Көктем. Көктемгі табиғат

85

Көктем.
Көктемгі табиғат

Білімділік: Оқушылардың көктем табиғаты  туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Көктем табиғатын түсіндіру арқылы өлі табиғат пен тірі табиғат байланысы туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа материалды үйрету ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, бақылау, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, бейнелеу, экология .

Сабақтың өтілетін орны: мультимедиялық кабинет.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, электрондық оқулық, музыка әуені.

Қолдану технологиясы: дамыта оқыту.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  2. Психологиялық дайындық.

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды!

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы-«5»-ке қол жеткізу.

 

Мұғалім сөзі:

Жаны сұлу,

Жүрегі жылы,

Білімді де, қажырлы

Азамат болып өсіңдер!

ІІ Бағдарлау-мотивациялық кезең.( Оқушылардың қызығушылығын ояту)

Суретті сәйкестендір. (суреттен көктем мезгілі шығады)

-Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «көктемгі табиғат» туралы өз ойларымызды ортаға саламыз.

ІІІ Операциялық- орындаушылық кезең.

  1. Қанша жыл мезгілі бар?
  2. Осы жыл мезгілдерін ретімен қойып орналастыр. (электрондық оқулық)
  3. «Қызық мәлімет».

Музыка  әуенін тыңдай  отырып  ,іштей табиғатпен  сырласып  көрейік .Не сезінгендеріңді, байқағандарыңды ойларыңа  түйіп отырыңдар.

Оқушы жауабы:

  • Көктемгі табиғат қуанып тұр.
  • Шуақты күн бізді шаттандырды.
  • Құстардың көңілді сайраған дауысы естіледі.
  • Ағаштар бір- бірімен сөйлескендей болды.
  • Малдардың тойынғанын көрдім.

Сұрақ:

-Қалай ойлайсыңдар, қысқы ұйқысынан оянған табиғаттың жылы шырайы жер бетін өзгертті ме?

-Қалай өзгертті?

  • Қыс бойы ақ көрпеге оранған жер беті,енді жасыл кілемдей құлпыра бастайды.
  • Күн нұры жер –дүниені қыздыра бастайды.

Басқа жеміс ағаштары гүлдейді. Айнала тегіс хош иіске бөленеді. Орман жапырақтары жаппай бүршік атып,аз күннің ішінде жасыл желек жамылады.

-Балалар, бізді қоршаған әлем қандай көркем.!

Өсімдіктер жарық жылу, ауа және суғакенеледі. Осы жерден байқап қарасаңдар, өлі табиғат заттарының  адамға қаншалықты қажет екенін осыдан көруге болады.

Табиғат – адам баласы үшін аяулы ана.  Ол перзент үшін шуағын  да, шапағатын да,  байлығын да аямайды. Біздер табиғаттың перзентіміз.

  • Балалар, табиғатты қорғау дегеніміз не?
  • Бүгінгі табиғат қандай деп ойлайсыңдар?

Табиғатты қорғау азаматтық парызымыз.

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты қорғаймыз

Жаман бала болмаймыз.

  1. Оқулықпен жұмыс

А) Суретке «Көктем», «Қардың еруі», «Көктем келді», «Сең жүру», тақырыптарының  бірін таңда.

Ә) Мәтінді оқу

Б)Сұрақтар мен  тапсырмаларға жауап алу.

— Көктемгі ауа райының қысқы ауа райынан қандай айырмашылығы бар?

Венн диаграмасы

-Көктемде  табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Көктемнің алғашқы гүлдерін ата.

— Сурет бойынша әңгіме құрастыр «Сең жүру».

— Өз жеріңде болған  өзгерісті суреттегі көрініспен салыстыр.

  1. Сергіту сәті.
  2. Дәптермен жұмыс
  3. Түс кезіндегі күннің суретін сал.
  4. Ол жылдың қай мезгілінде жоғары тұратынын есіңе түсір.
  5. Қысқы және көктемгі табиғат көрінісін боя.
  6. Ұйқасын тап. (шығармашылық жұмыс)
  7. Тұмысығымен шымшып

Құрт тереді…………………

  1. Үні ғажап дүлдүл

Бақта сайрар…….

  1. – Көктемде қандай табиғат құбылыстары болады?

Қандай жаңбыр түрлерін білесіңдер?

«Ақ жаңбыр»  мысалын тыңдату.

ІV Тест

  • Қай шартты белгі «ашық » күнді білдіреді?

А)                                                           Ә)

  1. Мына шартты белгі нені білдіреді?

А) Бұлтты                                             Ә) ашық

  1. Нөсер жаңбыр деп нені айтамыз?

А) Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.       Ә)Бұршақ жауады

  1. Қар қай мезгілде жауады?

А) қыста                                                    Ә) жазда

  1. Қай мезгілде күн ұзақ?

А) қыста                                                    Ә) жазда

  1. Көктемнен кейін қай мезгіл келеді?

А) қыс                                                    Ә) жаз

  1. Қай мезгілде қар еріп, сай-саладан су ағады?

А) Көктемде                                               Ә) Күзде

  1. Жыл мезгілінің ауысу ретін көрсет?

А) қыс, көктем,жаз, күз                              Ә) қыс,жаз, көктем ,күз

  1. Қай мезгілде түнге қарағанда күн қысқа?

А) қыста                                                  Ә) жазда

  1. Мына шартты белгі нені білдіреді? t

А) температураның көтерілуін               Ә) температураның төмендеуін.

V Түзету.                           Жауаптары:

1-2 қате –«5»           1. А                        6. Ә

3-4 қате – «4»          2. А                         7. А

5-6 қате – «3»          3. Ә                         8. А

7-10 қате- «2»           4. А                        9. А

  1. Ә                       10. Ә

VІ Үй тапсырмасы жайлы мәлімет беру кезеңі.

  1. Мәтінді оқу, мазмұндау.

VІІ  Қорыту

VІІІ Рефлекция кезеңі.