Б.Майлин. «Күлпаш»

90

Сабақтың тақырыбы : Б.Майлин. «Күлпаш»

Сабақтың мақсаты : 1.Білімділік :Мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыны жүйелі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге баулу.

Мәтіндегі  түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.

  1. Дамытушылық : Оқушылардың логикалық ойлауын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын байыту.
  2. Тәрбиелік :Шыдамды,төзімді болуға,өз елін,Отанын жерін танып,сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі : Дәстүрлі сабақ.

Әдісі : ой қозғау,әңгімелеу, Венн диаграммасы, топпен жұмыс,сұрақ-жауап.

 

Көрнекілігі : Б.Майлиннің суреті,сөзжұмбақ,тақырыптық суреттер,интерактивті тақта, сигнал таяқшалар.

 

Сабақтың  барысы :   І. Ұйымдастыру бөлімі.Қызығушылықтарын ояту. (1-слайд.)

                   Қайырлы күн, қонақтар,

                  Қайырлы күн ,балалар.

                  Бейсенбі күн сәттілікке толсын.

                  Бүгінгі ашық сабақта,

                  Менің балаларымның бағасы,

                  Кілең бестік болсын !-деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

                 

 ІІ. Уй тапсырмасын сұрау.

Мәтін мазмұны( әр бөлікті бір оқушыдан сұрау )

               (2-слайд)

Сұрақтар беру арқылы пысықтау :

  1. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам ?
  2. Түрмеде оған қандай айып тағылды ?
  3. Тоқаштың анасының есімі кім ?
  4. Ол анасымен не жайында сөйлесті ?
  5. Мәтіннен Тоқаш пен анасы арасындағыболған әңгімені тауып оқы.

 

-Балалар ,осы оқып отырған тарау қалай аталады ? (Ата –бабам тарихы-менің тарихым)

 

-Кімдер туралы таныстық ?

-Олар не үшін  күресті ?

-Сол кездегі халықтың тұрмысы қандай еді ?

 

ІІІ. Жаңа білімді игеру.

     (3-слайд )        Сөзжұмбақ

  1. Патша үкіметінің әмірін мойындағысы келмеген хан ?(Кенесары)
  2. Кемедей кешіп комбайн,

Алтын дария егінді –деген өлең жолдары жылдың қай мезгілін  суреттеп тұр ? (күз)

 

  1. Езілген қазақ елінің,

Бағы үшін туған ер.

Қалың қазақ елінің

Кегін қанмен жуған ер. Ол кім ?       (Амангелді.)

  1. Суық жерде кездесетін қандай құс ? (пингвин )
  2. Бұқар жыраудың «Жау тигенде жарағым,

                                      Алыстан асып,дау келсе,

                                       Түрулі тұрған құлағым»дейтін жыр жолдары кімге арналған?  (Қабанбай )

 

  1. «Бостандық таңы атты» деген өлеңнің авторы кім ?

                                 (Шәкәрім )

 

                               К Е Н Е С А Р Ы

                            К Ү З

             А М А Н Г Е Л Д І

                                    П И Н Г В И Н

                          Қ А Б А Н Б А Й

                                     Ш Ә К Ә Р І М                    

   

               

 

 

 

Біз бүгін  Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» деген әңгімесімен танысамыз.

                     (4-слайд)

  Бейімбет Майлин –қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында туған.Бір жасқа толмай жатып әкесінен,алтыға шығарда анасынан айрылған.1911-1915 ж. Уфадағы «Ғалия »медресесінде оқып білім алған.Бейімбет -әңгіме жанрының шебері,әрі ақын.»Садақ»қолжазба журналының белсенді авторы. «Шұғаның белгісі» , «Раушан –коммунист»  деген шығармалары бар.

 

Бұл әңгімеде  кедей отбасының ауыр тұрмысы сөз етіледі.Әңгімедегі негізгі кейіпкер- Күлпаш.

 

(5-слайд )  «Біліп жүр.»

    1930-1932 жылдары Қазақстан халқының саны алты милионнан асқан болса,соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды.

 

 (  6-слайд)   Мәтін  суреті

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.

Балалар, ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған

-Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді ?

-Бәрі де шықпа жаным,шықпа деп отырған секілді ? дегенді қалай түсінесіңдер ?

-Мақтым мен Күлпаш неге жылады ?  Олардың тұрмыс жағдайы сендерге қалай әсер етті ?

 

 (7-слайд )Сөздік жұмысы

           Өрім-өрім –тозған,жыртылған.

           Бөкебай-басқа жамылатын шәлі.

           Ызғырық –суық жел

           Өлмелі кедей -өте кедей.

 

ІУ.Оқулықпен жұмыс

           Мәтінді оқыту.

 

У. Топтық тапсырма 8-слайд.

1-топ. Қали мен қазіргі балалардың өмірін салыстыру.

           Венн диаграммасы.

             Қали                  Қазіргі бала

 

 

 

 

2-топ. Байлық.Кедейлік.Мұқтаждық.   Мақал-мәтел ойлап айту.

 

3-топ. Мәтіннен Күлпаштың сыртқы кескін-келбеті суреттелген тұсты тауып оқу.

 

 УІ.     9-слайд. Тест тапсырмалары. Сигнал таяқшаларын көтеру арқылы өтіледі.

  1. «…..-өшпес жарық,кетпес байлық»

     Байлық

     Даналық

     Өнер

  1. «Бүгіннен бастап сен де менің шәкіртімсің» деген кім ?

      Мүсілім

       Бекен

       Ахметден

  1. М.Гумеров. «Күмән» -«Сонымен,сынып терезесін сындырған кім ?»

  Боранбай

  Рахила

  Дәуіт

  1. «Талаптан да,білім мен өнер уйрен» деп өсиет қалдырған кім

Абай

Шәкәрім

Ыбырай

  1. «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын жазған кім ?

И.Бази

Р.Василек

И.Крылов

 

  1. «Қарағым,жылыт,тамақ бер» деген ненің сөзі ?

Құмырсқаның

       Шегірткенің

       Баланың

  1. Т.Жароков «Ауыл күзі» : Алма піскен ……..

        Қызарып

        Уылжып

        Албырап

  1. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді ?

М.Мақатаев «Үш бақытым»

С.Сейфуллин «Туған ел»

Д.Әбілов  «Туған тілім»

 

УІІ.Сабақты қорытындылау.

УІІІ. Уйге тапсырма: Әңгімені оқып,мазмұнын айту.

ІХ.  Бағалау