«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық ойын

51

Сыныбы: 6 «А», 6 «Б», 6 «В», 6 «Д»

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық ойын

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте  сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.  

 Түрі: Топтық сайыс

Әдістері: Түсіндіру, байқау, бағалау

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, бейнелеу                                                                        Барысы:                                                                                                                       1.Ұйымдастыру кезеңі.(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)                                                                                         2.Кіріспе бөлім.                                                                                                                Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»-деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда, ойынымызда өзімізді жаңаша қырыннан көрсетіп, жақсы атсалысайық.                           Ал келіңдер, келіңдер,                                                                                                                   Біріңе-бірің еріңдер.                                                                                                          Біліміңді тексеріп,                                                                                                          Ойынға қатысып көріңдер,-дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.                                            Оқушылар төрт топқа бөлінген. Сайыскерлерімізді таныстырайық:

1 топ – 6 «А» сынып оқушылары «Жас ұлан» тобы

2 топ – 6 «Б» сынып оқушылары «Алғырлар» тобы

3 топ – 6 «В» сынып оқушылары «Жалын» тобы

4 топ – 6 «Д» сынып оқушылары «Қыран» тобы

Кезеңдермен таныстырып өтейін: 

І – кезең: «Таныстыру»

ІІ – кезең: «Жорға»

ІІІ – кезең: «Ойна да ойла»

ІҮ – кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Ү – кезең: «Ойлы болсаң озып көр»
ҮІ – кезең: «Мақал – сөздің мәйегі»
Әр пәннің сырлары ,

Қызықтырды біздерді .

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтейік:      

  1. Құдайбергенова Күланда

2.Бәймішева Баян

3.Өмірғалиева Гүлсезім

         Әр кезең сайын ұпай беріліп отырады. Ең төменгі 2 ұпайдан ең жоғарғы 5 ұпайға дейін беріледі.

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

І кезең «Таныстыру»

(Әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 5 оқушыдан қатысады.)   

ІІ кезең «Жорға»

(Әр топқа 6 сұрақтан беріледі.)

1 топ

  1. ҚР Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
  2. Тұңғыш қазақ ғарышкер? (Тоқтар Әубәкіров)
  3. Жыл мезгілдерін ретімен ата? (Қыс, көктем, жаз, күз)
  4. Мысықтың неше аяғы бар?(4)
  5. Мал жайылатын орын?(Өріс)
  6. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (Дауысты және дауыссыз)

2 топ

  1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс? (У)
  2. Сөйлем неден құралады? (Сөзден)
  3. ҚР рәміздерін ата? (Гимн, Ту, Елтаңба)
  4. Күз айларын ата? (Қыркүйек, қазан, қараша)
  5. Бағдаршамның неше көзі бар? (3)
  6. Бір таңбалы сандарды ата? (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9)

3 топ

  1. Тұңғыш ғарышкер кім? (Юрий Гагарин)
  2. Түйенің сүті? (Шұбат)

 

  1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
  2. Ауаның температурасын өлшейтін құрал? (Термометр)
  3. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
  4. Шөлге шыдамды жануар? (Түйе)

4 топ

  1. Мемлекеттік туда қандай құс бейнеленген? (Қыран)
  2. Ғарышкерлер киімі қалай аталады? (Скафандр)
  3. Адамның бір қолында неше саусақ бар? (5)
  4. Жылқының сүті? (Қымыз)
  5. Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (Кісі, жер-су аттары)
  6. Алфавиттегі таңбаларды ата? (ъ,ь)

ІІІ кезең «Ойна да ойла»

(Топ басшылары ортаға шығып, орындыққа отырады. Сіздерге көрсеткен суретіндегі бейнені тек қана қимыл-әрекет, ым-ишарамен топ басшыға түсіндірулеріңіз шарт.)

   

 

 

   
ІҮ кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

(Әр топқа 2 жұмбақтан жасырылады. Жұмбақтың шешуін қазақ және ағылшын тілінде айтуы тиіс.)

1 топ

1)Мұртын сипап күн бойы,

Бетін сусыз жуады.

Тырсылды аңдып күн бойы,

Тышқанды көп қуады. (мысық-cat)

2)Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған. (аспан-sky)

2 топ

1)Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама. (кітап-book)
2)Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын айдайды екен қиын жайға,
Ұстасақ үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға. (көбелек – butterfly)

 

3 топ

1)Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ – dool)

2)Тақия, мұрын, бір құлағы бар,

Самаурын қасында тұрағы бар.     (шайнек — tea-pot)
4 топ

1)Әрі қызыл, әрі тәтті,

Жеген жанды таңырқатты. (алма – apple)

2)Қауын, қарбыз дей алмайсың,

Піскенмен, жей алмайсың.

Жарғаныңмен, қап-қатты,

Ал асқанда, тәп-тәтті.      (асқабақ — pumpkin)  

Ү кезең «Ойлы болсаң, озып көр!»

(Логикалық сұрақтар қойылады.)

1 топ

Анаңның әкесі саған кім болады? (нағашы ата)

2 топ

Суда қандай тас жоқ? (құрғақ)

3 топ

Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ештеңе жоқ)

4 топ

Әкеңнің анасы? (әже)

ҮІ кезең «Мақал – сөздің мәйегі»

(Әр топқа 5 мақал беріледі, жалғасын дұрыс табу керек.)

1 топ

1)Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

2)Жалқаудың жаны тәтті,

 Еңбектің наны тәтті.

3) Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

4)Мектеп – кеме,

Білім – теңіз.

5)Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

2 Топ

1)Адам туа жаман болмайды,
Жүре жаман болады.

2) Екі жаман ауыл болмас,
Ауыл болса қауым болмас.

3) Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.

4) Жақсы көрісіп келіседі,
Жаман келісіп керіседі.

5) Жақсы кісі текшіл,
Жаман кісі кекшіл.

 

 

3 топ

1)Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

2) Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.

3) Аңдамай сөйлеген
Ауырмай өледі.

4) ІІешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.

5) Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.

4 топ

1)Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.

2) Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.

3) Ынтымақ жүрген жерде —
Ырыс жүреді.

4) Бірлік еткен озар,
Бірлеспеген тозар.

5) Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.

Сонымен оқушылар сайыстың ақ пен қарасын шешетін кезеңде келіп жетті. Жеңіске жеткен топты білу үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Қорытынды: Жеңімпазды анықтау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.

1 орын – «Алғырлар» тобы мен «Қыран» тобына беріледі.

2 орын – «Жас ұлан» тобына беріледі.

3 орын – «Жалын» тобына беріледі.

         Олай болса, ұщқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастырыңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсіңдер демекпін. Келесі кездескенше аман болайық!