Айналаны қоршаған дүние

Сабақтың тақырыбы: Айналаны қоршаған дүние

Сабақтың мақсаты:

  1. Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру
  2. Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін . дамыту.
  3. Бір затпен екінші затты ажырата білу.Табиғатқа деген   құштарлығын арттыру.Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың түрі: жаңа  сабақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:Сыныпты сабаққа дайындау. Оқушылардмен амандасу, түгендеу.

ІІ Мақсат қою: тақырыбын,  мақсатын хабарлау.Өтілген материалдарды еске түсіру, сұрақтар қою.

ІІІ Жаңа сабақ:   — Балалар,табиғат құбылыстарына нелер жатады?  -Адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?   — Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?Ендеше балалар, бүгін біз сендермен «Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар» а) Табиғат, табиғат құбылыстары, табиғат заттары туралы.Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік береміз.

Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс

ІҮ. Қорытындылау:Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?-Табиғат дегеніміз не?-Табиғат құбылыстары деген не?      —Табиғат заттарына нелер жатады?-Табиғи нешеге бөлінеді?Оларды ата.-Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:

Ү Бекіту кезеңі: біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.Табиғаттың екіге бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.