Деректер бойынша есептер құрастыру.

42

 

Тақырыбы:Деректер бойынша есептер құрастыру.

Мақсаты:математика пәнінің теориялық материалын сапалы түрде меңгерту,өздерінің есеп құрастыруы арқылы шығармашылығын дамыту,қоршаған ортаны сүйіп,аялап,адамдардың тіршілігі табиғатпен байланысты екенін түсіну,пәнді қоршаған ортамен сәйкестендіре өту,оқушылардың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Көрнекілігі:парашюттер,жазылған сөздер,деректер,слайд,ағаш діңдері.

Сабақтың түрі:конференция

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Балалар екі топқа бөлінеді.

-Балалар,сабағымыздың тақырыбы «Деректер бойынша есептер құрастыру».Сабағымыз табиғатқа байланысты болмақ.Ендеше тақтадағы мына бір өлең шумағына көңіл аударайық:

Пір тұтып табиғат ананы,

Пұшайман күйге оны түсірме.

Пайдалы іс істе саналы,

Пәк болып,жер-суға түсірме.

-Өлеңнен не түсіндік?Оқушылардың ойын тыңдау.

3.Осы кезде аспаннан парашюттер түсіріледі,онда  «Эколог,орманшы ,жасыл ел бағдарламасының өкілі» деп жазылған.Сонымен бірге хат жіберілген.

Хатта:

-Балалар,бұл табиғатымыздыңжағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқандықтан,сендер жауапкершілікпен қарасын деп,Тапсырмалар беріп,оның салдарын түсінсін деген мақсатпен жазып отырмыз.» -деп жазған.

-Балалар,табиғат қорғаушылары бізге мынадай тапсырмаларын беріп жіберген екен.Мұнда тек деректер берілген,екен,осыған өзіміз сұрақ қойып,салдарын анықтап көрейік.

-Енді мына суретке көңіл аударайық.Монитордан орман суреті көрсетіледі.

-Орманның қандай түрлерін өттік?

-Ормандар не себепті азаюы мүмкін?

Орманшы тапсырмасы:Бір жылда 2га жердің орманы кесіледі.Балалар осы дерек бойынша есеп құрастырады.

Есептер тыңдалып,құрастырылған есептердің ең қиыны алынады.

Оқушыларды сұрақтары:10 жылда қанша? 100 жылда қанша?

-Суреттегі ағаштар қандай ағаштар?

-Ағаштың биіктігіне байланысты есептер құрастырайық.

Экологтың тапсырмасы:Ағаштардың биіктігі:қайың-20м, емен-40м,шырша -30м,қараағай -36м.

Оқушылардың сұрақтары:Қайың қарағайдан қанша метр аласа? Емен қайыңнан неше есе биік?

Сергіту сәті: «Ағашқа неше жас?» ойыны.Берілген дің бойынша жасын анықтайды.

Суреттен ағаштар көрсетіледі,тақтаға тапсырма ілінеді.

Жасыл ел бағдарламасының өкілі:Шырша-300жыл,қарағай-350ж,балқарағай-850ж,терек-100ж өмір сүреді.

Оқушылардың сұрақтары:Шырша теректен неше есе ұзақ жасайды?Балқарағай қарағайдан қанша жыл артық жасайды?

Монитордан «Барсакелмес» қорығы,аңдары ,өсімдіктері көрсетіледі.

-Суретте қай қорық көрсетілген?

-Енді осы қорыққа байланысты орманшының деректерімен танысайық.

Орманшы:Барсакелмес қорығында 1948жылы қарақұйрықтар саны 2000-ға жуық жетті.1949ж қыстың қатты болуынан 60 бас қана қалды.

Оқушылардың сұрақтары:Қанша бас қарақұйрық қырылды?

-Сендер білесіңдер,біздің жерімізде 40жыл бойы атом бомбасының сыналғандығын,оның әкелген зардаптарын.Соған байланысты көріністерге зер салайық.

Атом жарылыстары ауада,жер бетінде,жер астында сыналған екен.Олай болса экологтың мына деректеріне сүйене отырып,есеп құрастырыңдар.

Эколог:1949-1963ж дейін жер бетінде 160 жарылыс,1963-1988ж арлығында жер астында жылына 18 атом жарылысы болып отырған. жарылыс болды?

1949-1963 жылмен салыстырғанда 1963-1988 жылда болған жарылыс қанша?

Орманшы:64 млн. га жер жылына эрозияға ұшырайды екен.

Оқушылардың сұрақтары:1949жылдан 1988 жылға дейін қанша

Оқушылардың сұрақтары:10жылда қанша?

  1. «Тез есепте» ойыны.Оқушыларға алдын ала есептеуге арналған өлеңдер құрастырып келу берілді.Балалар бір-бірінің өлеңдерін оқып шешеді.

-Міне,балалар, өздерің көріп отырғандай табиғат осылай құлдырай беретін болса,бүкіл халық көз жұмып қарап отыра бретін болсақ,ертеңгі күніміздің не болатынын ойлаудыңөзі қорқынышты.Бұған қалай жауап берер едіңдер?

Балалар хормен:Ұлан-байтақ дала-туған ұямыз,

Ұямыздан қанаттанар ұланбыз.

Ұранымыз  «Туған жерді түлету»,

Ұямыздың қорғаны да мына біз.

5.Бағалау.