Құлақ. Мұрын. Тіл. Оларды күту ережелері

112

Дүниетану.

Сабақ тақырыбы: Құлақ. Мұрын. Тіл. Оларды күту ережелері

Сабақ мақсаты:

  1. Сезім мүшелерінің атқаратын қызметі, олардың маңызы жайында түсінік қалыптастыру. Сезім мүшелерін қалай сақтауға үйрету.
  2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
  3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ — жауап

Сабақ көрнекілігі: слайд, суреттер.

 

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

— Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ болады, себебі сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр.

 

Психологиялық дайындық (2-слайд)

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпен біз!

 

Үй тапсырмасын сұрау (3-7 слайдтар)

Сергіту сәті: (8-слайд)

Жаңа сабақ:

Тақырыбы: Құлақ. Мұрын. Тіл. Оларды күту ережелері (9-слайд)

Жұмбақ шешу: (10-слайд)

Бір таудың екі жағынан

Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан. (құлақ)

Музыканы тыңдату. Не естідік. Құстың сайрағанын естідік.

Немен естідік? Құлақпен естідік.

Сонымен қорыта келгенде Құлақ есту мүшесі екен. (11-слайд)

Құлақтың күту ережесін айту. (12-слайд)

 

Жұмбақ шешу:

Екі жарықтың ортасында бір жалғыз.

Бұл не? (мұрын)

Тәжірибе жасау. Апельсиннің қабығын аршып оқушыларға көздерін жұмғызып искету. Бұл ненің иісі деп ойлаймыз?

Мұрнымызды екі саусағымызбен басайық. Қандай сезімде болдыңдар?(13-слайд)

Сонымен мұрын иіс сезу мүшесі және демалу мүшесі екен. (14-слайд)

Мұрынның күту ережесін айту. (15-слайд)

 

Жұмбақ шешу:

Үнемі аузыңда тұрады,

Бірақ жұта алмайсын.

Бұл не?  (тіл)

Тәжірибе жасау: тұзды шамалап тілмен жалату. Дәмі қандай екен? (ащы)

Қантты жалату. Дәмі қандай екен? (тәтті) (16-17 слайд)

Тілді күту ересімен таныстыру. (18-слайд)

Көзге жаттығу: (19-слайд)

Дәптермен жұмыс: (20-21 слайд)

Сабақты қорыту:.

«Сәйкесін тап» ойыны

Сезім мүшелерін тауып, суреттерін сызық арқылы қосу (22 — слайд)

Сонымен бүгінгі сабақта адамның қандай сезім мүшелерімен таныстық?

Оларды күту ережелерін жандарыңа сақтаңдар.

Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау.