Талап, еңбек, тарең ой

55

Талап,  еңбек, тарең ой  

Мақсаты: Әр баланың білімін, интеллектуалдық даму деңгейін анықтау. Логикалық ойлау, белсенділік, дәлелдей білу қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі:  Сигнал картасы, карточкалар,  ұпай жұлдыздары, кубиктер,

Әдістері: Топтық  ойын, сайыс, жеке практикалық жұмыс.

Топтарға бөлу, топ атын сайлау.  Әділқазылар алқасын сайлау.

                                      1 — өтілім

Топтың  аты,  ұраны                                

                                     2 — өтілім

Қазақстан-  сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып сөз құрау.

 

                                                                           3- ұпай

 

                                         3 — өтілім

 

                                        Ойлан, тап:

Сұраққа жауар беру.             4- ұпай

  1.  Салтанат  болса екіде

      Бақытжанда екіде,

      Екеуін қоссақ шырағым

      Саматтың жасы нешеде? 

Жауабы: Самат  4 жаста.

 

  1. Анардың әкесі қарашаның 3-і күні саяхатқа шығып,  үйіне қарашаның 7-сі күні келді. Анардың әкесі неше күн үйде болған жоқ?

 

Жауабы:  Әкесі үйінде 4 күн болған жоқ .

 

 

 

 

  1. Ұшып  барады  бір топ қаз оңтүстікке,

Мықты болсаң  қанша екен  тез есепте.

         Алдында  екеуі  келеді.

Екі – екіден  келеді  қос бүйірде.

 

Жауабы: 6 қаз.

 

  1. Жаңбыр сөзінде неше дыбыс бар?

                                

                                       Жаңбыр сөзінде 6 дыбыс бар.

 

  1. Сүтқоректілерді ата

 

 

  1. Алыстан қарағанда жәйлауда сиырдың 6 мүйізі көрінеді. Сонда жәйлауда неше сиыр жәйіліп жүр?

 

 

Жауабы: 3 сиыр

 

 

  1. Төрт түлік төлін ата.

Сиыр –

Жылқы-

Түйе –

Қой-

Ешкі-

Жауабы:

Сиыр – бұзау

Жылқы-құлын

Түйе – бота

Қой-қозы

Ешкі-лақ

  1. Алтыдағы Бекеттің

Алтау еді жаңғағы.

Біреуін мысық әкетті,

Біреуін күшік әкетті…

Қанша сонда қалғаны?

Жауабы: 2 жаңғақ қалды.

  1. Бір балапан ұяда,

Бір балапан қияда…

Екеу болды есебі,

Қалды ұяда нешеуі?

 

  1. Бір ағашта жеті алма,

Мен алиаймын, сен де алма.

Қызыл емес, көк  емес,

Әлі піскен жоқ екен.

Алманың түсі қандай?

 

Жауабы: Алманың түсі жасыл

  1. Ақбоз, Көкбоз – екі жұлдыз,

Жетіқарақшы — жеті жұлдыз

Шоғыменен  шоғыр жұлдыз,

Тобыменен неше жұлдыз?

Жауабы:  10  жұлдыз.

 

 

  1. Дастархан басында 2 әке 2 бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Олардың әрқайсысы неше алма жеді?

 

Жауабы: 1 алма.

 

  1. Бір үйдің жеті ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір- бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?

Жауабы:  7 ұл, 1 қыз.

 

4 — өтілім

                            Санамақ жалғастыру.                   5- ұпай

Бір дегенімбесік  ,

Шықтың содан өсіп.   

Екі дегенелім,

Далам, тауым, көгім.

Үш дегенімүміт,

 Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім — төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенімбақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті дегенжалау,

Жүректегі алау.

Сегіз дегенсөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз дегентоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенімОтан,

Қорға соны, ботам! 

 

5- өтілім                  6 – ұпай

                      Қарама — қарсы мағыналы антоним сөздері

 

Үлкен – кіші

Ұзын- қысқа

Ақ – қара

Күн – түн

Жоғары — төмен

Жақсы- жаман

Жалпақ – жіңішке

Биік – аласа

Қалың – жұқа

Артық – кем

Алыс – жақын