Өсімдік мүшелері. Тамыр.

92

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері. Тамыр.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Оқушыларға өсімдік және оның мүшелері жайында  ұғым қалыптастыру. Тамыр туралы түсінік беру.
  2. Оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
  3. Табиғатты сүюге,аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, суреттермен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.
  3. Топқа бөліну.
  4. Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ: өсімдіктің балауса шағы

2-топ: өсімдіктің «жастық шағы»

3-топ: өсімдіктің «қартайған шағы» туралы әңгімелеу.

III. Білімдерін жан-жақты тексеру. Ой қозғау стратегиясы.

«Бәйге ойыны»

  • Табиғат дегеніміз не?
  • Табиғат нешеге бөлінеді?
  • Өсімдік қандай ағзаға жатады?
  • Өсімдік мүшелерін ата. Ауаның қасиетін ата.
  • Өз жеріңде таза ауа болу үшін не істеуге болады?
  • Судың қасиетін ата.
  • Судың үш күйін ата.
  • Топырақ деген не?
  • Топырақтың құрамын ата.
  • Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?
  • Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
  • Оларды қорғау үшін неістеу керек?
  1. IV. Жаңа білімді меңгерту.

Сұрақ-жауап бойынша:Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?

Сызбаны оқушыларға толтырту.

гүл

Миға шабуыл.  Қызығушылықтарын арттыру. Сөзжұмбақ шешу.

 

Т Ұ Қ Ы М
    С А Б А Қ  
  Т Ұ М А Н    
Т О П Ы Р А Қ  
  Т Е Р Е К    

 

  1. Күзде себілетін дән.

2.Өсімдіктің барлық мүшесін  бір-бірімен жалғастырып тұратын мүшесі.

3.Табиғат құбылысы.

4.Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат.

  1. Ағаш.
  • Сызба бойынша тамыр туралы түсінік беру.
  • Сурет бойынша түсіндіру.

 Оқулықпен жұмыс.  Тізбектей оқыту. Талдау.

1-топ: Ағаштар

2-топ: Бұталар

3- топ: Шөптер

Тақтамен жұмыс.

1 тапсырма:Ағаштарға, бұталарға,  шөптерге нелер жатады?

2тапсырма: Ауызша әңгімелеу.Сол өсімдіктер туралы жалпы түсінік беру.

3тапсырма: Жеке оқушылармен жұмыс:

А) тест орындату.

Ә үлестірмелер беру.

Сергіту сәті.

4- тапсырма: Әр топқа жеке тапсырмалар (топпен орындау, тақтаға ілу.)

 

1-топ: Суреттегі өсімдіктің тамырын сипаттау.Сол өсімдік туралы әңгімеле.

2-топ: Бұтаның тамыры қандай тамыр түріне жатады? Бұтаны сипаттау.

3-топ: Шөптесін өсімдіктер туралы әңгімеле.

Өсімдік неге тірі ағза?

Сызба толтырту

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сабақты бекіту.

Г) Дәптермен жұмыс.Танымдық диктант.

Өсімдіктің жер асты мүшесін … дейміз.

Тұқымынан тікелей шығатын тамырды… дейді.

Шашақ тамырлы өсімдіктер:

Шөлді жерде өсетін өсімдіктер:
Сызба толтыру.

 

V.Бекіту

 

өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды
Топырақтан түрлі қоректік заттарды тартады

 

VI.Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Тамырдың суретін салу.

VII.Бағалау.