7 саны және цифры

89

Оңтүстік Қазақстан  облысы,  Кентау  қаласы, Ә.Науаи  атындағы  №17  жалпы орта  мектеп, бастауыш  сынып мұғалімі  Динара  Рустемова  Гафуржановна

 

1 – сынып  математика

Сабақтың  тақырыбы: 7 саны және   цифры

Сабақтың мақсаты:

ә) Оқушыларға  саны, цифрын түсіндіру, жаздыру. 7 санының сандық қасиетін,  ретін  түсіндіру.

а) Мақсатқа жете білу, еңбек етуге, сергек, пысық болуға үндеу.

б)Таза жазуға үйрету. Ой пікірін, ойлау қабілетін, математик тілін өстіру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ түрі.

Сабақтың көрнекілігі:Ойыншықтар, интербелсенді тақта, дәрежелі тапсырмалар, медаль.

Пәнаралық  байланыс: Дүниетану, әліппе.

Сабақ методы: Билингвал.

Сабақтың   барысы:

І.Ұйымдастыру кезең.

-Оқушыларды математика сабағына дайындау.

-Психологик дайындық.

-Оқушылармен бірге “Утро” әнін орындап, билеу.

-Балалар  бұл кім? Бұл Буратино!

-Буратино мен бірге ертегілер әлеміне саяхат  жасаймыз.

-Самолётқа мінгенбіз бе?

-Ал ендеше мынау самолетқа мініп саяхатымызды бастайық.

-Саяхатымыз  күшті,  қызықты  өтуі  үшін  математик  болуымыз тиіс.

Тапсырмаларға тура жауап  беріп, білгір болуымыз керек. Өзіні  көрсеткен  оқушылар   медальдармен мадақталады.

Сергіту сәті.

Біз тамшымыз тик-тик,

Бұлттардан түсеміз тик-тик.

Көлмек болып топталып,

Өзендерге   ағамыз.

-Енді экранға қараңыз .

Бұл  қайсы  ертегі?

-Кеттік ұшуды жалғастырайық.

-Сонымен ,   6 санының   көршілері  қайсы  сандар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ендеше, біз сендермен 6 санының оң жақ көршісі 7 санымен танысамыз.

7 санын кітап, газет, журналда, көшелердің номерінде, теледидар, ыдыстарда, киімдерде көруіміз мүмкін.

7 саны қасиетті сан.

7 саны туралы толық білгіміз келеді ме, ендеше, мына ертегі атауын ата?

-Ия бұл «Саяхатшы Дара» .

7 саны тақ сан. 6 санның  оң жағындағы көршісі. Қазақта 3,5,7,9 сандары киелі сандар болып есептеледі.

Дәптермен жұмыс.

-Мына ертегін табыңыздар.

-Өте жақсы. Бұл ертегінің аты «Мақта қыз бен мысық».

-Самолетда жақсы ұшып жүруіміз үшін, жанармай таусылмасын десеңдер, тапсырмаларды орындайық.

-Қанекей, мына ертегін атаңыз!

-Тұрып «Гномики» әніне билейік.

-Рақмет кейінгі тапсырма.

Енді математик ойындар ойнап жіберейік.

Үйдің кілітін табыңыз!

«Көршісін тап»  ойыны.

-Сүтті 7 литрге толтыру үшін неше литрдан құямыз.

— Енді мына ертегін табыңыздар.

-Ендеше алдарымыздағы парақтағы «Жеке жұмысты» орындаймыз.

  • Қазір «Смайлик» ойынын ойнаймыз. Қатысушы сүреттегідей смайл болып береді.

-Сергіту сәті.

-Тұрып «Қара жорға» биін билейміз.

 

ІV. Сабақты қорытындылау.

 

-Жеті санын 3 тілде айтамыз.

Жеті — етти – seven — семь

Тез-тез құрамын құраймыз.

-Өте жақсы балалар самолетыңыз Астана қаласының әуежайына келді. Автобуста Астананы бір тамашалап, Кентауға қайтамыз.

-Буратиноға рақмет айтып, Кентауға қайттық.

-Бүгін «Математик» деген медальмен мына оқушылар марапатталады.