Екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту дағдыларын пысықтау

27

Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды ауызша қосу  және азайту дағдыларын пысықтау.

Мақсаты: оқушылардың екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту дағдыларын бекіту;

логикалық ойлау қабілетін дамыту;

пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Мейірімділік,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: есептеу материалдары, құстар суреттері.

Сабақ түрі: ойын-ертегі сабақ.

Барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Терең ғылым сананың

Тегі деп ой салатын

Өте жақсы оқимыз,

Математика сабағын.

 

ІІ. Сандарды ондыққа және бірлікке жіктеу:

34= 30+4                     41=

27=                              58=

86=                              92=

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ертегі: Ертеде орманда кәрі емен өмір сүріпті. Бірақ, күннен күнге әлсіреп, жапырақтары сарғайып, ауыра бастады.

  • Мен аурумын, кім мені емдейді деп қатты уайымдады.

Оған қарлығаш көмекке келді.

Ағаштың ауруын емдейтін дәрі іздеп қарлығашпен бірге бізде жолға шығайық.

Сыныпта.

51 санын жазу . Неше таңбалы сан? Неше ондық, неше бірлік?

51-1 азайтқыш

51-50 азайтқыш

50+1=?

1+50=?

 

  1. Қарлығаш үкіге жолығады.

-Кешір баурым, бірақ мен күндіз көрмеймін ғой, сондықтан, емдей алмаймын,- деді үкі.

Қане біз көмектесейік.

№ 2 .Тап. (1,3 –тақтада орындайық)

45 + 30 =75                       47 – 7 =40

96 – 60 =36                       25 – 20 =5

38 + 11 =49                       33 + 22 =55

77 + 22 =99                       88 – 8 = 80

 

  1. Қарлығаш ұшып, Бұлбұлға келді:

Бұлбұл:

  • Менің өз кәсібім бар ғой, мен ән саламын, ормандағы аңдар сүйіп тыңдайды, менің қолымнан келмейді,- дейді.

Кәне, біз көмектесейік.

 

№3. Есеп. Талдау, шығару.

Көк – 30б.

Қызыл- 12б.               ?

Жасыл -13 б.

Шешуі: 30+ 12 + 13 = 55 бет.

Ж: барлығы 55 бет

  1. Қарлығаш ұшып аққуға келеді.

Аққу:

  • Мен қасиетті құспын, мен құстарға ақыл айтамын. Саған да бір ақыл айтайын. Соны тыңда.

Қане біз аққудың ақылын тыңдайық.

Құс ұясын бұзба!

Аққуды атпа!

Жалғыз ағашты шаппа!

Көк шөпті жұлма!- дейді.

Шаршаған қарлығаш орманда бір құсқа келіп жолығады. Ол ағашты тұмсығымен ұрып, тоқылдатып отыр екен.

Ол қай құс? (Тоқылдақ)

Тоқылдақты біз не дейміз? (Орман емшісі).

Тоқылдаққа көмектесіп тік төртбұрыш сызайық.

Р-?                                                                               3см

3см + 2см + 3 см +2 см = 10 cм

Р- дегеніміз не?                                                                                 2см

 

Сергіту сәті:

VIІ. Барлығымыз тоқылдақ әнін орындайық.

Орманның біз емшісіміз

Тоқ, тоқ, тоқ.

Құрт  біткенді жоқ етеміз

Жоқ, жоқ, жоқ.

 

VIІІ. Құстар ағашты емдеп жазды. Ағаш қайтадан жапырағы жайқалып өсті. Біз де қарлығашқа көмектескен оқушыларға гүл сыйлайық, табиғатты осылай сүю керек.

Сабақты қорытындылау.

 

Үйге: №4, №6

Бағалау