Математика еліне саяхат

74

Сабақтың тақырыбы:        Математика еліне саяхат

Сабақтың мақсаты:           

Білімділік:                                     Математика еліне саяхат арқылы оқушылардың

өтілген материалдарды қалай меңгергенін анықтау, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету.

 

Дамытушылық:                            Жазбаша және ауызша есептеу қабілеттерін

дамыту, танымдылық қабілеттерін арттыру.

 

Тәрбиелілік:                         Белсенділікке, ұйымшылдыққа,

ізденімпаздылыққа, шапшандыққа үйрету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

 

Сабақтың әдісі:                    Сұрақ-жауап

 

Сабақтың түрі:                    Сайыс сабақ

 

Сабақтың көрнекілігі:       Плакаттар, жұмбақтар, үлестірмелі қима

қағаздар

 

Пәнаралық байланысы:    Дүниетану, орыс тілі

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі:    

  1. Оқушыларға психологиялық даярлық жасау

 

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым бізге үйір болады,

Досың олар, табылатын қасыңнан.

 

Ендеше балалар, біз бүгін өтілген сабақтарды екі топқа бөліп, сайыс түрінде математика еліне саяхат жасап шығамыз.

 

Топтың атауы:      1. Тапқырлар

  1.         Алғырлар

 

Біздің ұранымыз: Мақсатымыз білім алу, міндетіміз еңбектену!

 

Сайыс 5 бөлімнен тұрады:

  1. Ұшқыр ой
  2. Тіл, өнер сайысы
  3. Бәйге
  4. Кім жылдам?
  5. Ойлан, тап!
  6. Ұшқыр ой /әр топқа 10 сұрақ/
  7. 1 метрде неше сантиметр бар? /100 см/
  8. Әріпті өрнек дегеніміз не? /белгісіз санды табу/
  9. 8 квадраты нешеге тең? /64/
  10. Сәуле дегеніміз не? /бір нүктеден таралған түзу сызық/
  11. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

/енін ұзындығына көбейтеміз/

  1. Шаршы дегеніміз не? /барлық қабырғалары тең төртбұрыш/
  2. Кез-келген санды 0-ге көбейтсек не шығады? /0-дің өзі шығады/
  3. 9х7 өрнегі неге тең /63/
  4. 1 ғасырда неше жыл бар? /100 жыл/
  5. Ең үлкен үш таңбалы саң /999/

 

  1. 1 тоннада неше килограмм бар? /1000 кг./
  2. 9 квадраты нешеге тең? /81/
  3. Тік төртбұрыш дегеніміз не?

/қарама-қарсы қабырғалары тең тіктөртбұрыш/

  1. Шаршының периметрін қалай табамыз? /төрт қабырғасын қосамыз/
  2. Кез-келген санға 0-ді қоссақ не шығады /санның өзі шығады/
  3. 9х8 өрнегі неге тең /72/
  4. 1 тәулікте неше сағат бар? /24 сағат/
  5. Ең кіші үш таңбалы сан /100/
  6. Санды өрнек дегеніміз не? /белгілі санды табу/
  7. Кесінді дегеніміз не? /басы мен аяғы болатын белгілі өлшем/

 

  1. Тіл, өнер сайысы /жұмбақ/

Құрамында сан есімі бар жұмбақ шешуі қазақ және орыс тілінде айтылады.

 

  1. Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.                                         /Киіз үй — Юрта/

 

  1. Қос құлақты жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті.                                /Ара — Пила/

 

  1. Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнында бізді алға көшірді.      /Сынып — Класс/

 

  1. Сақталады алты ай жаз,

Сандығымда сары аяз.                       /Тоңазытқыш — Холодильник/

 

  1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.                                       /Қоян — Заяц/

 

 

  1. Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап зыр жүгіре береді. /Доп – Мяч/

 

  1. Ағайынды бес туыс жамылатын тоны бар,

Бесеуінде бес қуыс сырттан кірер жолы бар. /Қолғап — Перчатки/

 

  1. Кіп-кішкентай екі көз,

Қалай көреді өзі?

Қолы екен ұзын мұрны,

Сол мұрнымен,

Тамақ тауып жүреді өзі,                              /Піл — Слон/

 

  1. Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар                             /Сіріңке — Спички/

 

  1. Болса да көкте мекені,

Кездеспейді екеуі.                                         /Ай, күн  — Луна, солнце/

 

 

  1. Бәйге /әр ұяшықты таңдау/

 

10     Ұзындығы 9 см ені 7 см

тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?           63 см2/

 

20     Бір тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге тең?                           /4/

 

30     Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар,

осындай 10 ыдыста неше кг бал бар?              /50/

 

40     682 санында неше ондық бар?                         /8 ондық бар/

 

50     Сағатына 90 км жол жүретін машина

5 сағатта неше км жүреді?                                /450 км/

 

60     Қабырғасы 4 см шаршының ауданын тап?     /16 см2/

 

  1. Кім жылдам? /жазбаша есептер/

 

  1. Велосипедші 34 км жүруі тиіс, ол сағатына 14 км жылдамдықпен 2 сағат жүрді. Ол тағы қанша жол жүруі тиіс?      /6 км/

 

  1. Екі ауылдан бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы шыққан екі салт атты 3 сағаттан кейін кездесті, біріншінің жылдамдығы 12 км сағат, екіншінің жылдамдығы 15 км сағат, екі ауылдың ара қашықтығын тап?                                                    /81 км/
  2. (252+684):3                                                           /312/

 

  1. (600+5)х3 /1815/

 

  1. Ойлаған санды 50 бөлгенде 60 шықты, ойлаған санды тап?

/300/

 

  1. Ойлаған санды 45 есе кеміткенде 9-ға тең болды, ойлаған санды тап? /405/

 

  1. Ойлан, тап! /логикалық есептер/

 

  1. 1 кг мақта ауыр ма?, 1 кг мыс ауыр ма? /тең/

 

  1. 2 адам тоғызқұмалақ ойынын 2 сағат ойнады, әрқайсысы неше сағат ойнады?                    /2 сағаттан ойнады/

 

  1. 4 жұмыртқа 4 минутта қайнады, бір жұмыртқа неше минутта қайнайды? /4 минут/

 

  1. Жанұяда екі қыздың бес-бесеуден ағасы бар, жанұяда неше бала?

/7 бала/

 

  1. Түнгі сағат 1000-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? /жоқ/

 

 

ІІ. Сабақты бекіту:

Қаншаға лайық әркімде,

Білім барын байқадық.

Тез, дұрыс шығару еркінде,

Дәл бағалап айталық.

 

Әр оқушы біліміне,

Тиесілі баға алар.

Еңбектенген ерінбестен,

Ой, қиял, сана толар.

 

ІІІ. Сабақты қорытындылау:

     Әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытынды шығару.