Үшбұрыштың биіктігі, медиана және биссектрисасы

Сыныбы: 7

Сабақ реті: № 16

Сабақтың тақырыбы: Үшбүрыштың биіктігі, медиана және биссектрисасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үшбүрыштың биіктігі, медиана және биссектрисасы туралы қысқаша түсінік беру арқылы олардың анықтамасымен және сызбасымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін қорытындылап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: жүйелі түрде жұмыс істеу және ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап әдәстері

Технологиялық құралдар түрі:  тақта арқылы тірек-сызба, фигуралар кескіні, формулалар көрсету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Жаңа білім беру
  • Бекіту
  1. Үйге тапсырма беру.
  2. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    • Сабаққа дайындықтарын тексеру.
    • Сабақтың тақырыбын жазу, мақсатын айту.

 

Жаңа білімді меңгеру

Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары оның негізгі элементтері. Бұлардан басқа үшбұрыштың төбелерінен шығатын тағы да үш кесіндіні атап, олардың анықтамасын береміз.

Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді үшбұрыштың медианасы деп аталады .

 

Әрбір үшбұрышта үш медиана бар.

Үшбұрыштың төбесінен қарсы қабырғасын қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр үшбұрыштың биіктігі деп аталады. Әрбір үшбұрыштың үш биіктігі бар.

Үшбұрыштың барлық медианалары және биссектрисалары үшбұрыштың ішінде жатады. Ал үшбұрыштың биіктіктері үшбұрыштың ішінде жатпауы да мүмкін.

Есептерді шешу барысында үшбұрыштың биіктіктері кандай шарттар орындалғанда оның ішінде жататынын табатын боласыңдар.

 

V.Үйге тапсырма:  №         сұрақтарға жауап беру.

  1. Оқушыларды бағалау.