1- сыныптар арасында оқушылар мен ата — аналарының арасында өтетін «Дені сау жанұя — тұғырлы мемлекет» атты сайыстың сценариі

114

«Жаңа Ғасыр» № 175гимназияның   1- сыныптар арасында оқушылар мен ата —  аналарының  арасында өтетін  «Дені сау жанұя  — тұғырлы мемлекет» атты сайыстың сценариі

Өтетін Уақыты:  30 қараша

Өтетін орны : Спорт зал №2

Қатысушылар:  1 «А»  1 «Ә»  1  «Б»  1 «В» 1 «Г»  1 «Ғ»  сынып оқушылары мен ата —  аналары

Жүргізуші:

Қайырлы күн, қонақтар, көрермендер және әділ — қазылар!!! Бүгінгіі біздің сайысымыз 1желтоқсан  Қ.Р. Тұңғыш президенті күніне арналады.

Сап түзел, тік тұр!

Мемлекеттік Гимн орындалсын.

«Дені сау жанұя  — тұғырлы мемлекет» атты 1- сыныптар арасында оқушылар мен ата —  аналарының  сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Денсаулық шексіз бақыт

Уа, халқым, назар аудар  денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда

«Денсаулық терең бақыт» деген сөзді

Құр айтпаған  ұлы А бай данамызда

Денің  сауда сұлусың жер бетінде

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің әлі талай жеңістерге,  —   деп сайымызды бастайық!

Жүргізуші:  Сайысқа  қатысушыларды  құрметтеп, қошеметтеп  ортаға шақырайық. 1 «А»  1 «Ә»  1  «Б»  1 «В» 1 «Г»  1 «Ғ»  сынып оқушылары мен ата —  аналары.

Сайымызды  бастамастан  бұрын 1 «Ғ»  сынып оқушысы  Болатбекова Сымбаттың орындауында «Шығыс биі» қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Бүгінгі  сайыста  әділ баға беретін әділ  — қазылар алқасымен танысып өтейік.

  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бижанова Сандуғаш Ақжолтаевна
  2. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Ушурова Айнұр Аркиновна
  3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі : Интин Түсіпхан Кимұлы
  4. Мектеп дәрігері:  Умбетбаева Салтанат Баудиновна

 

Бүгінгі біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады

І бөлім :  «Жеміс жинау және егу» ойыны

Шарты: Бірінші берілген жемісті әкесі егеді, анасы жинайды, баласы егеді, әкесі қайтара жинайды.

І бөлім :  «Жеміс жинау және егу» ойынын  бастауға рұқсат етіңіздар.

Әділ қазылар  ұпай санын көрсетіп, беріп отырсаңыздар.

ІІ бөлім : « Кенгуру» ойыны

Шарты:  Берілге доптың  үстіне  отырып, секріп қайтадан орнына қайтадан келу

Әділ қазылар  ұпай санын көрсетіп, беріп отырсаңыздар.

ІІІ бөлім: «Кім жылдам» ойыны

Шарты: Әкесі мен анасы баласын көтеріп барып, орындыққа отырып қайтадан  жүгіріп барып қайту қажет.

Әділ қазылар  ұпай санын көрсетіп, беріп отырсаңыздар.

ІҮ бөлім : «Шар жару» ойыны

Шарты: Әкесі  және анасы мен баласы мен жүгіріп барып орындыққа отырып екі қолды көтеріп шарды жару керек.

Әділ қазылар  ұпай санын көрсетіп, беріп отырсаңыздар.

 

І бөлім ІІ бөлім ІІІ бөлім ІҮ бөлім Жалпы ұпай саны
1«А» сыныбы
1«Ә» сыныбы
1«Б» сыныбы
1«В» сыныбы
1«Г» сыныбы
1«Ғ» сыныбы

 

Жүргізуші : Әділ қазылар ұпай санын есептегенше  Музыкалық сәлемдеме    1 «Б» сынып оқушысы Сарсенбай Жанелдің орындауында «Әгугай» әнін қабыл алыңыздар.

Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.

Жүргізуші: «Дені сау жанұя  — тұғырлы мемлекет» атты 1- сыныптар арасында оқушылар мен ата —  аналарының  сайысын жабық  деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Көріскенше сау болыңыздар.