Дауыссыз л мен р

307

Тақырыбы: Дауыссыз л мен р

Мақсаты: Дауыссыз л мен р әріптерінің жазылуы туралы білімдерін жетілдіру.Сауатын есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Зеректікке, саналылыққа тәрбиелеу.

 

  1. Білімділігі: Дауыссыз л мен р дыбысын қайталау, білімдерін тиянақтау

 

  1. Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру,ойлау қабілеттерін арттыру.

 

  1. Тәрбиелігі: сауатты да, көркем жазуға тәрбиелеу.

 

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену

 

Көрнекілігі:  аңдар суреті, интерактивтік тақта

 

Түрі: саяхат  сабақ

 

Жаңа техналогиялар: дамыта оқыту  техналогиясының  элементтері.

 

Пән аралық байланыс: дүниетану

 

Сабақтың ұраны: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.

Сабақтың барысы:

 

     І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

 

Психологиялық дайындық

  • Қазір қай сабақ ? (Қазақ тілі)
  • Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  • Балалар, сендер бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығасыңдар өз күштерің мен бекеттердің тапсырмасын орындап шықсаңдар ұзақ жол жүріп «Дыбысқа саяхат » еліне жетесіңдер.Ол үшін сабаққа толығымен қатысып отыруымыз қажет.

 Үй тапсырмасын сұрау

 

Жаңа сабақ.   л мен р

 

Бірінші бекет Өткенді пысықтау. «Дауысты дыбыстар бекеті»

Оның қақпасы жабық, аузында құлып тұр. Оны ашу үшін кілт керек. Кілт қоржында. Тақтаға шыққан оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, үлкен үйге кіру үшін  кілтті алады.

— Дауысты  дыбыстар  нешеге  бөлінеді?

— Оның түрлері ?

-Енді балалар кішкене ойланып  ой өозғап алайық «Ой қозғау»

 

Екінші бекет «Дауыссыз дыбыстар бекеті »

Сұрақтарға дұрыс жауаптар айтылса, үлкен зәулім үйдің сыртқы есігі ашылады.

– Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Оның түрлері?

Мына суреттегі аңдардың  атдарын қатыстырып сөйлем құраса   үш бөлменің біреуінің есігі ашылады. (аю, арыстан)

 

Келесі бекет «Дыбыстық талдау»

  • Бұл бекеттің тапсырмасын орындасақ, бөлменің келесі есігі  ашылады.
  • — лақ,лебіз,рас,ренжу сөздеріне дыбыстық  талдау жасау.

 

Соңғы бекет «Тез, жылдам»

— Балалар, бұл бекетте көптеген қызықтар бар. Әрбірін біз терең білу үшін тапсырмалар орындауымыз қажет. Олай болса бір сергіп алайық.

 

                              Сергіту сәті:

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Әдемі етіп жазайық,

Біз бақытты баламыз.

 

Дәптермен жұмыс «Дәптердің тапсырмасы»

 

 ІІ. Білімді тексеру: күн ретін жазу, көркем жазу

 Рр       Рр      Рр.  рақмет

 

ІІІ.Бекіту.Жаттығулар орындау.124-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазу. Л,р әріптерінің астын сызу.  Бұлар дауыссыз дыбыстардың қайсысына жатады?

 

Оқулықпен жұмыс. «Оқулықтың тапсырмасы»

125 жаттығу Ауызша орындату. Суреттегі сөздердің бір әріпін өзгерту арқылы л әріпінен басталатын сөздер жаса.

Бақ-лақ, бас-лас, жайық-лайық, тайым-лайым, кезде-лезде, жағыл-лағыл, жақтыру-лақтыру, тай-лай.

 

  • Өз бетінше жұмыс «Ақ кептердің  тапсырмассы»
  • Балалар әрі қарай саяхатты жалғастырады. Алдарынан «ақ кептер» ұшып шыға келеді. Аузында тістеген хаты бар. Бір оқушы хатты алып оқиды.
  • «Құрметті жас саяхатшылар, сендер саяхатқа  бара жатқан “Дыбысқа саяхат” елінен келемін.»  Қазір оқулықта берілген
  • 127 – жаттығуды орындап шықсандар “Дыбысқа саяхат” еліне жетесіңдер.

 

  • – жаттығу.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.Ырыс, Іле, ірге, раушан, лашын.

— Алақай, “Дыбысқа  саяхат” еліне жеттік.

 

     Рефлексия.   1. Не білдім?

  1.   Білемін.
  2. Білгім келеді?

 

ІҮ. Үйге тапсырма: 126-жаттығу. Ереже жаттау.

 

Бағалау