Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов.

566

Әдебиеттік оқу 2 класс

Сабақтың тақырыбы:   Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов.

Сабақтың мақсаты:       Сабақтың мақсатын таныстыру; оқушыларды

мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік:

Туған жер туралы білімдерін кеңейтіп ашу.

  1. Дамытушылық:

Оқушылардың сын тұрғысынын ойлауын дамыту,

шығармашылық жұмыс істеуге үйрету, ойын

жүйелі жеткізуге дағдылану.

  1. Тәрбиелік:

Адамгершілікке, туған елге сүйіспеншілігін

дамыту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:               Оқулық автор суреті, мақал – мәтелдер жинағы.

Туған жер туралы ақындардың өлеңдер жинағы (Ф.

Оңғарсынова, Ө. Тұрманжанов, С. Жиенбаев).

Сабақтың типі:         Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:        Сұрақ – жауап, дискуссия, ой қозғау топтастыру,

белгілеу.

Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту.

— Сабақтың мақсатын хабарлау. Топтарға бөлу.

— Ж. Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» мәтінімен танысамыз.

ІІ. Мағынаны тану.

  1. Кіріспе әңгіме (автордан деректер)

а) топртарға бөліп тапсырма беру.

1 – топ. Туған жер дегенді қалай түсінеміз?

2 – топ. Кешкі қарбалас үстінде ауыл суреті. Қартқожаға қалай көрінеді?

(ойларын жазу)

3 – топ. Қартқожақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін автор қалай

сипаттаған? (тауып оқу).

  1. Оқулықпен жұмыс.

а) Мәтінді оқып беру.

Мәтінді оқу барысында белгілеу «+» білемін, «-» білмеймін.

ә) Сұрақ – жауап арқылы мәтіннің мазмұнын беру.

б) Сөздік жұмысы.

Қотан –қой кіретін үй маңы.

Үй басы – әр үй

Ет бауыр жақын – өте жақын туыс.

Шерсіз – қайғы – мұңсыз.

Балапан жүректі – сәби, жас жүректі.

Қас қарайды – кеш болды.

Жетесіз – ақылсыз.

в) Мәтінді оқушыларға оқыту (жеке, топпен, терме, тізбектей).

ғ) Оқушылардың топпен жасаған жұмыстарын оқытып, талдау.

ІІІ. Ой толғаныс.

Эссе жазу.

1 – топ. 4 – 5 сөйлемнен тұратын «Туған жер» мәтінін құрастыру.

2 – топ. Тірек сөздерден өлең жолын құрастыру (Құшағы кең мақтан етем, өскеніме, шаттанамын).

  1. Қортындылап, туған жер туралы ақын өлеңдерін оқыту.

Ұжыммен ( І. ІІ, ІІІ)

О, туған жер кең пейіл, құшағың кең

Саған көңіл бұлқынар күш – ағыммен

Сағынышты қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

(Ф. Оңғарсынова).

 

 

 

  1. Бағалау топпен.

VI  Үйге тапсырма.

а) Сауатты оқу, мазмұнын айту.

ә) (абзацты жаттау).