Денсаулық-зор байлық

118

Денсаулық-зор байлық

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру,ойын арқылы оқушылардың тілдерін дамыту.
Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар:     Қуыршақ,қолқап , спорт құралдары, пайдалы, пайдасыз тағамдар,себет,кішкентай доптар-18 ,ағаштың діні,қақпақтар, бокс қолқабы,тіс пастасы,щеткасы,бал бөшкесі,сәбіз.

 

Барысы:                         

 

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Балалар!Бүгін біздін сабағымызға қонақтар келді. Амандасып қояйық.

Көңіл күйлерің қандай? Сендер қалай ойлайсындар, адамның көңілді болуы неге байланысты? (Ауа райына, денсаулығына, көңіл күйіне, қоғамға байланысты).

Әйтсе де, дені сау адамның көңілі көтеріңкі болып, қандай іске болмасын дайын жүреді. Денсаулық болса бәрі де болады.

  1. Балалар, мына жерде нелерді көріп тұрсындар?

Қалай ойлайсындар, бұнда артық заттар барма екен?

Қалған заттарды бір сөзбен қалай атаймыз? (спорт құралдары. Олар спорт түрлерімен айналысуға керек).

Қазір, мен сендердің «Қай заттың орны ауысты?» ойыны арқылы зеректіліктерінді тексеремін.

«Қай заттың орны ауысты?» ойыны ( 3-4 бала)

Ойынның шарты: заттарды мұқият қарап алыңдар. Сосын көздерінді жұмындар. Мен бір заттың орның ауыстырамын.Сендер көздерінді ашып сол затты табындар.

Ал, келесі ойынға 18 оқушы керек.

Мына алдарындағы себетте доптар бар. Бір-бірден қолдарына алындар.

Мұқият қарап айтындаршы, заттарды қалай ажыратады? Несіне қарап? (Түстеріне, көлеміне,пішініне). Ендеше , мына доптардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екен? (Түстері). Доптардын түстерімен топтасып түра қаламыз. Әр допта жапсырылған әріптер бар. Қалай ойлайсындар, олар не үшін керек? (олардан сөз құрастыруға болады). Әр топта қандай сөз шықты? Ал, сөздерді қоссақ не  шығады? (Сөйлем) . Құрастырып көрейік. «Денсаулық – зор байлық!» деген сөйлем шықты.

Сонда бүгінгі біздің тәрбие саңатымыздың тақырыбы  «Денсаулық – зор байлық!» екен.

Балалар, сендер «Денсаулық – зор байлық!» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Өте жақсы, балалар. Біз бүгін  «Денсаулық патшалығына»  саяхатқа  шығамыз.Саяхатқа шыққанда керекті заттарды алуымыз керек, сондықтан мына жердегі заттарды алып , жолға шығайық.

(Оқушылар өздері қалаған заттарды алады)

  1. Алдарынан дәрігер шығады.

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жолдарың болсын! Қайда аттандындар? (саяхатқа)

-Өте жақсы екен, ал сендер білесіндер ме, саяхатқа тек денсаулықтары мықты балалар барады? (иә, біздің денсаулықтарымыз жақсы)

-Жақсы болған екен, бірақ қолдарындағы не? (балалардың қолдарында алма, чупа-чупс, айран, кока-кола, сүт,чипсы, шырын, кептірген нан, хотдог т.б.)

-Сен неге саяхатқа чупа-чупс алдын? (өйткені мен тәттіні жақсы көремін)

-Чупа-чупс, сағызкәмпіттер тіске өте зиянды,тәтті көп жесендер тістерін өарайып ауырады.Сондықтан тәтті жеу денсаулыққа зиянды. Міне, тағы чипсы, кептірілген нан, кока –кола, хотдог та зиянды тағамдарға жатады. Олар асқазанның тамақ сіңіру процесін бұзады. Кока –коланы  көп ішкен жағдайда күйзеліске және ашушаңдыққа алып келуі мүмкін, ағзадағы зат алмасуын баяулататын күшке ие. Оны көп пайдаланған жағдайда артық салмақ қосуыңыз мүмкін.

-Сондықтан, балалар, пайдасыз тағаммен «Денсаулық патшалығына» сендерді жібере алмаймын.

Мұғалім:- Енді не істейміз,балалар? Мүмкін, пайдасыз тағамдарды тастап кетеміз?

Дәрігер: — Ия, мына себетке салыңыздар. Міне, қарандаршы,балалар, қанша пайдасыз тағамдар , естерінде сақтандар, бұндай тағамдарды жеу –денсаулыққа зиян әкелу. Сондықтан зиянды тағамдарды жемендер.

Ал,енді, жолдарын болсын. Саяхатқа аттануға рұқсат!Жолдарын болсын!

 

  1. «Аяқпенен топ-топ-топ» әні

1-кедергі кездеседі. Ағаштың діні. Балалар, қарандар. Біздің жолда кедергі болып ағаштың діні жатыр. Енді қайтеміз? (4 оқушы көтеріп алып тастайды) .Жарайсындар, күшті екенсіндер. Бері қарандар, Ағаштың дінінін астында хат  жатыр, бұнда екі тапсырма берілген .

1-тапсырма: Өлеңдер  шұмағындағы керекті сөзді тап:

Денсаулық-ол күлуің

Аман-есен  …   (жүруің)

 

Тазалықты сүйеміз

Таза болып  ….(жүреміз)

 

Күш сап бас пен арқаға,

Жатып алма …     (партаға)

2-тапсырма: Денсаулығың мықты болу үшін не істеу керек?

 

  1. «1-дегенде тұрайық» сергіту сәті

2-кедергі кездеседі. Ой, балалар, қарандар, мынау не?

Адамдар не істеп кеткен?

Табиғат ластанбау үшін біз не істеуміз керек?

Жинасақ қолдарымыз кір болады, сондықтан қолымызға қолғап киуімізге тура келеді.

Ойын «Кім жылдам?»

Шарты: Бокс қолғабын киіп қақпақтарды қоқыс шелегіне тастау керек. (4 оқушы)

 

7.Сергіту сәті

3-кедергі. Жол үстінде қолтрауын жылап отырады.

 

Қолтырауын:

Ой,тісім қақсап барады!

Жанымды қоятын жер жоқ, — деп Қолтрауын дауыстап жылайды. Оның дауысын естіп,қоян секіріп келеді.

 

Қоян:

Балалар, қараңыз, мына сұмдықты

Қолтрауынға не болған?

Кім оны жылатты?

Қолтрауын саған не болды?

Қолтрауын жылыма.

 

                  Қолтрауын одан сайын жылайды.

                  Аю келеді.

 

Аю:

                  Не болды, жасырма, айтшы өзің?

Неліктен ісіген бас-көзің?

Әлде сен біреумен күресіп, жеңіліп,

Тұрмысың намыстан қорланып,егіліп?

 

Қолтырауын:

Енді не істейімін

Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.

 

Қоян мен аю қосылып:

Айболит атаны шақырайық.

Айболит атамыз бәрін емдейді.

Ауырса адамды, аңды да емдейді.

Кәдімгі мейірімді Айболит атамыз.

Айтындар, кәнеки, оған кім келмейді?

 

Қоян мен аю Айболитті алып келеді.

 

Айболит:

Бір сәтке тойынар тәп-тәтті кәмпит үшін,

Тәртіпті бұзыпсың,қарыңнын қамы үшін.

Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят-ақ,

Тәртіп те керек қой, білсеңші жан үшін!

Қане,аузынды аш көрейік!

 

 

Айболит Қолтрауынның тісін емдейді. Қолтрауын сауғып рақмет айтады.

 

                     Айболит:

Кәмпит жесен көбірек

Тісің жүрер мазалап

Не жесенде күніне

Екі рет жүр тазалап.

 

Болсын десең тазалық

Жүрген жақсы қаралып

Бір жылда екі тексертіп

Тіс дәрігерге баралық.

 

Әр тісінді тазала:

Үстін,астын,бәрін де

Аузында қалмасын

Келгенінше әліңе.

 

Ұшықтырмай ауруға

Ішін,сыртын тазала

Барлық тісің маржандай

Жарқырасың аузыңда.

 

Бәрін былғап жей берсең

Қиын болар өзіңе.

Өзіңе жау болмасаң

Құлақ ас, бұл сөзіме.

 

Сүт, жаңғақ, сыр, жемісті

Айранды іш аралас

Тамақтансан орынмен

Тіс ауруы жоламас.

 

Жүр, мен сені «Денсаулық» патщалығына апарайын.

Сол жерде сен барлығын түсінесің.

Мұғалім:-Айболит ата, Біз де денсаулық патшалығына бара жатыр едік. Сіздермен бірге баруға болама?

 

Айболит:    Әрине,болады. Жүріңдер!

 

Балалар патшалыққа кіріп бір-бір жеміс,спорт құралын  алып шығады.

Ән «Денсаулық-зор байлық!»

Қолтрауын,қоян,аю,Айболит билейді.

 

Аружан:              Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

 

 

Қорытынды:

Амина:              Бүгінгі тәрбие сағаты

Денсаулық жайлы сөз еткен.

Көп нәрсені ұғып алдық

Кетпейтұғын мәңгі естен!-деп бүгінгі «Денсаулық-зор байлық» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.