Жаңа жыл ертеңгілігі

Павлодар облысы Май ауданы

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп

Айтжанова Баян Данияровна

Бастауыш сынып мұғалімі

1 сынып

Жаңа жыл ертеңгілігі

 

 

Жоспар:

  1. Ата-аналармен   жұмыс
  2. Балалардың кіруі
  3. Қарақшылардың кіруі. Балалармен диалог
  4. Аула сыпырушы атаның келуі (қар жинау ойыны)
  5. Гена мен Чебурашка келеді (мектепке сөмке жинау ойыны)
  6. Аяз –ата мен ақшақар кіреді
  7. Шырша әні хоровод
  8. Шыршаны жағу
  9. Тақпақтар, муз номер
  10. Ақшақар (жұмбақ жасыру,әріптерден сөздер құрастыру)
  11. Тауықтың келуі (балапандар биі)
  12. Тақпақтар, муз номер:
  13. Белоснежка мен 7 гномдар(герлянда жасату), (гномдар биі)
  14. Тақпақтар, муз номер:
  15. Сығандардың келуі (сыған биі)
  16. Тақпақтар хоровод
  17. Маша мен Мишаның келуі (орыс биі, алдау ойыны)
  18. Жаңа жылды шығару (Аладин, түрік биі)
  19. Ән: «Жаңа жыл» Баян мен Назым хоровод
  20. Ескі жылдың қоштасуы, Аяз ата мен ақшарды шығарып салу. хоровод
  21. Соңғы ән: (балаларды сахнаға орналастыру) феирверк!!!

Керек әуендер

Кіріспеге-жаңа жыл

Қарақшыларға- мы разбойники

Аула сыпырушы – баяу музыка

Гена мен чебурашка-сол фильмнен

Шырша әні Гүлсімхан апай

Тауыққа – шөжәләрім

Гномдар биіне – гумми

Сығандарға-сыған музыкасы

Аяз ата әні –Гүлсімхан апай

Маша мен миша- фильмнен

Аладин-ну погадидан

Ескі жылдың қоштасуы-өз фон-сы

Соңғы ән-«Жаңа жыл» (М.Садвакасованың)

 

 

 

 

 

 

 

 

Барысы:

Қош келдіңіз бүгінгі жаңа жыл кешімізге,

Жаңа табыс тілейік елімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан, бәрімізге!

-Армысыздар, құрметті ата-аналар! Келе жатқан жаңа жылымыз құтты болсын!  Елімізге береке, әр отбасына бақыт әкелсін!

 

  1. Ата-аналармен жұмыс:

Балаларымыздың ертеңгілігін бірге тойлауға келген әр ата-анаға басымды иіп алғыс айтамын, көптен –көп рахмет! Ал қане, барлығымыз орынымыздан тұрып,  бір-бімізге, уақыт тауып мереке келгендеріңіз үшін, бір қол соғып қояйықшы!

Енді бір-бірімізбен амандасып алайық, екі жанымызда тұрған адаммен сөзбен, орысша бір қолмен, енді қазақша екі қолмен, ал кім біледі кәріс немесе үнді халқы қалай амандасады? Жақсы ал енді көріспей, сағынып қалған туыс-бауырлар қалай амандасады? Өте жақсы!

Ал, құрметті ата-аналар бұнын барлығы сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін, өйткені сіздер қазыр осы залға кіретін балаларды өте жақсы көңіл күймен қарсы алу керексіздер,  бүкіл мереке бойы балаларды қолдап, қол соғып таратқан қағазға қарап әндерді айтып отырасыздар, келісті пе? Ендіше бастаймыз!!!

 

Кел жаңа жыл! Төрле, төрле жеріме,

Құт-береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығыңа бөлегейсің бізді де!

 

 

  1. Балалардың кіруі

Ей қараңдар, жараңдар, шапалақ ұр,

Келеді міне мерекеге қыз бенен ұл.

Жаңа жылды қарсы алады шаттық әнмен,

Жырыменен, мерекелік  биіменен.

Кіреді шыршаны айнала тұрады

 

  1. Қарақшылардың кіруі

Хабарлаусыз музыка қосылып қарақшылар кіріп келеді де дорбадағы ұсақ шарларды шашып кетеді.

  1. Балалармен диалог:

-балалар бұл не болды?

-олар неге олай жасады екен?

-ал, бірақ біз көңіл –күйімізді түсірмейік, жарайма, жаңа жыл ол әнге, биге, шаттыққа толы болу керек емес пе. Қане көңілімізді көтеріп бір ән салайықшы (айтуға үлгермейміз)

 

  1. Дворник атаның келуі (қар жинау ойыны)

Өз өлеңің айта кіреді

Балалармен жүргізушімен амандасады

Жүргізуші: ата, ата келгеніңіз қандай жақсы болды сіздің көмегіңіз өте қажет болып тұр, біраздан соң мерекеге аяз- ата мен ақшақар келеді ал мына жерді қарақшылар келіп бүлдіріп кеттіL

Ата: сөздерін айтып ойын ойнатады. Ойынға 2 жоғары 4 кіші сынып оқушылары қатысады.

Жүргізуші: Балаларды мадақтау, атаға рахмет айту жаңа жылды бірге қарсы алуға ұсыныды. Балаларды шеңберге тұрғызу.

  1. Гена мен Чебурашка келеді (мектепке сөмке жинау ойыны)

Музыка ойнатылып залға Гена мен Чебурашка келеді, шыршаны айналып шығады.

Ч: Гена, Гена мен мектепке барғым келеді, мен де сабақ оқығым келеді т.т.

Г: балалармен амандасып Чебурашканы таныстырады, сабаққа қалай дайындалатындары, сөмкеге не салатындары жайлы сұрайды. Ойындарын жүргізеді. (мектепке сөмке жинау ойыны) Ойынға 4 кіші сынып оқушылары қатысады.

Ж: сөмкелерде не қалғанын тексеру балаларға көрсетіп атау хормен. Қатысушыларға қошемет көрсету.

Ч: Гена, Гена мен аяз-атаны көргім келіп тұр, оосында қалайықшы, мен тақпақ жаттап келдім, өөөөтінееміін Гееенааа.

Г: оны балалардан сұрайық. Балалар, бізге сендемен қалуға рұқсатпа кішкентай Чебурашка аяз-атаны көргісі келіп тұр?

Ж: балалар, гена мен чебурашка бізбен бірге қалсын ба?

Ч: алақай, алақай аяз-ата мен ақшақар қашан келеді?

Ж: иә, балалар аяз-ата мен ақшақардың келіп қалатындай уақыттары болды, қане барлығымыз дауыстап шақырайықшы, аяз-ата, ақшақар-3рет.

  1. Аяз –ата мен ақшақар кіреді амандасады, о балалар шыршаларын жанбаптығой қане шырша жырын айтып шырша шамын жағайық
  2. Шырша әні хоровод
  3. Шыршаны жағу: шырша шамдары жанбады, ооо балалар мен сиқырлы сөзді айтуға ұмытып кеттімғой. Қане барлығымыз:

 Қызыл, сары, жасыл шам,

Шырша шамы жан-3рет

Шырша жанады

  1. Тақпақтар, муз номер
  2. Ақшақар (жұмбақ жасыру,әріптерден сөздер құрастыру)

ал, балалар енді мен сендермен бір қызықты ойын ойнағым келіп тұр, қане ортаға 5 оқушы шықсын.  Балаларға қағазға жазылған әріптер ілінеді. Мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер жауабын әріп арқылы жазасындар, келістік пе?

Ойын жүргізіледі, мадақтау.

  1. Тауықтың келуі (балапандар биі) музука ойнатылады, хабарлаусыз тауық кіреді,L ол балапандарын жоғалтып алғаны жайлы айтады.

Ж: балалар, қане тауқтың балапандарын тауып берейікші, балапандарды шақырайықшы, цып-цып-цып-цып.

Тауық балапандарын жинап алып, биін билетеді.

  1. Тақпақтар, муз номер:
  2. Белоснежка мен 7 гномдар (герлянда жасату), (гномдар биі) БалаларL, мен кіші бауырларыма әдемі шырша шынжырын әзірлеп беруге уәде беріп едім, бірақ үлгермедім, сендер маған көмектесіндерші. Мына қағаздардан шыршаға ілетін шынжыр әзірлеу керек, қане екі топқа бөлініп жарысып жасап беріңдерші.

Жарыс жүргізіледі, балалар мадақталады.

  1. Тақпақтар, муз номер:
  2. Сығандардың келуі (сыған биі) хабарлаусыз музыкамен сығандар кіріп бір айналып шығады. Төрт сыған төрт кісіге барып бал ашады. Ата-анаға, балаға, әжеге, аяз-атаға.соңында

аяз-ата: тарт қолыңды, бұл балалардың сыйлықтары, тәтті жегін келсе өнер көрсетіп алыңдар, қойыңдар алдағандарынды.

Сығандар қастарына балаларды алып билерін билеп беріп тәттіден алады да шыршада қалуларына рұқсат сұрайды.

  1. Тақпақтар хоровод
  2. Маша мен Мишаның келуі (орыс биі, алдау ойыны) хабарлаусыз музыкаға Маша жүгіріп кіріп шыршаны бір айналып, астына тығылып қалады. Оны іздеп миша кіреді. Халықты көріп амандасады. Машаны сұрайды.сол кезде маша атып шығып туки-туки миша деп айқай салып күледі.

Маша мен Мишаның сөйлесуі. Маша би билейді, қасына қыздар алып. Болған соң оны барлығы мақтайды, кампит береді.

А: ал, Маша қайтайық

М: жоооқ, тағы, тағы ойнайықшыL J

Аю: жарайт ойнасақ ойнайық деп ойын жүргізеді.

  1. Жаңа жылды шығару (Аладин, түрік биі)

Ж: балалар, ортаға жаңа жылды шақыратын уақыт келып жеткендей. Биыл қай жылды қарсы аламыз? Ендеше сахнаға назар аударайық. Аладинға  жыланды шығаруға көмектесу. Жылан шығып түрік биін билей кетеді қыздармен. Болған соң амандасады.

Жаңа жылым, жаңа жыл,

Кел төрлет кең далама.

Бақыт әкел жаңа нұр,

Шаттық сыйла әр балалға!

Балалармен ортаға шеңберге тұрады.

  1. Ән: «Жаңа жыл» Баян мен Назым хоровод
  2. Ескі жылдың қоштасуы, Аяз ата мен ақшарды шығарып салу. хоровод
  3. Соңғы ән: (балаларды сахнаға орналастыру) фейерверк!!!

 

Жаңа жыл, жаңа жылым құтты болғай,

Бақытым ұзағынан, шексіз болғай.

Балалар бейбіт елде еркін өсіп

Болашағым ертегідей жарқын болғай!!!

 

Осымен мерекеміз аяқталды, сіздерге өнер көрсеткен – бастауыш сынып мұғалідері мен оқушылааарыыыы!!!

Сау саламатта болыңыздар!!!