Білім басы — Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Білім басы — Әліппе

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың 4 ай бойы алған білімдерін тиянақтау, қызығушылықтарын

арттыру, ата – аналарға өнерлерін көрсету.

Дамытушылық мақсаты: Ана –тілі оқулығымен таныстыру, ақыл ойын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалыққа, туған елін сүюге тәрбиелеу,

эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі:         Дәстүрлі емес. Мереке сабақ..

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, саз.

Сабақтың әдісі:        Аралас сабақ, ойын түрде, топтық, жеке жұмыстар.

Техникалық құралдар:Қанатты сөздер жазылған  плакаттар,шарлар, гүлдер, комьютер,

интерактивті тақта, тақырыпқа сай слайдтар.

Сабақтың барысы:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата- ана, ұстаздар, оқушылар!

«Білім басы — Әліппе» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Болашаққа  жол бастап,

Әліппең келді ортаға.

Балалар, сендер үш ай бойы  нені оқыдыңдар менен нені үйрендіңдер?

Әліппе, балалар өзің туралы өлең, тақпақ үйренді және қандай нәтижеге жетті соны тыңдаңыз.

Әліппе: Жарайды, тыңдайық.

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпті

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны «Әліппе»

Мынау менің Әліппем

Көгілдір туым түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай

Қымбатты маған кісідей

Іші толған әріпке

Жақсы кітап Әліппе

Әліппені аламыз.

Мектепке біз барамыз.

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Ортаға әріптер шығады.

Ата зейін салдың ба?

Бар әріптің алдында

Неліктен «а» тұрады,

Деп бір күні сұрадым.

Атам менің сауцатты,

Былай берді жауапты.

Ата, ана, ақыл, ар, адам,

А – дан басталар.

Содан шығар, құрбаным,

«А» ның алда тұрғаны!

Айбек  Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе!

 

 

 

Алинұр: Ең алғаш Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерге.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Альфия: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат ашып тойладық..

Сәуле: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата – ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Жәнібек: Үйретіп алғаш  бізге Әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берд.

Адамның ой – арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Ән:  «Мұғалім ол біздің»

Мұғалім : Балалар, қазақ тілінде неше әріп бар?

Хормен: 42 әріп бар.

Мұғалім : Алфавит дегеніміз не?

Оқушы : Әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасуы.

Мұғалім : Енді алфавит сырын айтайық.

Сара:        Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде, түсінші?

Алинұр:  «А» деген ол – аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол — әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол – балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Қой бағады айлап.

Әкем менің мықты,

Күрескенді жықты.

Ал «Әліппе» шырағым,

Әріптерден тұрады.

Нұрбек – Бб   «Б» дегенің — батыл,

Батыл және батыр.

«Б» дегенің балға

Балға ұстамай қалма,

«Б» дегенің баға

Бестен басқа алма.

Альфия – Вв  Ең әдемі көлік,

Велосипед, велик.

Витаминнен қашпа,

Жұт, ауызыңды аш та.

Әли – Гг.      Мойынымызда галстук,

Ұлан болып таныстық..

Көрген адам байқар,

Шын асыл тас Гауһар.

Әкежан – Ғғ: Бір – бірінен алыс,

Жұлдыз жолы ғарыш.

Білсең соның мәнін,

Боласың сен ғалым.

 

 

 

Алинұр Дд: Дастарханды марқайып

Дина күйін тартайық

Дала  жырын төгілтер

Домбырада қай халық..

Дархан – Ее: Ерлер еңсап еркіндік,

Ел болуға бекіндік.

Еңсесі биік елімнің,

Елордадамыз – жер кіндік.

Әйгерім – Ёё: Елка деген – бұрыс,

Шырша деген  — дұрыс.

Алтынай – Жж: Жаңғақ сондай қатты,

Және сондай тәтті.

Ал жұмыртқа қуыс,

Іші толған уыз.

Әкежан – Зз: Зымырандар көкте,

Ұшпайды ғой текке.

Зообақта аңғар,

Қаншама көп аң бар.

Зорман және зебр

Кереметтер не бір.

Жанғали – Ии: Ислам – дінім, тірегім,

Иманға толы жүрегім.

Имансыздан сақтанып,

Ибалы болып жүремін.

Досымжан – Йй: Етсіз, өңшең сүйек,

Мықты бірақ йог.

Қанап еді иегі,

Жақты оған йод.

Сәуле- Іі .            Тышқан шығып іннен,

Қызынады күнге.

Сырт киімін ұлдың

Ілгішке мен ілдім,

Түскеннен соң іңір,

Көрінбейді түбір.

Жәнібек – Ыы:   Түсінбесең ымға,

Түсінбейсің дымға.

Сап болса да ырғай,

Бола алмайды сырнай.

Көп ыдыстың бірі,

Тостақ – соның бірі.

Айғаным – Кк:   Күннен шуақ тарайды,

Күліп күнде қарайды.

Күнбағыс та күн болса,

Кәдемізге жарайды.

Аружан – Ққ:     Иығында қоржын,

Келе жатыр қонжық.

Бір қолында қамшы,

Маңдайында тамшы.

Қарайды оған ой да,

Қоян менен қой да.

Сырым – Лл:    Ұзын сирақ ләйлек,

Киген қысқа көйлек.

Еремін деп лаққа,

Бостан – босқа лақпа.

 

 

Альфия – Мм:    Морж судан шықпай,

Жатады түк ұқпай.

Джунглиде – маймыл,

Киіз үйде – Айгүл

Ерасыл – Нн:     Сауыт киген нөкер,

Көлден қалай өтер.

Сондай таза ауа,

Суға толы науа.

Арнұр – Ңң:       Бір сөз тапшы мыңнан,

Сөз басталмас «Ң» нан

Жұмбақ белгі мең бар,

Артатұғын тең бар.

Асыл – Оо:         Шөлейттегі орман,

Күннен сақтар қорған.

Әріректе ошақ,

Қойған шимен қоршап.

Мирас — Өө:       Семіз десең семіз,

Жайылып жүр өгіз.

Өңшең қошқар мүйіз,

Өрнектеулі киіз.

Алинұр – Пп:     Ұшақпенен ұштық,

Парашютпен түстік.

Қабырғада карта,

Класс толы парта.

Керек енді оқу,

Оқығанды тоқөу.

Жанель – Рр:       Робаттың мәнін,

Риясыз таны.

Істер бәрін өзі – ақ,

Робот ол ғажап,

Жақсы өмірге баста,

Радиомен басқар.

Сара – Сс:         Сығылысқан  сайғақ,

Сахараны жайлап.

Сексеуілді сирек,

Кете ме құм сиреп.

 

Нұрай – Тт:     Түбі кепкен таза,

Төңкерулі қазан.

Тәрізді бір дара,

Тасбақаға қара.

Тақияға өрнек,

Салды тәтем зерлеп.

Айбек – Уу.     Бар жетпіске  жуық,

Киіз үйде уық.

Алғашқы сүт уыз,

Дәруменен туыс.

Ханның сөзін уәзір

Қуаттауға әзір.

Жанель – Үү:   Күзді күні үйрек,

Қалды көлде сиреп.

Таныс жұртқа бүкіл

Түнде ұшады үкі.

 

 

 

Жанғали – Ұұ: Ұзақ деген қарға,

Ырза болмас барға.

Тау басында ұлар,

Әдемі құс бұлар.

Ыршып , ыршып, ыршып,

Шыр айналар ұршық.

Ерасыл – Фф:   Дән сепкішпен фермер,

Шықты жыртқан жерге.

Фермада бір ыстық,

Фотаға біз түстік.

Арнұр – Хх:      Қуаныш па? сор ма?,

Қатыстық біз хорға.

Ойнап сосын хоккей,

Ұнадық біз көпке.

Сара —   Һһ.        Біздің тұрған шаһарда,

Тұрады көп қаһарман.

Сырым – Цц:     Мен циркке бардым,

Хайуан көрдім тарғыл.

Кеше таудан асып,

Келдік цемент тасып,

Циклон ол дауыл,

Көрді соны ауыл.

Айбек – Чч:      Қызықтырып бізді,

Ағам чертеж сызды.

Бір чемодан алдым,

Бәрін соған салдым.

Әли – Шш:       Шабақ толы орта,

Қорқатыны шортан.

Лыпылдаған шалғы,

Шөптің басын алды.

Жанғали – Щщ: Щеткалар бар түрлі,

Әр жерде олар тұрды.

Ащы тамақ ауыр,

Тұщы тамақ тәуір.

Тойсамда мен үйде,

Бас тартпаймын щиден.

Нұрай – Ьь:        Қыста жақсы халім,

Пальтом менің қалың.

Пальма өскен елге,

Пальто киіп барма.

Айбек – Ъъ:      Разъезде босқа,

Тұрмайды ғой состав.

Қарсы келген поезды

Осы жолда тоспақ.

Ерасыл – Ээ:    Эскимоспен таныс,

Тұрады олар алыс.

Эстрада да биік,

Тұрды ол басын иіп.

Айғаным – Юю:  Каюта да тап – тар,

Екі  төсек қатар.

Есік жоғын ұқтық,

Люкстен шықтық.

 

 

 

 

Досымжан – Яя:  Ауылдан қияға дейін,

Алысқа ұяға дейін.

«А» дан «Я»  — ға дейін.

Көп әріп сия ма деймін.

Айгерім – Ыы:   Түсінбесең ымға,

Түсінбейсің дымға.

Сап болса да ырғай,

Бола алмайды сырнай.

Көп ыдыстың түрі,

Тостақ – соның бірі.

Мұғалім:            Әріптердің   тойында,

Әркім құмар ойынға.

Әріптер сыр ашады,

Әсем биге басады.

Би: «Жорға»

Нұрбек:             Бұрқыраған білімнің,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том – том қалың кітаптың,

Басы болған Әліппем.

Әйгерім:          Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықтап сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бірін де,

Атын, затын түрін де.

Алинұр:           Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе!.

 

Сара:                Құрметтеп қадір тұтатын,

Халқымның дана тілі бар.

Әліппені білген соң,

Білімнің жолын ұғынар.

 

Шынар:       Біз жазамыз ана деп,

Біз жазамыз дана деп.

Біз жазамыз қала деп.

Біз жазамыз дала деп.

Мағжан :    Дүниенің  жарық күні – анамыз,

Дана болсақ, анаменен данамыз.

Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,

Аналарға арнап бір ән саламыз.

 

Ән «Қазақстаным»

 

Әліппе.                              Жақсы білім – көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық.

Мұғалім: Балалар, сендер Әліппеден тағы не үйрендіңдер?

Иә, біз ережелерді айтып үйрендік. Қане, кім қандай ереже біледі екен кім айтады, Ал Әкежен айтып жібер.

Әкежан:  Сөз дыбыстан құралады.

Айғаным: Дыбыстар әріппен таңбаланады.

Жанель: Дыбыстарды естиміз, айтамыз. Әріптерді көзбен көреміз.

Сара: Кісінің аты- жөні, қала, ауылдың аты бас әріппен жазылады.

Мағжан: Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөзде жуан болады.

Мұғалім: Иә, балалар біз көп ережені біледі екенбіз, ал енді біз ата – аналарымызға қалай оқитынымызды көрсетіп жіберейік.

«Бір уыс мақта» әңгімесінен үзінді оқытып, әңгімінің тақырыбын тапқызу.

Мұғалім: Балалар, енді біз келген қонақтарға қалай жазатынымызды көрсетейік. (Тақтаға жасырынған суреттердің атын жазып, дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сыздыру, аю, қасқыр, қоян, сағат).

Балалар, енді берілген буындардан сөз құрастырайық интерактивті тақтаға қараңдар.

Бі                  сі

Кі                 лім

Кеп             теп

Мек            тер

Мұғалім дұрыс балалар сендер Әліппден талай білім алдыңдар енді біз қонақтарымызға санхалық көрінісімізді тамашалауға шақырайық.

Сахналық көрініс. «Сүңгуір үйрек».

Авторы : Сара.

Аққу :      Әйгерім мен Нұрай.

Түлкі :     Ерасыл.

Үйрек :    Досымжан.

Мұғалім: Балалар, біз осы уақытқа дейін оқумен қатар сандарды оқуды, жазуды, оларды салыстыруды, қосып, азайтуды меңгердік. Енді математикадан алған білімімізді көрсетейік.

Интерактивті тақтадан сандардың ретін, көршісін атап, сандарды салыстыруды, қосындыны табуды орындайды.

Мұғалім: Балалар мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Қане кім айтадыең алғаш мектеп ашқан кім?

Динара: Ы.Алтынсарин.

Мұғалім: Ы.Алтынсарин атамыз сендерге қандай өсиет айтып кетті?

Оқушылар хормен: Бір аллаға  сиынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Мұғалім: Дұрыс балалар сендер дұрыс жауап бердіңдер. Осы шумақ өлең үнемі сендердің естеріңде жүрсін, Ал тағы да қандай өнеріміз бар кім көрсетеді. Ал қане қыздар өнерлеріңді көрсетіңдер.

Би. Өзбек биі.

Мұғалім: Жақмы балалар, енді Әліппемен қоштасатын уақытта жетті.

Хормен: Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе:

Балалар, мен сендерге ризамын. Мені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілдеріңде өте жақсы сөйлейді екенсіңдер. Енді сендерге ары қарай білім беретін мына Ана тілі болады. Ана тілін жақсы оқыңдар.

Әліппе:                            Ұстаздар мен балалар

Аталар мен аналар

Танысыңдар досыммен,

Достасыңдар осымен.

Аттанғанда бүгін мен,

Ана тілін таныңдар.

Оқып ана тілінен,

Ақыл , білім алыңдар.

Ән: Әліппе.

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Хормен: Қош келдіңіз, Ана тілі!

Ана тілі:                          Сәлем , ойшыл достарым,

Терең білім, ой – сана,

Әр бір сөзім, ой салды,

Ғылым , тәлім өнерім көп,

Достасқанға берерім көп.

Мұғалім: Балалар, сендер көп нәрсені үйреніпсіңдер. Осының бәрін үйренулеріңе көмектескен кім?

Хормен:

Мектеп

Мұғалім

Ата – ана

Әліппе!

Мұғалім: Балалар, енді ата- аналарымызға рақмет айтайық.

Оқушы : Әліппемен қош айтысып, қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата- ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Ата- анаға рақмет.

Ән: Ана

Мұғалім: 1 сынып оқушыларын құттықтау үшін 5 сынып оқушылары келіп отыр. Би, ән орындалады.

Қорытынды сөз: Қымбатты кішкентай бүлдіршіндер! Өз еңбектеріңмен алған білімдерің — өздерің үшін де, еліміз үшін де таусылмас қазына. Елімізді, жерімізді сүйетін жақсы азамат болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін.

Ата – аналарға айтарым балаларыңыздың осындай дәрежеге жетуіне сіздердің де еңбектеріңіз көп. Сондықтан сіздерге рақметімді айта отырып, балаларыңыз жақсы азамат болып өссін деймін.

Ата- аналарға сөз беріліп, оқушыларға тілек айтылады

Мұғалім: Біз тек қана әріп танып, тақпақтар айтып, өлеңдер жаттаумен айналысып қоймай, сонымен бірге үлестірмелі материалдармен жұмыс істеп, тапсырмаларды өз бетінше орындауға, сұрақтарға жауап беруге, сандарды санап, цифрларды жазып үйрендік.

Айбек:               Сана.

1,2,3.              1,2,3

Ал қанекей ұш!

4,5,6,7.           4,5,6,7.

Мынау ауыл шеті.

8,9,10.             8,9,10.

Ал қанекей қон!

Асықпа да саспа!

Бірден қайта баста!

Жәнібек:     0 саны.        Дауыл тұрды,

Жел блды.

Құс қалмады – ноль болды.

Нұрбек:      №1               Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда.

Тұратұғын елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек,

Сенбесеңіз қараңыз:

Бір ғана бас,

Бір ауыз.

Кім байқады, кім сезді,

Мықты жандар бір сөзді,

Жалғап тұрған жұртыңды

Бәрімізді бір күндік.

Нұрай:     № 2              Жаратқанның бергені

Екі көзім бар менің.

Екі құлақ қалқиып,

Айтқан сөзді ал құйып.

Екі бүйрек бар тағы,

Жоқ ешкімнің ортағы.

Жүгің болса кет үйіп,

Көтереді екі иық.

Жүру қандай оңай – ақ.

Бар болғаны – қос қолың,

Керек дұрыс басқару.

Айғаным:     № 3       Жол   бойында ел білер,

Үш бұрышты белгілер.

Үш бұрышты тұмар да,

Тегін емес бұлар да.

Ер кезегі үш қайта,

Содан кейін күш қайтар.

Досымжан:   № 4       Арбаларда жөн бөлек,

Оларда төрт дөңгелек.

Туралап төрт. Бұлтарма.

Төрт тұяқ бар тұлпарда.

Төрт бұрышты орамал,

Төрт қабырға қоралар.

Жанғали:    № 5         Бір қолда бар бес бармақ,

Бес тырнағың бес бармақ.

Жұлдызда бар бес тармақ,

Жонған биік асқарда,

Қиын елді басқару.

Болған ерде бес қару.

Сырым:    № 6          Алты қанат ақ Орда,

Әнсіз, күйсіз, болар ма.

Айттырмайды дауыңды,

Алты ауызы ауылдың.

Тебеді ел кеткенше,

Алтыбақан , әткеншек.

Алты ішекті гитара,

Қала алмайды бейтарап.

Алты аяқты қоңыздар,-

Ұшып жүрген қобыздар.

Әли          № 7        Бір аптада жеті күн,

Тап әр күннің тетігін.

Жеті ішекті жетіген,

Соны тарт деп өтінем.

Көкте жеті қарақшы,

Жұртты өзіңе қаратшы.

Түскен карта беріне

Жетісу мен Жеті көл.

Өзгелерге күлме сен,

Жеті атаңды білмесең.

Жанғали:  № 8     Дарынды бар не бізде,

Сегіз қырлы дегізген.

Жақсы жауап берсеңіз,

Екі «төрттік» — бір сегіз.

Басталатын сегізде,

Сабағымнан мені ізде.

Сырым:   № 9        Тоғыз валды толқыны,

Теңіз кейде делқұлы.

Тоғыз жолдың торабы,

Тоғыз бояу қорабы.

Біз ойнайтын қуалап,

Бар ғой тоғыз құмалақ.

Сара:       № 10      Сиыр саусақ, қой саусақ,

Дайын тұрар он саусақ.

Саусақ тұрмақ, қол тұрмақ,

Он башпайда он тырнақ.

Демейміз аз, көп деп те.

Он класс бар мектепте,

Нысанада он шеңбер,

Мерген болып көрсең көр.

Ерасыл:       № 100    Жүз деген бар мысал,

Емес бір ұсағың.

Дұрыстап біз санасақ,

Он адамда жүз саусақ.

Досымжан:  № 1000  Одан әрі санасақ,

Жүз адамжа  мың саусақ.

Басқа сабақ өлеңмен

Жаттай тұр сен өлеңді.