Қызықты математика

Тақырыбы: Қызықты математика

Мақсаты:

  • Оқушылардың алғашқы алған білімдерін бекіту.
  • Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін  дамыту.
  • Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.

Түрі: жарыс

Әдіс –тәсілдері: талдау, көрнекілік, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б.

Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, ат макеттары, тақта,  эмблемма, ойындар, шоколадтар, мақал, сөзжұмбақ, ребус, әуен, таға –фишка ретінде.

 

Барысы: І. Қызығушылықты ояту.

-Балалар,  бүгін бізде ерекше сабақ. Алдағы уақытта не істейтінімізді сендер өздерін біліп, табу керексіңдер. Ол үшін мен сендерге тапсырма беремін.

 

* Тапсырма: Берілген сандардың орналасуы   бойынша сөздерді оқы.

(тапсырманы әртопқа  үлестіру)

 

ТРАЖАСЫ
1234567

 

3, 1                                АТ

4, 5, 2, 7 , 6                  ЖАРЫС

 

-Балалар бұл сөздер сендерге таныс па? –Сонда бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар бүгін ат жарысы, «Бәйгеде» жарысқа түсеміз.  Бұл қандай ойын? (Ұлттық)

 

  • Міне аттармен жарысамыз.Шаптырым жеріміз 8 километр. Әрине әр кл-де көптеген қызықты  тапсырмалар орындаймыз, кім мәреге бұрын жетеді, сол жеңімпаз болады.
  • І топ – Тор атпен шабасыңдар, ( қоңыр түсті ат)
  • ІІ топ – Күрең қасқа атпен шабасыңдар, (қызыл, қызылғылт ат)

 

Бәйгемізді бастайық!

1 километр тапсырмаысы:   «Математикалық» сөзжұмбақ.

Тапсырма: берілген өрнектерді шешіп, жауабын сөзжұмбаққа сөзбен жазыңда

  • 4+3
  • 5-5
  • 10-9
  • 2+4

 

-Қандай сөз шықты?

— Жылқы қандай жануар?

(4түліктің бірі, қасиетті, пайдалы,

Жесең  ет, мінсең көлік, ішсең қымыз)

т
р
ө
т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(екі топты тексеру, аттарды жылжыту)

 

2 километр тапсырмасы: «Теңсіздіктер мен теңдіктер»

Тапсырма: мына  теңгелерді пайдаланып, теңдіктер мен теңісіздіктер құрыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

-Қай топ көп құрады екен байқайық. -Жарайсыңдар, балалар!

 

 

 

 

 

 

 

3километр тапсырмасы: зейінділікке тапсырма.

1-топ.                                                                              2 топ.

Неше үшбұрыш?   (5)                                          Неше төртбұрыш?   (5)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 километр тапсырмасы: Қызықты сұрақтар.

 

Тор ат тобына 1-топ-

  1. Ағашта 4 құс отыр; 2 торғай, қалғаны қарға. Неше қарға отыр? — 2-
  2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. Неше жасыл қызанақ қалды?
  3. Екі таяқтың неше шеті бар?

Қүрең қасқа ат 2 топқа-

  1. Сен, мен және біз. Нешеуміз?
  2. Аслан- 4 жаста, Дариға -9 жаста. Кім үлкен? Кім кіші?
  3. Бірінші Назар базарға бара жатыр, екінші Назар базардан келе жатыр. Қай Назар тауар алды? Қай Назар тауар алған жоқ?

 

 

Сергіту сәті:

1) Бұл шеңберде нүкте нешеу,

Сонша қолыңды көтер дереу.

 

2) Қанша шаршы көріп  тұрмыз,

Сонша алға  еңкейеміз.

 

3) Кесінді нешеу болса,

Сонша секір қуана.

 

 

  • Бұрыштарды санайық,

Сонша отырып, тұрайық.

 

 

-Демалдық па , балалар, ендеше бәйгеміз жалғасады.

 

5 километр тапсырмасы: «Бос орынды толтыр».

Тапсырма: неше ондық барын, неше дм. барын анықтау.

 

 

60  =           онд                               50  =          онд

80  =           онд                               90 =          онд

100  =         онд                               10 =           онд

 

 

40см  =         дм                               6дм =         см

9дм =       см                                   80см =         дм

 

Жарайсыңдар , балалар!

 

6 километр тапсырмасы: Ребус шешу.

(әр топқа екі түрлі тапсырма)

 

100-зім,   100-і                            100-зіп,  100-зік

Айырма,                                        азайту

Сергіту сәті:  «Қаражорға» биі (аттың шабысыны келтіру)

7 километр тапсырмасы: «Боя  әрі  ойла».

Тапсырма: өрнектердің мәнін тауып тиісті түспен боя.

 

-Бұлар қандай көлік түрлері? Жарайсыңдар!

 

8 километр тапсырмасы.  

Тапсырма:І топ – артық затты тап, түсіндір неге артық.

 

Тапсырма: ІІ топ- әр топтағы заттарды бір сөзбен ата. Неліктен  олай? –Мадақтау.

 

 

Қорыту:

-Жарайсыңдар, балалар! –Қайсы топ жеңді екен?

-Балалар бүгін не білдіңдер? – Не үйрендіңдер?  — Не істедіңдер?

-жарайсыңдар, ұлттық ойынымыз «Бәйге» ұнады ма?

-енді менің сендерге жүлдеге беретін сиқырлы сыйлығым бар. (Шоколад үлестіру, мақалдың әріптері бар)

 

К Ү Ш  – Б І Л І М Д Е

1  2  3       4 5 6 7 8 9 10

 

-Кімнің шоколадында әріп кездесті. Қане  сол әріптерден сандарды өсу ретімен қойып, мақал құрайық. ( кітап формасындағы плакатқа жабыстыру)

-Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Ал білімді қайдан аламыз?

-Ендеше балалар,  көп кітап оқып  білімді болайық. 1-1-ге шапалақтайық.

-Сабағымыз аяқталды. Мадақтау.