Болымды және болымсыз етістік

38

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы , Көктерек ауылы

Б.Жәнекешов атындағы орта жалпы білім беретін «Көктерек» бастауыш мектебі

Кадешова Клара Утепкалиевна Бастауыш сынып пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты:

  1. болымды, болымсыз етістік жайлы толық мағлұмат беріп, болымсыз етістіктің қалай жасалатынын түсіндіру.
  2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
  3. Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту. Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат, семантикалық карта.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық сәт

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі
  • Әрине, көктем
  • Көктем мезгілінде қызғалдақтар жайқалып, табиғат әсем күйге енеді. Олай болса, бүгінгі сабағымызды сіздерді қызғалдақ гүлімен бағалаймын.
  • Балалар, көктем мезгілінде барлық құстар ұшып келеді. Ендеше, құстардың аттарын таба отырып, өткен сабақты еске түсірейік.
  1. Суда жүзетін құс             (үйрек)
  2. Үй құсы               (тауық)
  3. Бейбітшілік құсы (көгершін)
  4. Ең үлкен ұшпайтын құс (түйеқұс)
  5. Ұзын сирақты құс        (тырна)
  6. 3 әріптен тұратын құс (шіл)
  7. Өз атын өзі щақыратын құс (қөкек)

 

— Балалар етістік дегеніміз не? Мысалы келтір

 

      Құрамына қарай                                 Тұлғасына қарай                           Мағынасына қарай

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау.

Бүгінгі сабағымызда болымды, болымсыз етістіктерге байланысты жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

1-жаттығу. Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жаз.

Болымды етістіктің астын бір сызықпен, болымсыз етістіктің астын екі сызықпен сыз.

Аппақ бала, ақ бала

Салақтарды жақтама

Мұнтаздай боп жүреді

Ұқыптылар тек қана

2-жаттығу. Сөйлемдегі болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып жаз:

  1. Асан иттен қорыққанын білдірмеді. 2. Мақсат есікі қаққан адамға ашпады.
  2. Барлық құстардың тіршілігі бірдей болмайды. 4. Асқар үш досының да пікірін

тыңдамады. 5. Бүгін кешегідей жаңбыр жаумады.

 

  1. Сергіту сәті.
  2. Сыңарыңды тап ойыны

 

 

Етістіктерді сөз құрамына талда

5-жаттығу. Адасқан сөздердің орнын тауып, өлеңді көшіріп жаз.

Ақ тайлақ

Бала біткен тулайды,                                        Бала біткен шулайды,

Тайлақ үркіп шулайды.                                    Тайлақ үркіп тулайды

«Шөк!» дегенді шықпайды,                             «Шөк!» дегенді ұқпайды,

Үй маңынан ұқпайды,                                     Үй маңынан шықпайды,

 

VI Семантикалық картамен жұмыс

 

Мысал-дары Дара етістік Күрделі етістік Негізгі етістік Туынды етістік Болымды етістік Болымсыз етістік
Келді + + +
Келе жатыр + + +
Шашпа + + +
Ойнама + + +
Оқып отыр + + +

 

VII Жинаған қызғалдақтарының санына байланысты оқушыларды бағалау.

 

VII Үйге тапсырма беру.