«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық сайысы

62

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық сайысы

Бұл сайысты жалпылама-қорытынды сабақ ретінде, өткен материалды бекіту ретінде өткізуге болады. Тақтада 30 ұяшық беріледі. Әр ұяшықтағы ұпай саны жасырылған сұрақтың күрделілігіне қарай 100 ден 500 ге дейін жазылған. Мектеп бағдарламасының 4 пәні бойынша, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстан тарихынан, танымдық қабілеттерін дамыту үшін «ең, ең» деген тақырыптар бойынша  сұрақтар кездеседі.

1 тақырып «Тарих» пәні.

100 ұпай – Томирис патшайым басын қан  толған ыдысқа салып «Енді тойғаныңша іш!» деген парсының патшасы кім еді? Жауабы: Кир.

200 ұпай – Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? Жауабы: 1941-1945

300 ұпай  — «Тарихтың атасы» атанған ежелгі грек ғалымы? Жауабы: Геродот

400 ұпай – Саналы адам осыдан неше мың жыл бұрын пайда болды? Жауабы: 40 мың жыл бұрын

500 ұпай – Ежелгі Грекияда пайда болған Олимпиялық ойындарға кімдерге қатысуға тыйым салынды? Жауабы: әйелдерге

 

2 тақырып «География» пәні.

100 ұпай – Жер  көлемі бойынша дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет? Жауабы: Ресей

200 ұпай – Мына  таулардың қайсысы биік – Эверест әлде Джомолунгма?  Жауабы: бұл екі атау бір тауға тән

300 ұпай – Жер   бетінде  су  көп пе,  жоқ  әлде  құрлық  па? Жауабы: 71%  — су,  29% — құрлық

400 ұпай – 1867  жылы 30 наурызда АҚШ Ресейден сатып алған штат? Жауабы: Аляска

500 ұпай – Ең  алғаш географиялық картаны жасаған?  Жауабы: Эратосфен

3 тақырып         «Биология» пәні.

100 ұпай – Қандай құстың қанаттары болмайды? Жауабы: Киви

200 ұпай – Ертегілердің кейіпкері, құйрығы айыр құс? Жауабы: Қарлығаш

300 ұпай – Ең кіші құс. Ұзындығы 5,7 см, салмағы 1,6 г.

400 ұпай – Көп елдерде бұл құсты-бейбітшілік нышаны,                        ал француздар оны «ұшатын тышқан» дейді? Жауабы: кептер

500 ұпай – 1928  жылы бірінші рет А.Флеминг табиғи  саңырауқұлақты ашты. Бүгінгі күнге дейін медицинада қолданылып келеді. Жауабы: пенициллин.

4 тақырып «Қазақстан».

100 ұпай – Қазақстанда қанша облыс орталығы бар? Жауабы: 14

200 ұпай – Астана қаласының символы, елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі? Жауабы: Бәйтерек

300 ұпай – Қазақстан тәуелсіздік алған күнді ата. Жауабы: 1991 жыл, 16 желтоқсан.

400 ұпай – Еліміздің Конституциясы неше бап, неше бөлімнен тұрады? Жауабы: 9 бөлім, 98 бап.

500 ұпай – 1992 жылы, 2 наурызда қандай оқиға болды? Жауабы: Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.

5 тақырып «Ең, ең».

100 ұпай – дүние жүзіндегі халық ең көп шоғырланған ел? Жауабы: Қытай

200 ұпай – ең алғашқы ғарышкерді ата. Жауабы: Ю.Гагарин

300 ұпай – ең ірі су балығы? Жауабы: Кит

400 ұпай – ең кіші планета? Жауабы: Плутон, 2324 км

500 ұпай – аспандағы ең жарық жұлдыз? Жауабы: Сүмбіле (Сириус)

 

6 тақырып  «Математика» пәні.

100 ұпай – қай екі санды қосқанда да, көбейткенде де бірдей нәтиже шығады? Жауабы: 2+2=4,   2*2=4

200 ұпай – Бір  тонна мақта ауыр ма, әлде бір тонна темір ауыр ма? Жауабы: Бірдей

300 ұпай – Үстелдің  төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Жауабы: 5 бұрыш

400 ұпай – Үш  түйеқұс ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды? Жауабы: түйеқұс ұшпайды

500 ұпай – Егер  тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?  Жауабы: 3 кг