«Рационал сандар» тарауы бойынша қайталау сабағы

342

Сабақтың тақырыбы: «Рационал сандар» тарауы бойынша қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Рационал сандар» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;
  2. Дамытушылық: Саяхат жүргізе отырып оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; біліктіліктерін  дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.

Оқытудың формасы: Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Пәнаралық байланыс: Экология және дүниетану, қазақ тілі, информатика

Сабақтың көрнекілігі:1. Саяхат маршруты

  1. Тапсырмалар бойынша көрнекі құралдар.
  2. Семантикалық карта
  3. Жетондар «Жасыл ел»
  4. Кітапханадан алынған қорықтар туралы кітаптар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру;

г) Назар аудару:

Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп, батасын алып қайт»-деп, Төле биге жұмсапты. Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем-сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте дана қартқа мынадай сауалдар қойыпты.

Райымбек:     -Жер дегенім немене?
-Елім дегенім немене?
-Жер сәні деген немене?
-Ел сәні деген немене?
-Жерді не көтереді?
-Елді кім көтереді?

Төле би :        -Жер дегенің-тіршілік.
-Ел дегенің-қара халқың.
-Жер сәні-ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.
-Ел сәні-өркендеп өскен ұлы мен қызы. Жер құты-қойнаудағы кені.
-Жерді су көтереді.
-Елді ер көтереді деп жауап берген.

Расында, жер-елдің тұрақ мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы ғой. Сондықтан да бабаларымыз «Жер-тіршілік, жер-қазына» деумен бірге «Жер-қазынаның басы» деп те даналық  ой түйе білген.

Сабақты бұлай бастауымның себебі, бүгінгі сабақта сендерді өзіміз тіршілік етіп отырған ортаға – табиғатқа серуенге  шақырамын.

ІІ. Сабақтың мақсат-міндетін қою.  

Оқушыларға жұмбақ жасырылады.

Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі сонда                       (рационал сан)

Жұмбақтың шешімін тапқаннан кейін, оқушыларға тақырып хабарланып, оқушылардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызады. Бұл оқушылардың коммуникативті құзіреттілігінің дамуына оң ықпал береді.

Сабақтың міндеті: табиғатқа визуалды түрде серуен жасау арқылы, оқушының пәндік білімін жетілдіру. Серуендеу төмендегі бағыт бойынша жүргізіледі:

ІІІ. Серуенге шығу.

Серуендеу бағыты

Серуендеу кезінде экологиялық соқпақпен жүреді. Соқпақ алдымен орманға алып барады.

а) Орманға саяхат

1-тапсырма. Ауызша сұрақ-жауап

Мұғалім оқушыларға «Орман дегеніміз не? Орманның байлығы не?» деген сұрақтар қоя отырып, тақтаға магнитпен ағаштың суреттерін іледі. Ағаштардың артына сұрақ жазылған. Оқушылар тақтаға кезекпен шығып, қалаған ағашын алып, артындағы сұраққа жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе ағашты білім нәрімен сусындатқан болып есептелінеді.

Ағашқа жазылған сұрақтар:

-Санның модулі дегеніміз не?

-Оң сандар дегеніміз не? Мысал келтір.

-Теріс сандар дегеніміз не? Мысал келтір.

— Рационал сандар дегеніміз не? Мысал келтір

— Бүтін сандар дегеніміз не? Мысал келтір

-Қарама-қарсы сандар дегеніміз не? Мысал келтір

 

2-тапсырма. Оң және теріс сандардың мағынасын ажырату.

Мұғалім мағынасы оң және теріс сандарды білдіретін сөйлемдер жазылған әр түрлі тағам қорапшаларын, консерві ыдыстарын, полиэтиленді пакетті, сусын ыдысын (баклашка) қойып: «Орманның ішінде қоқыстар, қалдықтар жатыр екен. Табиғатты, орманды ластайтын кімдер? Осы қателікті түзеу үшін біз не істеуіміз керек?» деген сауалдар арқылы сабақты өрбітеді. Оқушылар орман ішін тазарту  үшін кезекпе-кезек тақтаға шығып, әрбір қоқысқа жазылған сөйлемді оқып, ол теріс мағыналы санды беретін болса «Теріс сандар», оң сан болса «Оң сандар» деген қорапқа тастайды.

Қорапқа жазылған сөйлемдер:

  • Арал теңізінің ең терең жері 66 м.
  • Жамбыл облысының орташа жылдық температурасы 9,7 градус жылы.
  • Хантәнірі шыңының биіктігі 6995 м.
  • Байкал көлінің тереңдігі 1620 м.
  • Жоңғар Алатауының биіктігі 4442 м.
  • Қарақия ойысы 132 м.
  • Бұқтырма бөгенінің тереңдігі 80 м.
  • Шөлді жерде өсетін өсімдіктердің тамырлары 15-25 м тереңге кетеді.
  • Адыраспанның биіктігі 30-60 см.
  • Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеді.
  • Өрттің салдарынан орманның 0,85 гектар аумағы өртеніп кетті.

ә) Қорыққа саяхат

3-тапсырма. Семантикалық карта.

Келесі, баратын бағытымыз–Қорық. Міне, қорыққа да келіп жеттік. Бұл қорықтың аты қандай екен, соны табайық. Ол үшін мына  семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек.

Тапсырма 0,4 13,5 0,3 2,4 5 0,4
1 |-8,3|+5,2 И Ү С А Б В
2 10,2-|-7,8| Д Л А С К Р
3 |-7,6|:|-19| Р П Ө С Қ Т
4 Ж А Қ Б І З
5 Р К Д Л О И
6 |-5,1|:|-17| П О Т Р Н У

Оқушылар жауабын (Үстірт) тапқаннан кейін, мұғалім үстірт қорығының суретін көрсетіп, қысқаша мәлімет беріп кетеді.

4-тапсырма. Сандарды өсу ретімен орналастыр.

Тақтаға жеке – жеке дөңгелек қағазға жазылған сандар ілінеді. Ол сандардың екінші бетіне әріптер жасырылған.

 

Үстірт қорығындағы қандай жануар жойылып кеткен түр санатына жатады және халықаралық деңгейде қорғауға алынған? Осы сұраққа жауап беру үшін сандарды өсу бойынша орналастыру керек. Сандарды орналастырып болғаннан кейін кері аударса «Қабылан» сөзі шығады.

5-тапсырма. Таңбалар ережесі.

Үстірт қорығындағы мысық тұқымдас жануар,  сексеуіл, бұталар өскен кұмдар мен құз-жартастарды мекендейді. Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелінген. Осы сұрақтың жауабын табу үшін келесі есепті шығар. Шыққан мәнді кестеден тауып, сәйкес әріпті жаз.

  1. Л=+(-2,8) 2. А=-(-2,8) 3. Қ=-(-0,75)              4. Р=-(+0,75)

 

 

0,75 2,8 -0,75 2,8 0,75 2,8 -2,8
Қ А Р А Қ А Л

б) Ұлттық табиғи саябақ

Келесі бағытымыз – ұлттық табиғи саябақ. Қазақстанда 7 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ бар. Мұнда табиғатты қорғау мен оның аясында тынығу ісі бірдей жүргізіледі. Біз Баянауыл саябағына барайық.

6-тапсырма. Математикалық диктант.

Мұғалім Баянауыл саябағы туралы мәлімет оқиды. Оқушылар мәтінде кездескен сандарды мағынасына қарай «+» немесе «–» таңбасы арқылы жазып отыру керек.

Мәтін:

«Баянауыл мемлекеттік ұлттық саябағы 1985 жылы Павлодар облысының аумағында құрылды.Саябақтың негізгі бөлігін биіктігі 450-700 м дейін жететін тау-тастар және жазық дала құрайды. Баянауылдың ең биік нүктесі  — Ақбет жотасы теңіз деңгейінен 1027 м. жоғары орналасқан. Әулие тас үңгірі кеңінен танымал. Оның биіктігі 5-7 м. Жер асты сулары 1,1-17 м тереңдікте жатады.  Баянауылдың сәнін Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр сынды көрікті көлдері келтіріп тұр. Сабындыкөлдің тереңдігі – 10-13 м, ал Жасыбай  көлінің тереңдігі 7 м.  Жылдық орташа температурасы 3,3° жылы. Ең суық кезде температура 13,2°ты, ең ыстық кезде 20,5° көрсетеді.»

в)  Тұңғыш Президенттің саябағы

Келесі баратын бағытымыз– Тараз қаласындағы Тұңғыш Президенттің саябағы. Саябақтың негізі 2006 жылы қаланды. Оның жалпы аумағы 3,8 гектар жерді құрайды.

7-тапсырма. Оң және теріс сандарды координаталық түзуде белгілеу.

Президент саябағына ағаш отырғызу керек. Тақтаға координаталық түзудің суреті және шырша, қайың, емен және терек ағаштарының суреті ілінеді. Оқушы тапсырмада айтылған ағаштың суретін алып, белгіленген жерге магнитпен жапсырады.

Оқушыны  0 нүктесінде тұр деп есептейміз.

  • Оң бағытпен 3 м жүріп, шырша ағашын егіңдер.
  • Шырша ағашы тұрған нүктеге қарама-қарсы болатын санға емен ағашын отырғызамыз.
  • Осы жерден солға қарай 4 м жүріп, қайың ағашын отырғызамыз.
  • Оңға қарай 8 м жүріп терек ағашын отырғызамыз.

 

8-тапсырма. Ребус

Ребусты дұрыс шешсеңіздер, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Жолдауында айтқан сөзін оқи аласыздар.

«2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс»

 

ІV. Үйге тапсырма.

  1. 412 есеп
  2. Жер бетіндегі тау, көл, ойпат, теңіз туралы мәліметтер жинап, дәптерге жазыңдар. Оларды оң және теріс сандармен бейнелендер.

 

  1. Бағалау. Бағалау оқушылардың жинаған жетондары арқылы жүргізіледі.

«3» бағасы – 2-3 жетон жинау

«4» бағасы – 4-6 жетон жинау

«5» бағасы – 7 –ден көп жетонға қойылады.

 

VІ. Қорытындылау.

Оқушылар сабақтан алған білімдері. Үлгі-өнегелері туралы айтып кетеді.

“Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ”

деген сөзбен сабақ қорытындыланады.