Қашықтық,жылдамдық ,уақытқа байланысты есептер

124

Тақырыбы: Қашықтық,жылдамдық ,уақытқа байланысты есептер

Мақсаты: Қашықтық,жылдамдық ,уақытқа байланысты  есеп тер шығарту,баланың өздігінен есеп шығарып, жол табуына ынтасын ашу,қызығушылығын арттыру,ойын дамыту,өз ойын дәлелдей білуге машықтау.

Көрнекілігі: суреттер, планеталар,зымыран.

Сабақтың түрі: саяхат

Сабақтың барысы:

1.Ұ.к.

Психологиялық дайындық:

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар, біздің елде ғарышқа қай қаладан ұшады?

-Байқоңырдан.

-Ғарышкерлер не үшін ұшады ғарышқа?

-Аспан әлемін, яғни планеталарды зерттеу үшін.

-Тұңғыш ғарышкер кім?

-Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кім?

-Бүгін ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз.

-Ғарышқа немен ұшады?

-Зымыранмен.

-Олай болса зымырандағы тапсырмаларды орындайық,сонда тез жетміз.

Көбелектер далада,

Гүл күлтесін санаған.             Үш көжекке кешкі аста,

Әрбір  гүлде 5 күлте,               Үш көршісі кеп қалды.

Алты гүл бар жиыны.              Бақшада олар әрқайсысы,

Күлте нешеу санашы,              Жеті сәбіз жеп алды.

Бар ма осының қиыны?  (30)         Неше сәбіз желінді?  (42)

 

  1. -Балалар,бірінші планетаға қону үшін мына тапсырманы орындайық.

І планета-Меркурий.

1-тапсырма: Жаяу жүргінші 5км/сағ жылдамдықпен қозғалады.Ол 2сағ-та

неше км жол жүреді?

ІІ планета-Шолпан.

2-тапсырма: Егер спортшы 200м/мин жылдамдықпен 5мин жүгірген

болса,неше метр арақашықтықты жүгіріп өтеді.

 

 ІІІ планета-Жер.

3-тапсырма: Жаяу жүргіншінің жылдамдығы 5км/сағ,бұл велосипедшінің

жылдамдығынан 3 есе кем.Велосипедшінің жылдамдығын тап.

Сергіту сәті.

Бір-иілеміз,шалқаямыз,

Екі алақанды үш соғамыз.

Басымызды үш изеп,

Төрт дегенде қол созамыз.

Бес,алты дегенде

Орнымызға отырамыз.

ІҮ планета-Марс.

4-тапсырма: Сурет бойынша есеп құрастыр.

Ү планета-Юпитер. 

5-тапсырма:Сызба бойынша есеп құрастыр.

Ү планета- Сатурн.

6-тапсырма: Кесте бойынша есеп құрастыр.

  1. Қорытындылау

«Кім жылдам?» ойыны. Сәйкес жылдамдықты тап.

 

5.Бағалау.

 

Қызықты математика

Тақырыбы:Үшбұрыштан тұратын фигура құрастыр

Мақсаты:Бірнеше үшбұрыштан тұратын фигура құрастыра білуге үйрету,баланың өздігінен жол табуына ынтасын ашу,қызығушылығын арттыру,ойын дамыту,өз ойын дәлелдей білуге машықтау.

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

1.Ұ.к.

Психологиялық дайындық:

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз

 

2.Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, сөзжұмбақ шешіп көрейік:

-Барлық қабырғасы тең болатын фигура.

-Қарама-қарсы қабырғалары тең болатын фигура

-Екі қабырғаның көбейтіндісі

-Үш қабырғаның көбейтіндісі

-Барлық қабырғаның қосындысы

-Тік бұрыштан кіші болатын бұрыш

-Тік бұрыштан үлкен болатын бұрыш

-Екі ұшы тұйықталған түзу

-6 беті,12қыры болатын фигура

3.Жаңа сабақ.

-Бүгін бірнеше үшбұрыштан тұратын фигуралар құрастырасыңдар.

1-тапсырма: 4 үшбұрышы бар фигура құрастыру

 

2-тапсырма: 6 үшбұрыштан тұратын фигура

 

3-тапсырма: 8 үшбұрыштан тұратын фигура

 

4-тапсырма: 10 үшбұрыштан тұратын

 

5-тапсырма:  14үшбұрыштан тұратын

 

6-тапсырма:  16 үшбұрыштан тұратын

 

7-тапсырма: 18 үшбұрыштан тұратын

4.Қорытындылау.

5.Жақсы құрастырған оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Цифрлар сыры.

 

Мақсаты:  Белгісіз сандарды табуға байланысты  есеп тер шығарту,баланың өздігінен есеп шығарып, жол табуына ынтасын ашу,қызығушылығын арттыру,ойын дамыту,өз ойын дәлелдей білуге машықтау,мақалдардың мағынасын түсіндіре отырып,адамгершілікке  тәрбиелеу

 

Көрнекілігі:өрнектер

Сабақтың барысы:

1.Ұ.к.

-Балалар, бүгінгі тапсырмалар тек цифрларға байланысты болады.

— «Цифрлар сөйлейді» ойыны .Цифрларға байланысты мақал-мәтел айту.

Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді.

Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.

Жүз сомың болғанша,жүз досың болсын.

 

  1. 1-тапсырма: Жетіспейтін цифрларды қалпына келтір.

123*                100*             3*9

+ *3*1             —   2*3           +*7*

3*12                 747              875

8867

2-тапсырма: Бірдей әріптерге бірдей цифрлар сәйкес келеді.Қандай сандар екенін табыңдар.

+АБВГ                 АВГ

ВБВА           +   ГАВ

ГВДАД               ВГД

 

  3-тапсырма: Дұрыс теңдік алу үшін  А және В әріптерінің орнына қандай цифрлар қоюға болады?

АБ х А х Б=БББ      Ж:А=3      Б=7

4-тапсырма: Теңдік дұрыс болатындай етіп цифрлар қой.

АВ:В=21           АхА=ВА         ВС:А=А

  1. Қорытындылау

-Қандай сандарды қасиетті сан деп атайды?

-3,7,4 сандары.

-Осы сандардың қасиетін біліп келіңдер.

5.Бағалау.