Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы

181

Астан қаласы

№ 71 мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Абайдильдина Ж.Н.

 

Математика

Күні: 2.12.2014 жыл

4 «Б» сынып

Ашық сабақ

Тақырыбы: Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Бөлшектер және үлестермен таныстыру. Олардың жазылуын үйрету. Санның бөлігін табуды қарастыру.

Дамытушылық:

Сонымен қатар қозғалысқа байланысты есептер шығару жолын пысықтау. Күрделі теңдеулердің шығару жолын қайталап, ережелерді пайдалануды, амалдардың  орындау ретін қайталау. Логикалық, абстрактылық  ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Бірлік пен татулық қасиеттерін тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Типі: дәстүрден тыс, ойын

Әдісі: талдау, дәлелдеу, сұрақ-жауап, критикалы ойлау «Детонат графы»

Көрнекілік: оқу құралдары, интерактивті тақта, плакаттар

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезең. Психологиялық дайындық

2.Мақсатымен таныстыру: Бүгінгі сабағымызда   бөлшектер және үлестермен танысамыз. Олардың жазылуын үйренеміз.

Сабағымыз ойын түрінде өтеді. Әр тапсырмаға 10 ұпайдан беріледі, егер толық жауап берілсе  10 ұпайды толық аласыңдар, ал жауап толық берілмесе,  қарсылас командалар  толықтыратын болса  әр толықтыруға  1 ұпайдан алынады.

Ендеше, балалар іске сәт, Ойынымызды бастаймыз ба?

-Сәттілік шеңберін құру

1.Өткенді пысықтау ережелерді еске түсіру, сандарды таңдау арқылы  сұрақтарға жауап беру. Ұяшықтарды таңдау арқылы

2.Дәптермен жұмыс

-көркем жазу (бөлшектің жазылуын көріп жазу)

-арифметикалық диктант, уақытпен есептеу

15:3         600:3      615:3

350:7       14:7         364:7

250: 5     275: 5     312: 4

-тексеру

5, 50, 50, 200,2, 55, 205,52, 78

  1. Жаңа сабақ

-оқулықтан ережені оқыту, түсініктерін  критикалық әдіс арқылы  плакаттқа  талдау

 

Не білдік? Не тұсіндік? Кластер құрастыру арқылы, түсінгендерін жазу.

 

-Мұғалімнің түсіндіруі /слайдтар арқылы/  көрсету арқылы

 

 

3

16

1

6

 Жаңа сабақты пысықтау:

Көрнекіліктерден    бөлшектерді   анықтау оларды  жазу

106 бет № 1

Оқулықпен жұмыс —  есептерге    өрнектер құрастыру, ережелерді пысықтау № 2 – бұл тапсырманың әр нұсқасына  10 ұпайдан беріледі

Шартты есеп шығару плакаттқа талдау, кластер құрастыру арқылы

Тәрбиелік уақыт:

Атақты Қазақстан велошабандозы, спортсмен әлем чемпионы В.Винокуров.

Спортпен айналысудың қандай пайдасы бар?

 

№ 4 107 бет

Велосипедші

S= 90 км

 

 

Шықты                                            шықты

U1 = 13 км/сағ         Uжақындау = ?                 U2=  17 км/сағ

Жүрді                                      жүрді

t= ? сағ

Ш:   90 : (13+17) = 3 cағаттан кейін кездесті.

Жауабы:

 

 

Сергіту кезең: Интерактивті тақтадан -би

Есептің  келесі тапсырмасы

Есепті «Детонат графы» әдісі бойынша талдау

Велосипедші

S= ? км

 

 

Шықты                     11.00                        шықты

 

U1 = 14 км/сағ         Uжақындау = ?                   U2=  4 км/сағ

Жүрді                                      жүрді

Кездесті 13.00 де

t= ? сағ

 

Ш: 1 тәсіл: 13-11 = 2 сағ жүрді әрқайсысы

14+4 * 2 = 36  км станса мен ауыл арақашықтығы

Осы есепті басқа тәсілмен шығарған топқа 10 ұпай.

2 тәсіл:  13-11 =2 сағ            14*4= 28км     4*2= 8 км   28+8= 36км

Тақтаға шығарту.

Келесі тапсырма    10  ұпайдан әр теңдеуге теңдеу шығару

Сөйлемді жалғастыр

Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? Белгісіз бөлгішті табу үшін…..

Белгісіз көбейткіштің табу жолы?…..

Есепті  шығаруда қандай ережелер еске түсті? Ұпайларын айтып кету

Теңдеулерді шығару

Амалдардың орындалу реті    —    кері  өрнек    —    Белгісіз санды табу

 

(х+3) * 5 = 6825     5859 : 7 + х =10 989    6* х + 908= 4052    34:х +1257=  1259

Х+3  =6825 : 5         837+х  =10989             6*х  =3144               34:х=  2

Х+3 =1365                х  =10989-837             х =3144: 6                   х = 34: 2

Х  =1362                    х =10152                        х=524                        х= 17

Тізбек бойынша тадау

Сабақты пысықтау:

5 сұрақ ойыны, қай топ дұрыс жауап береді, әр сұрақ 10 ұпайдан

плакаттқа

  1. Бөлшек арқылы жазу

 

 

  1. 1 сағаттың ¼  бөлігі
  2. Шеңбердің радиусы 12 см тең болса диаметрі нешеге тең?
  3. 3 сағатта 25 км/сағ жылдамдықпен неше километр жүреді
  4. 93 — 500  нешеге тең

ТЕКСЕРУ:2  ,    15 мин,   24 см,   75 км,  229

4

Қорытындылау: Ұпайларды санап, оқушыларды бағалау. Ұяшықтарды таңдап ашу.

Бөлшектер қалай жазылады,

Үлес дегеніміз не?

Алымы деген не?

Бөлімі деген не?

Санның бөлігін қалай табамыз?

Үй тапсырмасы: № 7 №8  107 бет

 

Рецензия: /қысқа/

Сабақты талдау:

Сабақтың басты мақсаты оқушыларға   « Бөлшек пен үлес»  туралы түсінік беру, оларды жазып, бөлшектерді оқытып үйрету. Бөлімі мен алымын ажырата білуді үйрету.

Сабақ  мақсаты орындалды. Оқушылар тақырыпты жақсы меңгерді.

Сабақта балалар жақсы қатысып, өз ойларын толық айтып, дәлелдеп отырды.