Оқушылар уақытты қалай пайдалану керек

Оқушылар уақытты қалай пайдалану керек

Кез-келген адам, кез-келген оқушы өзіне тән қызығушылығы арнайы бір таланты бар деуге болады. Кейде оқу кезінде әр оқушы сабақты әр деңгейде қабылдайды. Соған байланысты білім деңгейлері де әртүрлі болып келеді. Сондықтан әр баланың дамуына аса зор мән берген дұрыс. Балалар бірі оқуға қызпаса спортқа қызығады, біреуі спортқа қызықпаса аса зор дауысы бар. Сондықтан әр баланың талабына қарай оқыту сол бағытта дамыту баланың уақытын үнемдеп пайдамен жұмсауға болады. Сондықтан кез-келген ата-ана, мектеп мұғалімдері ұстаздар сол бағытта балалармен жұмыс жүргізу керек.

Сіздерге арнайы балалар уақытта қалай тиімді қолдануға болатыны туралы жалпы ережелермен бөлісеміз. Бұл қатып қалған ереже емес әр баланың өз талабына қарай өзгертіп кейбірін қолдануға да болады. Есіңізде болсын әр бала өзіне тән таланты бар.

Уақытты қалай пайдалану керек?

  1. Алдымен кез-келген баланың балашақтағы, алдағы 1, 2, 3 жыл және осы жылдағы осы айдағы мақсаттары мен армандары болу керек. Сондықтан мақсатына аса зор мән беріп соған жететін амалдар орындау керек. Армансыз адам — қанатсыз құс.
  2. Күнделікті түрде балалардың мақсаттарын қойып соларды толық орындауы керек.
  3. Белгілі бір уақыт аралығында өз істеріңізге таразыға тартып уақытты қалай пайдаланғаныңыз туралы ой қозғау керек. Сараптап пайдалы істерді көбейтіп, жаман әдеттерден құтылыңыз.
  4. Әр бір жасаған қадамыңыз, істеріңіз сізді мақсатқа жетелеу керек. Осы аптада атқарған істерім қандай нәтиже берді. дұрыс па? әлде бұрыс па?
  5. Күн сайын не істейтініңізді алдын ала жоспарлап сол жоспар бойынша әрекет ету керек
  6. Барлық істерге соған сай уақытын бөліңіз
  7. Егер орындалмай қалса не үшін деген сұраққа жауап беру керек
  8. Арнайы күнделік те арнауға болады. Оған толық жазып жүрсеңіз мақсаттарға жетуге көмегі тиеді.

Оқушыны шаршатып алмау үшін әр сағат сайын 15 минуттай демалдырып алуға болады. Ойы тынық шаршамаған бала ғана сабаққа бар ынтасымен кірісе алады. Баланың ойын ойнап спортпен айналысқаны дұрыс. Тек белгілі уақыт бойынша шектен аспау керек.

Соңғы кездері жас балалардың негізгі уақыттары ойын ойнау, телефондар, гаджеттер, сағат, теледидар, әлеуметтік желілер алып жатады. Осыларды бекерге уақыт өткізу үшін емес уақыттарын пайдалы өткізуге пайдалануға болады. Қазіргі балаларды олардан тию мүмкін емес. Сондықтан әр нәрсеге белгілі бір уақытын белгілеу керек.

Жазылған істердің қайсысы сізге маңызды екенін белгілеп өз мақсатыңызға қолдануға болады. Еске сақтаңыз жас балалар болашақ кепілі сондықтан сапалы білім беруге тырысу керек. Ел боламын десең бесігіңді түзе.