Б дыбысы мен әрпі

128

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: білімді қалыптастыру. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту,

Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б — әрпі бар сөздерді оқи білу.
Дамытушылығы: танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру. Ойын элементтерін пайдалана отырып, дұрыс, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ. аралас
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану сабағы.
Көрнекілігі: Б дыбысына арналған плакат, бақа, балық, балапан т. б. суреттер,« Қай әріпті жоғалттым?», «Сөз құрастыр» ойындары, кеспе әріптер, слайд, компьютер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: /Психологиялық дайындық/
а). Амандасу.
ә). сабаққа дайындық.
б). оқушылар назарын сабаққа аудару.
/2 топтағы оқушылар бір-біріне жақсы көңіл күй білдіру./
2. Үй тапсырмасын тексеру:
— Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық
— М дыбысымен.
«Алма теру»  ойыны ойналады. Оқулықтағы М дыбысына байланысты бағандағы сөздерді оқу.«Қар»мәтінін Дүниетану сабағымен байланыстыра отырып, неше мезгіл бар екенін атау және қыс туралы әңгімелеу. М дыбысына сөздер ойлап, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
— Сонымен М дыбысы қандай дыбыс екен?
— М дыбысы – дауыссыз дыбыс.
Жаңа сабақ
3. Қызығушылығын ояту:
/екі топқа кезекпен жұмбақ шешкізу арқылы суреттерін тақтаға ілу./
— Балалар, сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар:
1-топ: Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
(Балық).

2-топ: Қызықтырып әркімді – ақ,
Суда жүзер жылтылдап
Қайсы әріптен басталған,
Сол жүзгіштің атын тап?
(Бақа ).

1-топ:Туа сала жүзеді,
Суда жүзе біледі.
(Балапан).
2-топБолмайды одан жұрт абай

Суық жақта болатын

Ірі жуас жануар

Мүйіздері бұтадай.

(бұғы)
— Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!
— Балық, бақа, балапан сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
— Б дыбысы.
— Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз – Б дыбысы.
— Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2 – 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Б — дыбысын айтқанда еріннің бір – біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбысты белгілейтін графикалық таңба. Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. Б — дыбысының дауыссыз екенін көк пластикадан көрсету.

Баспаша, жазбаша түрімен таныстыру.
Балық, бақа, балапан — сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 — ші буыны Ба, 2 — ші буыны – лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату;
Б — дыбысына сөздер ойлату, айтқызу.

-Балалар б дыьысына а дыбысын қосатын болсақ қандай буын пайда болады екен ба буыны о дыбысын қойсақ бо буындары бүгінгі сабақтағы жаңа буындар.

Ба, бо хормен айту

  1. Оқулықпен жұмыс. Кітаптағы суреттермен танысу. Бағандағы сөздерді оқып беру, содан соң оқушыларға оқыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
    Баба – үлкен кісі, ата – бабаларымыз.
    Бата – ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.
  2. Дәптерге жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Жоғары бір қарап

Төменге бір қарап

Орнымызға отырып

Әдемі етіп жазайық

 

 

  1. Дәптермен жұмыс. Б әрпінің жазба түрін тақтаға жазып көрсету. Б әрпінің элементтерін ауада жазу. жазу дәптеріндегі үлгі бойынша Б дыбысын бастырып жазу. Дәптерді көлбеу қойып, әдемі, таза жазамыз.

    7. Үлестірмемен жұмыс: мақсаты: Оқушыларды сауаттылыққа, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

 

 

…………..

 

…………………………………………………..               /Бүгінгі өткен дыбыстың бас әрпі және

кіші әрпін жазу.

Дауысты ,дауыссыз екенін түспен ………………………………………………….                    Жаңа буындарды жазу/

 

………………………………………………….

 

Екі топта компьютерге өткен сабақтардан буындарды еске түсіріп жазу.
Қорытынды:
— Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
— Б дыбысымен.
— Б дыбысы қандай дыбыс?
— Б дыбысы дауыссыз дыбыс.
— Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
— Себебі созылмайды.