезінде ғарышкер киетін киім қалаай аталады?

А) Плащ

Ә) Комбинезон

Б) Скафандр

  1. Тұңғыш қазақ ғарышкері қай жылы ғарышқа ұшты?

А) 1994ж. 1 шілде

Ә) 1991ж. 2 қазан

Б) 1992ж. 10қазан

  1. Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз ғаламшар?

А) Шолпан

Ә) Марс

Б) Жер

  1. Таңғы не кешкі жарық жұлдыз қандай планетаның атымен аталады?

А) Шолпан

Ә) Марс

Б) Меркурий

 

Бәйге сұрақтары:

  1. Ғарышкерлер ұшатын ғарыш айлағы –
  2. Аспан денелерін бақылайтын асапап –
  3. Ю. Гагариннің ғарышқа ұшу ұзақтығы –
  4. Марстың топырағының түсі –
  5. Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық неше жылда жетеді?
  6. Көкжиек тұстарын көрсететін құрал —
  7. Тұңғыш әйел ғарышкер кім?
  8. Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер –
  9. Жердің серігі –
  10. Ғаламшардағы ең үлкен плнета –

 

VII. Бағалау

 

VIII. Үйге тапсырма: « Мен ғарыш әлеміндемін » тақырыбына эссе жазу.

 

Адамзатқа өсиет :

Уа, адамзат!

Алыстағы елдерден

Паланетаның бәрінен

Әрі қуат, әрі дем

Жер анамыз жақсы екен:

Аман болсын Бас мекен!