«Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»

145

Сабақтың тақырыбы: «Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбы бойынша алған білімдерін кеңейтуіне, терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;
  2. Дамытушылық: Оқушылардың көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару, түбір белгісінің ішіне енгізу, иррационалдықтан босату сияқты түрлендірулерді есеп шығару кезінде қолдану дағдысын қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік: Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына тоқтала отырып, оқушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

 

Сабақтың типі: Жаттығу және қайталау сабағы

 

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.

 

Оқытудың формасы: Кіші топпен жұмыс

 

Пәнаралық байланыс: Саясат, тарих

 

Сабақтың көрнекілігі:  1. Презентация-слайд

  1. Жетондар
  2. Үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (3-мин).

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру;

г) Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алып, белгілеп қойыңдар.

Мен сабаққа  дайынмын    Менің сабаққа зауқым жоқ        Мен өз-өзіме сенімсізбін.

 

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
1 Білім Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.

Оң сандарға қол шатырдай                                                                                             Қалпақ болған беделі                                                                                                            Квадратасаң егер оны,                                                                               Жоғалтасың сен оны.

Квадрат түбір Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-мұғалім Ұйымшылдық

Ұшқыр ойлай білуге, ойын еркін жеткізуге

Слайд №4-5 2-мин
Әрине, квадрат түбір. Ендеше біз бүгін «Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбы бойынша үйренгенімізді ортаға салып, есептер шығаруды жалғастырамыз.

Олай болса, бүгінгі сабақтың мақсатын өздерің анықтаңдар.

—    Түбірге байланысты есептер шығарамыз;

—    Тақырып бойынша біліктіліктерімізді  дамытамыз.

—    т.с.с

Сабақтың мақсаты:

1.  Білімділік: Оқушылардың «Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбы бойынша алған білімдерін кеңейтуіне, терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;

2.  Дамытушылық: Оқушылардың көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару, түбір белгісінің ішіне енгізу, иррационалдықтан босату сияқты түрлендірулерді есеп шығару кезінде қолдану дағдысын қалыптастыру.

3.  Тәрбиелік: Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан мемлекеті туралы айта отырып оқушылардың  патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті: визуалды түрде саяхат жасау арқылы, оқушының пәндік білімін жетілдіру.

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
1. Р е п р о д у к т и в т і к д е ң г е й
ҚР Президентінің жарлығымен биылғы 2011 жыл қандай жыл болып жарияланды? Ұраны қандай? Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылы.

Ұраны: «Бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»

Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Коммуникативтік құзіреттілік Слайд №6 2  мин
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты әр түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатқаны мәлім. Осындай шараның бірі — Егемен елдің жетістіктерін халыққа дәріптейтін «Менің Қазақстаным» мерейтойлық-насихат пойызы. Бұл бағдарлама туралы қосарларың бар ма? Ұжым Таныстыру Оқушы-Мұғалім Ақпараттық құзіреттілік Слайд №7
Бүгінгі сабақта, біз «Менің Қазақстаным» білім пойызымен виртуалды саяхатқа шығайық. Пойыз үш вагоннан тұрады. Үш вагонға 3 жолсерік бекітіледі. Жолаушылар өз араларынан жолсерік таңдайды. Жолсерік есептеулерді дұрыс орындаған оқушыларға жетондар таратып отырады, сабақ сонында жетондарды санау арқылы баға қояды. Оқушылар араларынан бір оқушыны жолсерік етіп тандайды. Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Шешім қабылдау Слайд №8
Саяхатқа жолдама алу үшін алдымен үй тапсырмасы тексеріледі. Ауызша есептеулер жүргізе отырып, вагонның атын анықтау керек. Вагон аттарын анықтаған кезде, саяхатқа шығу мүмкіндігіне ие боламыз.

1-вагон «Талап»

2-вагон «Еңбек»

3-вагон «Жігер»

 

 

 

 

өрнегін ауызша есептейді.

Жеке дара Практикалық Оқушы-Мұғалім-көрнекілік Шапшаңдық, ойлау Слайд №9 3мин

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
Елбасымыздың биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты» жолдауында «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының – Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу» секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылады» делінген.

 

Пойызбен саяхаттау мына бағыт бойынша жүргізіледі. Ұжым Таныстыру Оқушы-Мұғалім Ақпараттық құзіреттілік Слайд №10-11
2. А л г о р и т м д і к   д е ң г е й
2 Түсіну «Бостандық» және «Бірлік» бекетінде жолаушылар есеп шығара отырып тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылдығындағы айтулы  оқиғаларға шолу жасау мүмкіндігіне ие болады.

Есеп слайд түрінде барлық топқа ортақ беріледі.

 

Есепті бірінші шығарған оқушы жауабын айтады. Оқушылар есепті шығару арқылы есептің жауабына сәйкес келетін жыл бойынша сурет түрінде ақпарат алады.

Осы сурет арқылы қандай елеулі оқиға болғанын айтып кетеді.

Ұжым Практикалық

 

 

Оқушы-көрнекілік

 

Ойлау қабілетін дамытады

 

Коммуникативтік құзіреттілік

Слайд №12-17 12 мин

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
«Тұрақтылық» бекеті.

«Математикалық лото» ойыны. Әр топтың жолсерігіне конвертке салынған  тапсырма беріледі. Жолсерік тапсырманы деңгейіне қарай оқушыларға  бөліп береді.

1-вагон «Талап»

 

2-вагон «Еңбек»

 

3-вагон «Жігер»

 

 

 

Тақтаға жауап парағы  ілінеді. Оқушы карточкадағы есепті шығарып, жауап парағындағы сәйкес жауапқа карточкасын теріс қаратып іледі.  Топ мүшелері түгел жауаптарын іліп біткеннен кейін барлық есепті дұрыс шығарған топта сурет пайда болады. Жеке дара Практикалық Оқушы-көрнекілік Ойлау қабілетін дамыту Слайд №18-19 10 мин

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
3. Э в р и с т и к а л ы қ   д е ң г е й
3 Қолдану. «Өркендеу» бекеті.

Оқушыларға мәтін беріледі. Мәтін ішіндегі  сандар квадрат түбірлері бар өрнек түрінде берілген. Өрнекті есептеу керек.

 

Оқушылар өрнектің мәнін есептеп, бос орынға қойып, мәтінді оқиды. Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Өз ойын еркін жеткізу, дүниетанымын кеңейту Слайд №20-№23 8 мин
4. Ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ    д е ң г е й
5 Жинақтау Үйге тапсырма.

1)       «Т,Ә,У,Е,Л,С,І,З,Д,І,К» әріптерінен басталатын математикалық терминдер жазып келу.

2)       №91 есеп

Ұжым Шығармашылық Оқушы Оқушы ізденеді, зерттеулер жүргізеді. Слайд №25 1 мин
6 Бағалау Бағалау оқушылардың жинаған жетондары арқылы жүргізіледі. «3» бағасы – 2-3 жетон жинау

«4» бағасы – 4-5 жетон жинау

«5» бағасы – 6 –дан көп жетон

Ұжым Салыстыру Мұғалім Өз мүмкіндіктерін бағалайды Слайд №26 2 мин
Қорытындылау Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер! Рефлексия.

 

Сабақ яқталды. Сау болыңдар!

Сабақты оқушылар қорытындылайды және көңіл-күй шкаласынан өз эмоцияларын білдіреді. Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Өз ойын еркін жеткізу, қорытынды жасау Слайд №27 2 мин