Бала Абай

88

Сабақтың  тақырыбы:  Бала  Абай

Сабақтың  мақсаты:1.Мәтін  мазмұнымен  таныстыру. Абайдың  балалық      шағымен  мағлұмат  беру.Жүйелі  сөйлеуге  өз  ойларына  қорытынды  жасай  білуге  дағдыландыру.

2.Оқушылардың  логикалық  ойлау  дағдысын  шығармашылық  қабілетін  дамыту

3.Оқушыларға  Абай  ата  өмірін  үлгі  ету, ұлы  ақынға  деген  құрмет  сезімдерін  тудыру.

Сабақтың  типі: Жаңа  білімді  меңгеру

Сабақтың  түрі: Топтық  жұмыс

Сабақтың  әдісі:Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту            технологиясы(СТО)

Көрнекілігі: Техникалық  құрал, слайдтар,  қима  қағаздар, геометриялық  фигуралар, топтардың  аттары

Пәнаралық  байланыс:  Музыка, дүниетану, бейнелеу  өнері

Сабақтың  барысы:

Қызығушылықты  ояту

1.Ратация.(топқа  бөлу)

         Оқушылар  өздері  тыңдаған  геометриялық  фигураларға  байланысты  3  топқа  бөлінеді. Фигуралардың  келесі  бетінде  топтың  аты  жазылады.

І  топ. Білімділер

ІІ  топ. Дарындылар

ІІІ  топ. Еңбексүйгіштер

  1. «Жүректен жүрекке шеңбер»  жасап  бір – бірімізге  күлімсірей  қарап  сәттілік  тілей  отырып  сабағымызды  бастаймыз.

3.Топтық  жұмыстың  тәртібін  хабарлау.

а)3 топтың  басшысын  тағайындап, мұғалімнің  сенім  карточкасын  тапсыру.

б)Бағалау  тәртібін  айту. Топтық  бағалау. Берілген  тапсырманы  орындау  деңгейіне  сай  10  балл,20 балл,30  балл  жазылған  дөңгелекті  мұғалім  топ  басшысына  беріп  отырады.

         Сабақ  барысында  топ  басшысы  жинаған  ұпайды  есептеп  айтады.  Жеңімпаз  топты  анықтайды.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

—  Үйге  қандай  тапсырма  берілді?

—  Ғ.Қайырбековтың  «Алғашқы  қоңырау»  өлеңін  мәнерлеп  оқу. 3  топтан  3  балаға  оқыту.

         «Бәйге»  ойынын  ойлау  арқылы  үй  тапсырмасына  қалай  дайындалғандарын  тексеру.

—  Әр  топ  2  сұрақ  таңдап, соған  сай  жауап  береді.

 

                            І.Бәйге  ойыны

10.Ы.Алтынсарин  кім?

20.Тұңғыш  қазақ  мектебі  қай  жерде  ашылды?

  1. «Кел, балалар, оқылық» өлеңін кім  жазды?
  2. «Алғашқы қоңырау» өлеңінің  авторы?
  3. «Қазақ даласына білім  келді»  дегенді  қалай  түсінесіз?

30.Ы.Алтынсариннің  қандай  әңгіме, өлеңдері  бар?

ІІ. Ой  ашар

                                                                                                                                                                                                                                                 1.Ребусты  шешкіз.Қандай  сөз  оқыдың?

         Мына  ребусты  шешсеңіздер  қазақтың  ұлы  ақынының  есімі  шығады. Олай  болса  балалар  бүгін  біз  Абай  туралы  өтеміз.

2.Абай  Құнанбаев  туралы  не  білесіңдер? «Пікірлер  ағашы»

3.Бұл М.Әуезов  «Абай  жолы»  романынан  үзінді.

    Кіріспе  әңгіме

    М.Әуезов  қазақтың  ұлы  жазушысы. Ол  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысының  Семей  өңіріндегі  Абай  ауылында  туған. Жас  кезінде  ұлы  Абайды  көріп, бата  алған. Атасы  Әуез  бен  әкесі  Дінәсілдің  тәрбиесінде  болады. Алдымен  молдадан  хат  танып, кейін  Семей,Ташкент,Санкт – Петербург  қалаларында  оқыды.

  1. Қазір біз осы  М.Әуезовтың  «Абай  жолы»  романынан  алынған  үзіндіні  түсініп  оқимыз.

 

                            ІІІ. Мағынаны  тану

Жаңа  сабақ

  • абзацты мәнерлеп  оқып  береді, сұрақтар  қою.

1.Осы  бөліктен  не  түсіндің?

2.Абайдың  өз  құралпы  балалардан  басқа  досы  кім?

3.Әңгімені  аяғына  дейін  түсініп  оқыңдар

Оқулықпен  жұмыс

Мәтінді  іштей  түсініп  оқуға  уақыт  береді

Сөздік  жұмыс

Түсініксіз  сөздердің  мағынасын  ашу

Проблемалық  сұрақ

1.Бұл  мәтіннің  кейіпкерлері  кім?

2.Абайға  әңгіме  айтатын  кімдер?

3.Сенің  ойыңша  Абайдың  бұл  ісі  дұрыс  па?

Сергіту  сәті                                                         

«Сегіз  аяқ»  өлеңі

Абайдың  «Сегіз  аяқ»  өлеңіне  сергіту  жасаймыз

 

                              ІV. Ой  толғаныс

Топтық  жұмыс

  • топ. «5 жол  өлең  жазу»  стратегиясы  Абай
  • топ. «Семантикалық кесте»  стратегиясы
  • топ. «Не ұнады?Не  ұнамады? Не  алдың?» стратегиясы

Абайдың  өлеңі  «Желсіз  түнде  жарық  ай»

                  

Рефлексия

А) «Еркін  сұрақтар» стратегиясы

—   Мәтінде  кімдер  туралы  айтылған?

—   Бала  Абай  нені  ерекше  жақсы  көрді?

—   Әжесі  мен  Абай  арасында  қандай  оқиға  болды?

—   Саған  осы  мәтін  ұнады  ма?

—   Әжесінің  аты  кім? Шешесінің  аты  кім?

—   Бұл  әңгімені  жазған  кім?

Сонымен  балалар, осы  әңгімедегі  «Бала  Абай»  сендерге  ұнады  ма?

Ә) «Идеяны  толықтыру»  стратегиясы

Мұғалім: Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсылтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Абайды  тану  арқылы  біз,  Қазақстанды  әлемге  танытамыз, қазақ  халқын  танытамыз.  Абай  әрқашан  біздің  ұлттық  ұранымыз  болуы  тиіс»  деген  екен.