Қобызға арналған күйлер. Қорқыт-күй атасы.

103

Сабақтың тақырыбы: Қобызға арналған күйлер.  Қорқыт-күй атасы.

Білімділік мақсаты:  Қобызға арналған күйлер. Қорқыт- күй атасы жайлы түсінік беру.

Қобыз аспабы мен таныстыру. Қорқыт туралы аңыз айтып беру. «Қорқыт кесенесіне саяхат» бейне таспасын тамашалату. Психологиялық дайындық кезеңін жасау. Ән айту, сөйлеу ережелерін еске түсіру. Ән ұранды орындату. Сергіту сәтін жасату. Тілдерін ширату. Сөздік қорын молайту. Сөзжұмбақ, жұмбақ шешу.

Тәрбиелік бағыты: Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой-өрісін кеңейту.

Балаларға музыкалық, эстетикалық рухани тәрбие беру.

Көрнекілігі:      Үнтаспа, Қорқыттың суреті, Қобыздың суреті, сөзжұмбақ, аспаптар

суреттері, Қорқыт кесенесі жайлы бейне таспа, жаңа  сөздер.

Сабақ барысы:

                           І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпқа оқушыларды түгелдеп қатыстыру. Сабаққа деген

қызығушылықтарын ояту. Психологиялық дайындық кезеңін   жасау.

Ән айту, сөйлеу ережелерін еске түсіру.   Ән ұранды орындату.

 

Бүгін бізде ән сабағы,

Барлық бала ән салады,

Тыңдағандар қол соғады,

Таң қалысып тамсанады.

Мектептің әдемі ғой әр сабағы.

Қызық-ау,әсіресе ән сабағы,

Апайға ән үйреткен риза болып,

Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.

ІІ. Үй тапсырмасы.

-Дәулеткерей Шығайұлы кім?

Ол күйші композитор

-Күй дегеніміз не?

Күй дегеніміз аспапта орындалатын музыкалық шығарма.

-Күй қандай аспапта орындалады?

Домбыра, қобыз музыкалық аспаптарда орындалады.

-Дәулеткерейдің қандай күйлерін білесіңдер?

-Қосалқа (күйде сұлу қыздың бейнесі, әдемі жүрістері, алқаның сылдыры естіледі.)

-Үйренген әнді орындау.     Асыл ана.(топпен)

Сергіту сәті:

                    Армысың досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық.

Жер шарындай айналып

Әлемге жарық ұқсайық.

Қолымызды көтеріп

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры

Құшаққа оны алайық.

                  (музыка көмегімен іс-қимыл жасау).

Жаңа сабақ:    Қобызға арналған күйлер.

                Қорқыт – күй атасы.

Қобыз туралы мәлімет.

Қазақтың халық аспаптар түрлелі. Ішекті аспаптарға домбыра, қобыз, жетіген жатады. Біздің бүгінгі танысатын аспабымыз «қобыз» аспабы. Шанағы кеспек ағаштан шауып жасалатын, көне ішекті аспап. Ертеде қобыздың ішектері малдың кептірілген ішегінен, ал садаққа ұқсас ыспасы аттың қылымен тартылады. Дәстүрлі түсінікте қобыз аспабы, қобыздың  аты аңызға айналған Қорқытпен байланыстырып, сиқырлы күші бар бақсылық аспабы деп танылды. Қобыздың атасы Қорқыт көне қазақ жері Сыр өңірінде VIII-IX ғасырда өмір сүрген. Оның Қорқыт атануы Қорқытты анасы үш жыл бойы құрсағында көтеріп, босанған кезде,аспанды қара құйын басып кетеді, айнала көзге түртсе көргісіз болады және де адамға ұқсамайтын кебенекте туып, ел қорқып қашып кетеді. Кейін кебенек жарылып, адам нәсілді баланы көріп, халық қайта оралып оның атын Қорқыт қояды. Қорқыт туралы аңыздар көп. Оның өмірінен, ажалмен арпалысуы. Қай жерге барса да, Қоқыттың көрі деген сөз қалған. Қорқыт өлмейтін жер іздеп дүниені кезіп кетеді. Бірақ барлық жерде де өзіне қазылған көрді көріп, Сырдарияның жағасындағы «жер ұйықта» қобызын тартып отырады.

Бірде көзі ілініп, ұйықтап кеткенде оны жылан шағып өлтіреді.

Қорқыттың артында көптеген күйлер қалды. Олар:

«Ұшардың ұлуы», «Тарғыл тана», «Әуіппай», «Қоңыр», «Желмая», т.б.

Ал, енді біз бейне таспаны тамашалайық.

— Қорқыт күй атасы.

— Қорқыт кесенесі Қызылорда облысынды орналасқан.

— Қорқыт Сыр өңірінде  VIII-IX ғасырда өмір сүрген.

— Қорқыттың кітабы туралы мағлұмат.

— Қорқыт ата кітабының көне нұсқасы.

— Кітаптан үзінді:

«Тәкаппарлықты тәңірі сүймес».

Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас.

Өлгендер қайтып келмейді, шыққан жан қайтып енбейді.

Өтірік сөз өрге баспайды.

Дәулетті ұл – ошақтың қоры,

Дәулетсіз ұл – атаның соры. т.б.

Нақыл сөз. Қорқыт ата.

«Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді».

Қобыздың түрлері:

1.Қобыз – жаңа түрі.

2.Қыл қобыз – көне түрі.

Енді Қорқыт кесенесіне саяхат жасайық.

Кесенеге кіре берісінде «тұмарша» орналасқан.

Кесене жолында.

Әулие жер болғандықтан пітір салу орны бар.

Төрт түлік пірі — «Шопан ата».

Қобыз үні естіліп тұрады.

 

Бұл —  «жерұйық». Жерұйықты айнала дөңгеленіп тұрған оюлармен көмкеріліп, безендірілген жыланның белгісі. Қорқыттың намаз оқитын орны.

«Қорқыт қайда барса да Қорқыттың көрі болған» деген аңыз бар. Сондықтан да Кесене айналдыра жыланмен қоршалған.

Ниет тілектеріңіз қабыл болсын! Осымен саяхатымыз аяқталды.

Сабақты қорыту: Сұрақ және сөзжұмбақ арқылы қорыту.

  • Қандай ішекті аспаптарды білесіңдер?
  • Қобызбың түрлері.
  • Қорқыттың қандай күйлері бар?
  • Бүгін біз қандай бейнетаспаны тамашаладық?

 

Сөзжұмбақ.

1.Қобыз атасы. (Қорқыт)

2.Дәулеткерей күйі. (Қосалқа)

3.Ішекті аспап. (Домбыра).

4.Қобыздың көне түрі. (Қылқобыз).

5.Кесене қай облыста орналасқан?

(Қызылорда)

 

 

Оқушы білімін бағалау: Сабаққа жақсы қатысып, сұрақ-жауап беріп

отырған оқушы білімін мақтап, марапаттау, бағалау.

 

Үй тапсырмасы: Қорқыт – күй атасы.

Қобыздың суретін салып келу.

 

Сабақтың соңы: Қоштасу жылылығы.

Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап дөңгеленіп тұрады.

Мұғалім: «Бір-біріңнің қолдарыңнан жылылық сезініңдер.

Бір-біріңе жылылық сыйлаңдар деп айтады».