Сан есім

101

Cабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың  мақсаты:

  1. Сан есімнің заттың санын, ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
  2. Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, ығармашылық қабілеттерін дамыту.
  3. Сауатты жазу дағдыларын  жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың  түрі: аралас  сабақ

 

Әдіс-тәсілдері:   түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік  жұмыс.

Көрнекілігі: электрондық оқулық, тірек-сызба, мультимедиалық кабинет, сурет.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.

 

Сабақтың  барысы:

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

— оқушыларды  сабаққа  әзірлеу;

— балалар, қазақ тілі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің  білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық;

— психологиялық даярлау:    Үлкенге де сіз,

  Кішіге де сіз,

  Сәлем бердік сіздерге

  Құрметпенен біз.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

— дәптерлерін тексеріп, ауыстыру;

— балалар, бүгінгі сабақта жаңа тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы сабақ өтеміз.

— қазақ тілінде неше сөз табы бар?

— біз қандай сөз таптарымен таныстық?

— ендеше, өткен сабақтарға  байланысты семантикалық картамен жұмыс жасайық:

Семантикалық карта

Сөздер Зат есім Сын есім Етістік
асхана
жасыл
күліп отыр
қағаз
бесеу
ұзын
жүгіріп жүр
қасқыр

— сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

                      Қане, қанат жасайық,

                     Қарлығаш боп ұшайық

                    Ұшып-ұшып қонайық.

  1. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.

Дәптермен жұмыс

— дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ді және мен жасырған  жұмбақ жауабын көркем етіп жазайық: Бесте бар, баста жоқ. Бұл қандай әріп?  

көркем жазу минуты: Ее әрпін бір жолға жазамыз да, бес сөзін екінші жолға жазамыз (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).

— әдемі, көркем етіп жазып болсақ, маған айтыңдаршы біз қай сөзді көркем етіп жаздық?

— әрине, бес, бес дегеніміз не?

бұл сөзге сұрақ қояйықшы қанше? немесе неше? Ал мұндай сұрақтарға жауап беретін сөз табымен таныстық па?

  1. Жаңа сабақ.

— ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Сан есім».

Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жеті, он, жиырма, сексен бес. (хор)

Оқулықпен жұмыс

182 бет. 1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіреді? Слайд

 

183 бет. 3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.

 

Тақтада берілген жаттығуды жазайық. Өлеңді түсініп оқы.Өлеңнен сан есімдерді тауып, көшіріп жазамыз және бір сан есіммен сөйлем құрастырамыз.

— сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

                      Қане, қанат жасайық,

                     Қарлығаш боп ұшайық

                    Ұшып-ұшып қонайық.

 

  1. Қорытындылау.

— балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

— бүгін қай сөз табымен таныстық?

— ендеше, осы сөз табына байланысты тест жұмысын өткізіп, қаншалықты түсінгендеріңді көрейік:

Тест.

Сан есім.

р/с сұрақтары нұсқалары
а ә б в
1 Сан есім нені білдіреді? заттың сынын заттың санын,ретін заттың атын заттың сапасын
2 Сан есімнің сұрақтарын көрсет кім?не?

кімдер?нелер?

не істеді?қайтті? қандай? қай? қанша?неше?

нешінші?

3 Сан есімді көрсет жасыл он бес дала парта
4 42 саны қай нұсқада дұрыс жазылған? қырық қырық тоғыз тоқсан қырық екі
5 92 саны қай нұсқада дұрыс жазылған? тоқсан үш тоқсан екі сексен бір жетпіс

— үйге тапсырма: 4-жаттығу,183 бет. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдің тиістісін сөзбен жаз. Үлгі: …(7,0) жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды. Жеті жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.

— бағалау: семантикалық карта бағасы

сабаққа белсене қатысқаны үшін баға

беттестіру тестінен алған баға