Дауыссыз б мен п

161

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п 131-136 жаттығу

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дауыссыз б мен п әріптерінің жазылу        ерекшелігі туралы білімдерін тиянақтау, дамыту. сауаттылығын, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: тапқырлыққа, тиянақтылыққа, мақсатқа жетуге, ұйымшыл болуға    тәрбиелеу.

Типі: білімді тиянақтау

Түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу

Пән аралық байланыс: ана тілі

Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, интерактивті  тақта

Жұмыс барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушыларға оқу құралдарын алғызу. Назарларын сабаққа аудару.

а) Сабақтың ұраны

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

5-ке қолды жеткізу

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

131-жаттығу «Мектепте» тақырыбына әңгіме құрау.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Жуан дыбыстыларды ата?

-Жеңішке дыбыстыларды ата?

-Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Үнді дауыссыздарды ата?

-Ұяң дауыссыздарды ата?

-Қатаң дауыссыздарды ата?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

-Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік.

Бір-екі балаға ертегі мазмұнын айтқызу.

1-cиырдың тапсырмасы.   

131-жаттығу.

Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар. Кітап,доп сөздерінің соңғы әрпі неліктен өзгерді деп ойлайсың?

2-ағаштың тапсырмасын орындаймыз.    

 

3-қыздардың тапсырмасы 

 

 

 

 

132-жаттығу

Берілген сөздерге  ы,і әріптерінің тиістісін қосып жазып, п-ның өзгеру себебін түсіндір.

Мектеп, тәртіп, қолғап, қорап, тон, шөп, талап,көп

Сөйтіп мысық шаршады, ендеше біз мысықты сергітейік.

 

Сергіту сәті

 

Қане, қанат қағайық,

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

 

4-дүкеншінің тап

 

133-жаттығу

Тәртіп, топ, қорап сөздерін қатыстырып сөйлем құра.

1 қатар «тәртіп» сөзіне сөйлем құрайды.

2 қатар «топ» сөзіне сөйлем құрайды.

3 қатар «қорап» сөзіне сөйлем құрайды. 

5-тауықтың тапсырмасы    

 

134-жаттығу.

Екі бағандағы сөздерді жұптастырып жаз.

 

 

 

Сөз соңындағы п дыбысының б-ға өзгеру себебін дәлелде.

 

6-тышқанның тапсырмасы

Сөздік диктант. (Дыбыстық талдау жасау)

 

Кітап, мектеп, доп, қап, қолғап, клуб, штаб.

 

-Енді, мысық келген жолымен қайта қайтады. Мақта қызға келіп қатықты беріп құйрығын алады.

 

 

Осыдан кейін Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал. Әдепті болып жүр,-деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.

-Ал біз қандай болуымыз керек?

-Біз де әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын адал болайық

-Ал біз қандай болуымыз керек?

 

 

Қорытындылау.

 

-П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы қандай дыбысқа айналады?

 

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.