Жылқы

Сауат ашу 1 класс

Сабақтың    тақырыбы:       Жылқы

Сабақтың     мақсаты:          Жылқы  мәтінінің   мазмұнын  меңгерту.  Жылқы  туралы

ұғымдарын   кеңейту .

Сабақтың міндеттері:          1 Білімділік:

Мәтінді  түсініп оқу, мәтіндегі негізгі  ойды ұғындыру.

2 Дамытушылық:

Оқушылардың  сын тұрғысынан ойлауын дамыту,

дәлдеп сөйлеуге , сауатты таза жазуға дағдылану.

3 Тәрбиелік:

Жануарды қорғап қамқорлыққа алу. Білгендерін үстеме

ізденімпаздыққа, шығармашылық ойларын дамытуға

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:          Жылқы суреті, мақал – мәтелдер, жұмбақтар жинағы.

Сабақтың типі:                      Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі:                      Дөңгелек  үстел, дискуссия, топтастыру,ой қозғау

стратегиясы

Сабақтың барысы:              І Қызығушылығын ояту.

  1.   Атша желіп көрейік,

Ауыздығын тежейік

Көкпар  шабайық,

Атпен ырғиық

Ой қозғау.

—  Жылқы малы:            Мінсең – көлік,

Ішсең – сусын,

Жесең қорек

Пайдалансаң –өнім       деген.

-Қорек  деп неге атаймыз?

-Оқушылар жауабы,

-Жылқы сүтінен не жасаймыз?

-Оқушылар жауабы.

-Етінен жасалатын тағамдарды ата  ( шұжық, қазы, қарта, қуырдақ )

 

ІІ  Мағынаны   тану.

— Мәтінді оқымас бұрын ,  жылқы туралы білетінімізді жазайық ; ( сезімтал, жүйрік, көлік, талғампаз, күйіс қайырмайды, тақ тұяқты, өті жоқ)

-Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оұып беру. Суретін көрсету.

Сұрақ – жауап арқылы мәтінді талдау.

-Оқушылар мәтінмен іштей өз бетінше танысады. Одан кейін топпен, жеке оқылады.

 

ІІІ  Сергіту сәті ( қимылмен )

 

Көкке шаншып құйрығын

Шауып  келеді  жүйрігім

Ол не жібек тұлымды

Білеміз  ғой  құлынды.

Топпен жұмыс.

1 Жылқының  пірі – Қамбар ата қоржын жіберіпті. Онда көптеген сұрақтар мен тапсырмалар бар.

І —  топ.  Мен және менің ұрпағым жайлы не білесіңдер?

ІІ – топ.  Адасқан сөзді өз орнына қой ( Схемамен жұмыс )

Ерттеп мініп қымызды

Шөлдеп іштім құрықты

Іліп алып жүйрікті

Тоқтатып міндім жорғаны.

ІІІ – топ Жылқы малына байланысты ұлттық ойын түрлерін жаз. ( Қыз қуу, көкпар бәйге, аударыспақ, теңге алу.  т.б )

Дискуссия. Шығармашылық ізденіс. Жазбаша орындау. ( оқушы жұмысы )

  1. Жылқы – ер қанаты. Суыққа төзімді. Жылқы талғампаз.
  2. Жылқы сулу. Ол жүйрік. Жылқының бойында күш көп.
  3. Ой толғаныс.

— Жылқы малы туралы не білдік? ( Топтау )

    Тамақ

 

    Сусын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Суреттін салу.