«Қанмен жазылған хат» арнайы тележобадан үзінді

126

Сабақтың тақырыбы: «Қанмен жазылған хат» арнайы тележобадан үзінді

Мақсаты: қуғын- сүргін мен аштық құрбандарын еске алу. Жастарға олардың басынан кешкен тағдыр-тауқыметін көрсете отырып, өмірлерін үлгі ету.

Кәрімова Замира

Тарих бетіне қанмен жазылып қалған зұлмат жылдарды ұмыту мүмкін емес. Сталиннің тұсында Қазақстанда ГУЛАГ-тың 11 лагері орналасты. Олар: Алжир, Қарлаг, Дальний, Степной, Песчаный, Қамыслаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Кеңгір және Өскемен лагерлері. Ресми деректерге сүйенсек одақ бойынша барлығы 60 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 40 пайызына ату жазасы кесілді. Елбасының шешімімен 1997 жылдан бастап 31 мамырды  қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жариялады.

Ұзақ ғұмыр кешу үшін ғаламда,
Үлкен мақсат болу керек адамда.
Батып кетпей тереңге отқа күймей,
Естілікпен ден қойдық әр қадамға.

Қиыншылық болды үлкен қазағыма,
Кеңестік қызыл өкімет заманында.
Қуғын көрген көп қазақ босқын болды,
Шетке қашып басының аманында.

Енгізді кооператив пен коллективті,
Қолдан жасап жүргізді геноцидті.
Шара болмай жасайтын қолдан келер,
Айттық тек қарғыс пенен нағілетті.

Кеңестік өкіметтің құрсауында,
Шешілмеді шідер мен тұсауым да.
Ашылмады адымым, жылжымадым,
Ыза, кек, құса толды құшағыма.

Қуғын — сүргін, зобалаң көргеніміз,
Алаштық кетті атылып зиялымыз.
Тектен — текке жазалап жала жауып,
Болар ма бұдан өткен қиянат іс.

Ролдер

        Әке-Хамза Расул

   Шеше-Искакова Айгерім

Ерлі зайыпты 16 шілде  1937 жылы   Тыныш үйде шәй ішіп отырған есікті біреу тарсылдатып ұрып жатыр.

            НКВД-қызметкерлері,жендеттері-НазаровЖақсылық,Сарсенбаев Пірболат, Сейіт Бауыржан

Аш, аш,ашыңдар.Ішкі істер комиссариат атынан бұйырамын, аш, аш, аш!

 Әке -Хамза Расул

  Есікті  ашып не болды,не нәрсе?

            НКВД-қызметкерлері,жендеттері-НазаровЖақсылық,Сарсенбаев Пірболат Сейіт,Бауыржан

Жапатармағай кіріп келіп, «сізді тұтқындаймыз», — деп бас салады.

  Шеше- Искакова Айгерім

Айым-ау. не болды, айтшы?

Әке -Хамза Расул

Менің ешқандай кінәм жоқ.

              НКВД-қызметкерлері,жендеттері-НазаровЖақсылық,Сарсенбаев Пірболат, Сейіт Бауыржан

Біз білмейміз жүріңіз,жиналыңыз!

  Әке -Хамза Расул

Ағайындарға бәріне үндеме бола ма, мен қайтып келем балаларға ие бол!

НКВД-қызметкерлері,жендеттері-НазаровЖақсылық,Сарсенбаев Пірболат, Сейіт Бауыржан

Бол тез ,бол тез,тез!

  Әке -Хамза Расул

Менің ешқандай кінәм жоқ ,мен осында қайтып келем  ұқтың ба?

Шеше- Искакова Айгерім

Ұқтым.

Почталон -Меруерт Егізгараева

Есік қағылады

Пошташы келеді

 Шеше- Искакова Айгерім   Бұл кім, бұл кім?

  Монолог Кәрімова Замира         

         4 қазан 1937 жылы Совет Үкіметіне қастандық әрекеті  үшін Халық жауы ретінде атылсын. Бұйрық оқылған күні орындалсын деген хат алады. (хатта жазылған бұйрық)

 Шеше- Искакова Айгерім  

 Монолог Кәрімова Замира

Содан кейін 17 қазанда 1937 жылы «халық жауының» әйелін тұтқындайды

Шеше-Искакова Айгерім

Есік қағылады.  Кім бұл?

НКВД-қызметкерлері,жендеттері-НазаровЖақсылық,Сарсенбаев Пірболат, Сейіт Бауыржан

Біз, біз  ашың! Бол,болшы!

 Шеше-Искакова Айгерім

Ой. құдайым-ау. не болды, қайда, қайда апарасыңдар?

НКВД-қызметкерлері,жендеттері-НазаровЖақсылық,Сарсенбаев Пірболат, Сейіт Бауыржан

Әйелдерді түрмеге қамамаймыз. Сендерді куйеулеріңізбен кездесуге апарамыз.

Әйелдер жиналып-Әйелдер тоңып -үсіп  пойыз күтіп тұр екен.

НКВД-қызметкерлері,жендеттері-НазаровЖақсылық,Сарсенбаев Пірболат, Сейіт Бауыржан

Кір бол, қане отыр мә, мынаны ал деп бұйырып, мал тиейтін темір вагонға отырғызып, іші суық боран әрбір бекет сайын бірнеше әйел өлексесін тастап келе жатыр.

Әйелдер-Ізмағамбетова Айгерім Қайда бара жатқанымызды білмейміз. Содан сұрасақ Ақмола лагеріне бара жатырсыңдар дейді. Ақмоланың қайда екенін де білмейміз.Оны білдіру үшін хат жазу керек. Хат жазатын қалам жоқ, не қағаз  жоқ. Қолдарына бір қағаз тауып  кәдімгідей кесіп қолдарынан аққан қанмен кішкентай қағазға «Қазақстан-Ақмола» деген лагерге деп біреу болмаса біреу оқыр деп жазып вагонның бір саңылауынан лақтырып жібереді.

Әйелдер-Өзбекбай Нәзипа Қазақстан жеріне КСРО-ның түпкір-түпкірінен барлығы 50 адам келген соның 24- інде  7 айлық баламен ұзақ жүріп келдік. Ақмоланың арғы жағында айдалаға жаман барактарға әкелді, оны кейін білдік Карлагтың Долинка деген 26-шы нүктесі сол баракта қамыстан төсек салып кезектесіп ұйықтаймыз.

Монолог Кәрімова Замира

Тергеуші кабинетінде тергеушілер бір әйелді 5-6 сағат бойы тергеп, 3-4 сұрақты қайталап қоя береді.

НКВД-қызметкерлері,жендеттері-НазаровЖақсылық,Сарсенбаев Пірболат, Сейіт Бауыржан

Сендердің үйлеріңе кімдер келеді? Майлин, Жандосов, Сейфуллин, Рыскұлов келе ме деп қайталап  сұрай береді, танисыңдар ма? Куйеуіңнің халық жауы екенін мойындасаң босатам. Не үшін отырсың?

Қой бағып жүрген әйелдер-Оразалы Хиюаз, Таушабаева Жанерке

Акмола Қарағанды арасында қой бағамын

Жарық батық даласында

Сақтаймын оң көзімдей баққан қойды

Ешбір ой қойдан басқа болмай қойды

Әйелдер- Әріпбай Ақбота Жалаңаш көлінен қамыс оратынбыз  норма 40 бау болатын, норма орындалмаса нан, тамақ берілмеді. Қамыс орып жүргенде жақын ауылдың адамдары тас лақтырып кетеді, ол тас емес құрт болатын. Оны түсінбеген НКВД қарауылдары  сендерді Мәскеуде жек көреді, ауылда жек көреді деп күледі.

Әйелдер-Бектұрсынова Нұргүл Мына газетті қараңдаршы.  «Хорошие дети» деген мақалада  балалар үйінде тәрбиеленген  балалардың суретін көріп кейбір аналар өз балаларын көріп             жылап алады, кейбір темекі тартатын аналар шылым орап қояды.

Монолог Кәрімова Замира

1946 жылы 12 жаста болатынмын, анам 9 жылдан қайтып келеді. 31 жасында кетіп 39 жасында қайтып келеді өзгерген, шаршаған, қартайған.

 ҚызыЕгізғараева Меруерт.

Мен оны білмеймін, танымаймын мен құшақтап жылап қайта-қайта бауырына басып өксігін басады.

Шеше-Искакова Айгерім

Құлыным-ау, мен сенің анаңмын ғой, келші, бері мені танымай тұрсын ба? Мен сенің анаңмын ғой боташым, жаным, келші бері.

Монолог Кәрімова Замира

1958 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін, Мәскеуге хат жазып Хрущев әке-шешемді ешқандай кінәлі емес деп ақтап шықты.

 

«Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» осындай атаумен бүгін «Достық үйінде»  еске алу шарасы өтті. Бүгінгі жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымы, Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері мен қаладағы арнаулы оқу ордаларының студенттері ат салысты. Шара саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналып отыр. Мұнан соң қонақтар Достық үйі ғимаратының 1 қабатында орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мұражайына экскурссия жасады. Сондай-ақ бұл күні суреттер мен картиналар, және «Маңғыстау сувенир» қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Келген қонақтардың бәрі де қолынан бал тамған шеберлердің туындыларын асқан қызығушылықпен тамашалады.

Сахна шымылдығы түріліп, сол сұлмат замандағы көрініс басталып кетті. Студенттер өткенге үңіліп, сол кездегі жағдайды көрермендерге театрландырған қойылым арқылы жеткізді. Көрініс желісі бойынша, баласымен жалғыз қалған әйел сталин қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, жұбайының «халық жауы» емес екенін дәлелдеп әлек. Бірақ, әттең бәрі де кеш еді… Өйткені, ол ату жазасына кесілген. Осылайша, студенттер сол зұлмат жылдардағы  солақай саясаттың арқасында қоныс аударған талай жанның өмірін көрсетті.

Амангүл ЖАЙЫЛХАНОВА — «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ

Бүгінгі шараның мақсаты саяси қуғын сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу. Олардың жазықсыз атылғаны туралы театрландырылған көрініс арқылы көрсетілді. Енді мұндай жағдай ешуақытта болмасын деп тілейміз.

Сол жылдары Қазақстанға 1,5 млн өзге ұлт өкілдері қоныс аударыпты. Олардың арасында орыс, шешен, еврей, кәріс, қырым татары ұлттарының өкілдері бар. Қазақ халқы оларға пана беріп, есіктерін айқара ашты, қонақжайлығын көрсетті.

Эхман КИМ — ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

Бізді 1937 жылы Примоский өңірінен Гурьевке жер аударып жіберді. Ол кезд менің жасым бар болғаны 5 -те еді. 1967 жылы Маңғыстауға көшіп келдік. 401 жыл ауылшаруашылық саласында қызмет еттім. Қазақстан менің екінші Отаным.

Содан соң, сахнада театрландырған көрініс көрсеткен студенттердің актерлық шеберліктері бағаланды. Олар мынадай аталымдарға қол жеткізді.

«Қызықты режисерлік шешім» аталымы бойынша  Маңғыстау туризм колледжі

«Үздік сахналық безендіру» аталымы — Ақтау қаласының медициналық колледжіне бұйырса,

«Үздік актерлық шеберлігі» -Ш.Есенов атындағы КМТИУ студенттері иеленді.

«Ең үздік қойылым» номинация  — Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері жеңіп алды.  

Ал, «көрермен көзайымына» — Маңғыстау политехникалық колледжі студенттері алды.

Мұнан соң, жиналғандар «Вайнах» шешен және ингуш этно мәдени бірлестігінің өкілі Ислам Музаевтың «Спасибо степному казаху» әнін орындап, ал «Пахтакор» өзбек этно орталығының «Хает» ансамблі өзбек биін билеп, қонақтардың көңілін серпітті.

Бүгінде қазақ елі ортақ шаңырақ. Ешкімді бөліп жармайды. Өзге ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату тәтті ғұмыр кешіп жатқандарына шүкірлік етеді. Қазіргі таңда олар түбектің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етуде