Жадыңда ұста, жас ұстаз

Жадыңда ұста, жас ұстаз

Ұстаздар   жасағының   жыл сайын жас мамандармен толығып,тәрбие саласының  үнемі  жасарып,   жаңғырып жататыны заңды   құбылыс.   Әдетте теориялық   білімдері мол болғанмен,олардың ұстаздық   қызметке   әбден  төселіп кеткенше педагокикалық    тәсілдері  мен әдіскерлік   тәжірибелері    кемшін   түсіп  жатады. Осыған  орай  тәрбие  саласы  ғұламаларының   іс-тәжірибесінен  жинақталған   мына   бір   топтамаларды    жариялауды   жөн   деп  т  аптық.

  1. Ұстаз шеберлігі, ұстаз аңғарымпаздығы шәкірттерінің бойындағы өзгелердің көзіне шалына  бермейтін қадір- қасиеттерді дөп басып, аша білуінде жатыр.
  2. Мектеп табалдырығын аттарда әрбір мұғалім мен бүгін шәкірттеріме не берем, ал сабақ аяқталған соң сол мақсатты орындадым ба,әлде жоқ па?-деп өзінен-өзі есеп  алуы шарт.
  3. Жасандылық пен жалғандық кімге де болса жат қылық. Ал, мұғалім үшін бұл тіптен керағар ұғым.
  4. Мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, байланыс пәк, кіршіксіз болуы шарт.Мұнысыз өзара сыйластық орнамайды.
  5. Әрбір оқушының қабілет-қарымы мен мүмкіндігіне сеніммен қарау қажет. Сенім шәкіртке қанат бітіреді.
  6. Ұстаздың тек білімдарлығы  ғана емес,кісілі мен биік адамгершілігі де шәкірт үшін мол  тағылым.
  7. Ұстаз ұлағаты  әдетте  3бірліктен тұрады.  Бұлар оның кескін-келбеті,кісілігі және  білімдарлығы.
  8. Сабақ-мұғалім мен шәкірт арасындағы үйлесімділік, үндестік және  жанды қарым-қатынас.
  9. Мұғалім үшін ең басты нәрсе  баға емес, бала болуға тиісті.
  10. Тырнақ астынан кір іздеп, баланы тұқырта беруге болмайды. Бұл оның жігерін  құм қылады. Сен мәгассың,сенен жібі түз азамат  шықпайды деген сөздерден әбден мезі болған ишәкірттен атпал азаматтың өсіп жетілуі де екі талай.
  11. Сұрақ қойғыш баланың бетін қайтармаңыз,қайта мадақтаңыз. Өйткені, қызыққыш,таңқалғыш сезімтал баладан түбі ойлы азамат шығады.Әсілі, даналықтың өзі де осы таңқалудан бастау алса керек-ті.
  12. Өз ғана пәнін жетік, терең білу мұғалім үшін жеткіліксіз.Ол сондай-ақ  өз шәкірттерінің  жан-дүниесін, қабілет-қарымын да жетік білуі керек-ақ.
  13. Әрбір балаға мейлі ол үздік, немесе орташа оқысын жеке тұлға деп қараған жөн. Оның барібір табиғттың таңғажайып құбылысы екені ақиқат.
  14. Егерде шәкіртіңіз сабаққа селсоқ болса.қызығушылық танытпаса,онда оның себебін өзіңізден іздегейсіз.Содан соң ғана шәкіртіңізден іздегейсіз.
  15. «Бала әдетте қозғалмай отыра алмайды.Оны қажытатын да осы қозғалыссыз тірлік»-деп Мағжан Жұмабаев текке айтпаған.Қарап отырсаңыз, қозғалыссыз тәрбие де, өсу де, даму да жоқ.Неге қозғала бересің,деп жекімеңіз.
  16. Оқушы кінәлі,айыпты болса да, көп алдында айыбын бетіне басып,сағын сындырмаңыз.Бәлкім, ол бұған кінәлі емес шығар.
  17. Баланы өздігінше ойлап,пайымдай білкуге баулу қажет.Өйткені,ойлай  білетін жан шын мағынасындағы адам.  (М.Жұмабаев)