ҰБТ- болашаққа жолдама

75

Қарашоқы орта мектебі

физика пәнінің мұғалімі

К.Е.Салимбаева

ҰБТ- болашаққа жолдама

Кеш қалмаңыз

Мақсаты:1.Қорытынды жасай білуге; өзара тәжірбие алмасуға;  ұлттық бірыңғай тестілеудің оқушының болашағына маңызы терең түсінік алу

  1. Оқушыларды шығармашылық пен іздемпаздыққа; сөйлеу мәдениетін дамыту;

3.Өзіндік пікір алмасуға тәрбиелеу

Типі: сыныптан тыс іс-шара

Әдісі: Жеке, топпен жұмыс

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, танымдылық ойындар

Пәнаралық байланыс: Қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика пәндері

Көрнекілігі: газет, буклеттер, формулалар, даталар, әдістемелік оқулықтар, «Шың» кітаптары, тест сұрақтары, сөзтізбектері.

Құрал-жабдықтар: компьютер

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды 2 топқа бөлу. «Жаратылыстану-математика бағыты», «Қоғамдық-гуманитарлық бағыты»

2.Әділқазылар алқасын сайлау

II.Негізгі бөлім

Жүргізуші: Адам баласы жас кезінен өмірде улкен жетістікке жетуді армандайды. Белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Біреуі математикаға, ал екеуі әдебиетке тағы сол сияқты.ҰБТ-сол баланың қабілетін дұрыс анықтап соның негізінде жүрегіне жақын пәнді таңдап болашақ мамандығына  бағыт беріп, жол салу. Олай болса, «ҰБТ-болашаққа жолдама» ой-толғауымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдына мақсат қоя білген оқушыларымызды құрметпен, өз ұрандарымен ортаға шақырайық.

  1. 1. Әр топ өз ұрандарымен ортаға шақырылады

Назира-Парасатты да бол білімді

Оқы,үйрен ілімді

Гүлдана-Өмір гүл болсын десең

Аянбай құлшынып еңбектен

Айдана-Арманым да көп, мақсатым

Биік шынға шығатын.

Арай-Ойымды да білімді жинақтаймын

Бұл әдістің маңызы зор деп тиянақтаймын.

Айдана-ҰБТ-болашаққа жолдама

Өмірдегі  үлесіңді жіберіп алма

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт.

Дидар-Білімге қаралайды

Ешнәрсені ұқпағандар

Биіктен құламайды

Биікке шықпағандар.

Мадина-Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Зарина-Сіз өмірге қарап күлімдесеңіз

Өмір сізге қарап күлімдейді.

Шынар-Озық біліп білімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

Сүйем туған тілімді..

Айдана-Білімді ел озады

Білімсіз ел тозады.

  1. Ой толғау.

3.Әр пән бойынша 10 сұрақтан 10 тест сұрақтарына жауап беру.

  1. Үй тапсырмасы.
  2. Бұл кім?

7.Жанкүйерлермен жұмыс.

III.Қорытынды бөлім.

1.Сөзтізбегі.

  1. Марапаттау.
  2. 2. Ой толғау

Жүргізуші: Әр топ оқушылары өз ой толғауларыңызыды ортаға салыңыздар!

3.Әр пән бойынша 10 сұрақтан 10 тест сұрақтарына жауап беру (уақыт 7-8 минут)

  1. Үй тапсырмасы
  2. Бұл кім?

Қазақ тілі

1.Орыс әліпбиіне негіздеп қазақ әліпбиін жасаған    (Ыбырай Алтынсарин)

2.Араб әліпбиін қазақтың тіліне ықшамдап қазақ әліпбиін жасаған   (А.Байтұрсынов)

  1. «Ана тілің арың бұл

Ұятың боп түр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте» өлең авторы     (Қ.Мырзалиев)

  1. «Сатылай комплексті талдау» технологиясының авторы (Н.Оразақынова)
  2. Орта ғасырда: «Түрік тілінің түсіндірме сөздігін» жасаған оқымысты (М.Қашғари)

Орыс тілі

1.«Соғыс пен бейбітшілік», «Анна Каренина», «Воскресенье» еңбектерін жазды     (Л.Толстой)

2.Реалистік проза тамаша поезиясымен ерекшеленеді. Басты еңбегі «Біздің замандасымыздың ерлері»    (М.Ю.Лермонтов)

  1. «Паспорт» поэмасының авторы (В.Маяковский)

4.Абай оның көптеген өлеңдерін қазақшаға аударған      (А.С.Пушкин)

5.Ш. Уалихановтың досы      (Достаевский)

Қазақ әдебиеті

1.870-950  жылдары өмір сүрген ғалым, философ, ойшыл      (Әбу Насыр Әл-Фараби)

2.Ақын, ерлікпен шайқасқан батыр    (Қасым Аманжолов)

3.Қазаөстанда тұңғыш жоғары оқу орны педагогикалық институтты 1928 жылы ашылып, оған кейін есімі берілді     (А.Құнанбаев)

4.Жаңа қалыптаса бастаған қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырып, поэзияға. Әдебиетке екпінді қарқын беруші тұлға     (С.Сейфуллин)

  1. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін меңгеріп, Ыстамбұл, Париждің кітапханалары мен архивтерінде жұмыс істеді. (Ш.Құдайбердіұлы)

Қазақстан тарихы

1.Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Шығыс Дешті Қыпшаққа. Жетісу мен Тянь-Шаньға басқыншылық мақсаттарын асқан қатігездікпен жүзеге асырды     (Әмір Темір)

2.Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын      (Қожа Ахмет Иасауи)

3.Қазақ жүздерінің құрылуы себебін жазған ғалым     (Ш.Уәлиханов)

4.Қазақ хандығында орда сарайда хан кеңесшісі  және ханзадалар тәрбиешісі қызметін атқарды  (Қадырғали Жалайыри)

  1. Шыңғысхан ұрпағы, Ресей либералдық-демократиялық көзғалысының қайраткері, бұрыңғы кадет партиясының мүшесі «Алаш» партиясының жетекшісі (Ә.Бөкейханов)

Ағылшын тілі

1.Вильгельмнің шөбересі, сот және әскери реформа жүргізді   (II Генрих)

2.Генрихтың екніші қызы (I Елизавета)

3.Күн жүйесінің құрылу сызбасын жасады     (Пьер Лаплас)

4.Өте діндар адам бола тұра жаратылыстану ғылымына ден қойды   (И.Ньютон)

5.1979 жылы сайлауда жеңсіке жетуден бұрын консервативтік партия дағдарыстан шығудың «Дұрыс жол» атты бағдарламысын жасап, партияның жаңа басшысы етіп сайланды  (М.Тэтчер)

Химия

1.Зат массасы сақталу заңын ашқан (М.В.Ломоносов)

2.Периодтық заңды ашқан ғалым       (Д.И.Менделеев)

3.Құрам тұрақтылық заңын ашқан   (Ж.Пруст)

4.Органикалық заттардың құрылыс теориясын ұсынған     (А.М.Бутлеров)

5.Нобель сыйлығының иегері, тізбекті реакциямен катализ және химиялық үрдістер заңын ашқан (Н.Н.Семенов)

Физика

1.Әлемдік тартылыс заңы. Гравитация мен инерция заңдылыөтарын сипаттайды    (И.Ньютон)

2.Барлық атомдардың құрамында ядро бар екенін дәлелдеді (Резерфорд)

3.Реактивті двигательдің ғарыш кемесін идеясын ұсынды    (Циолковский)

4.Радиобайланысты ойлап тапты    (Попов)

  1. Тұрақты қысымды газдың берілген массасы көлемінің температураға сызықты тәуелді болатынын тағайындаған (Гей Люссак)

Математика

1.Математикаға ауыспалы шамалар ілімін енгізді      (Декарт)

2.Дифференциялдық және интегралдық есептеу амалын ашқан   (Лейбниц)

  1. Евклитттік емес геометрияны құрды (Лобачевский)

4.Математика мектебінің негізін қалады   (Чебышев)

  1. Грек ғалымы (Пифагор)

Биология

1.«Барлық тіршілік жұмыртқадан» деген қағида қалаптастырды     (В.Гарвий)

2.Түрге жүйелік (систематикалық) бірлік ретінде анықтама берді    (Д.Рей)

3.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологті қатарлары заңы қалыптасты     (Н.Вавилов)

  1. «Ми рефлекстері» атты еңбегінде адамның саналы және санасыз іс-әрекеттерінің рефлекстік табиғатын негіздеді (И.М.Сеченов)

5.1922 жылы «Адам анатомиясы мен физиологиясы» деген оқулығын жарыққа шығарды   (Досмұхамедов)

География

1.Күн жүйесі шаң тұманнан пайда болады       (Кант)

  1. Филиппин, Индонезияны зерттеді (Н.Н.Миклухо-Маклай)

3.Гоби шөлін, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауын зерттеді     (Н.М.Прежевальский)

4.119-1821 жылдары «Восток» және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс ғалымдары. 1920 жылдың 28 қаңтары Антрактиданың ашылған күні болып табылды   (Ф.Ф.Беллипсгаузел, М.П.Лазарев)

  1. 1946 жылы маусымда Қазақ КСР ғылыми Академиясы құрылды. Тұңғыш президенті (Қ.Сәтбаев)

6.Жанкүйерлерге сұрақ

1.Бөлмеде 4 бұрыш бар әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап 3 мысық отыр (4)

  1. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды? (2)

3.Дүниежүзілік ғалымдарға математикадан басқа ғылым салаларында қол жеткізген жетістіктері үшін берілетін сыйлықтың аты?    (Нобель)

  1. 188 санын екіге қалай бөлгенде 100 сандарын алуға болады (Жауап ортасынан бүктеу керек)
  2. Кемпір қалаға келе жатып қаладан шығып келе ждатқан аттары бар үш жігітті кездестірді, әрбіреуінің жанында бір тазыдан байлаулы. Неше тірі жан қалаға бара жатыр?(Жалғыз кемпір ғана)
  3. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы. Кез келген қиын сұрағыңды бүкіл ел болып тіпті дүниежүзі болып шешуге көмектеседі . Осының бәрі ненің көмегімен жүзеге асырылады (интернет)

III.Қорытынды бөлім

1.Сөзтізбегі

Мектеп, білім, кітап, қоңырау, ұстаз ғылым,кітапхана, сынып, сабақ, оқу

  1. Марапаттау

Жүргізуші: Білім алып, іздену ешқашан да кеш емес!

Іздемпаздықпен кешке қатысуларыңыз да-бос емес!