Әлихан Бөкейханов туралы ашық сабақ

Ашық тәрбие сабақтың тақырыбы: «Бұл күн оңай келген жоқ-бағымыз біздің ашылған, Ескерілмеген ерлік көп куәсі кештеу табылған.»      Ауызша журнал

Пәні: Қазақстан тарихы(сабақтан тыс шара)

Оқытушы: Азанова С. У.

Тобы: МБ-11, МДБ-11

 

Ауызша журнал

Сабақтың тақырыбы:«Бұл күн оңай келген жоқ-бағымыз біздің ашылған,Ескерілмеген ерлік көп куәсі кештеу табылған.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін орны бөлек екені белгілі. Осындай халықтың қалаулысы Әлихан Бөкейхановты  ХХ ғасырдың ең көрнекті тұлғасы деп қарастырып, оның орасан мол мұрасын ұрпаққа түсіндіре білу:

Дамытушылық: Ә. Бөкейханов туралы іздену жұмыстарын жалғастыру;

Тәрбиелік: Тұлғаның аты ғана қалың бұқара халықты рухтандыратын, оның атқарып кеткен ісі, оның артта қалдырған орасан мол мұрасына бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятуға, ал ұлт тәуелсіздігі  мен  мемлекеттің  жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесін келешек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде тәрбиелей көрсету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша журнал

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет,қазақстан тарихы т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, портрет,кітаптар  көрмесі, газет т.б.

 

Сабақ жоспары:

Мұғалім сөзі: Алаш  қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерекесіне қош келдіңіздер Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-ші сессиясында жария етілді. Бұл күллі қазақ халқы үшін үлкен абырой екені белгілі. Кешегі алаш зиялыларын әлем мойындағанының дәлелі десек болады.

2- жүргізуші: 

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай Алашына қызмет еткен;

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен;

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалданбаған,

«Қайткенде Алаш көркейер» деген ойдан,

Басқа ойды өмірінде малданбаған – дей отырып,бізАлаш  қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Әлихан Бөкейхановтың 150 мерейтойына арналған ауызша журналымызды бастаймыз.

 

1 — жүргізуші:Бүгінгі сабақ 4 парақ бойынша жүргізіледі.

1 парақ:Бейнеүзінді көру.  «Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы»

2 парақ:Баяндама оқу

3 парақ:Сұрақ – жауап

4 парақ:Көркем шығарма оқу

2– жүргізуші:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақ елі,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған! – деп ауызша журналымыздың 1 парағын бастаймыз.

1 парақ: Бейнеүзінді көру.

1–жүргізуші:

«Алыстан алаш десе , аттанамын,

Қазақты қазақ десе, мақтанамын,

Болғанда әкем-қазақ,шешем-қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын.»   —  дей отырып М.Дулатовтың осы өлеңімен бүгінгі ауызша  журналымыздың 2 парағы бойынша келесі сөзді оқушыларға беремін:

Баяндама оқу

1-баяндама Ә.Бөкейхановтың Өмірбаяны

2-баяндама  Алаш ардақтысы

3-баяндама Ұлт көшбасшысы

4-баяндама  Алаш ордадағы қоғамдық саяси қызметі

5–баяндама Ғылыми еңбектері

2-жүргізуші:

Егемен елім десем, сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп – деп ауызша журналымыздың 3 ші  парағына зер салайық.
3 парақ:Сұрақ-жауап.

1 – сұрақ:Әлихан Бөкейханов туған халқы алдында өзін неге айыпты сезінді? 

2 – сұрақ: Ғылымның әр саласын меңгерген ғалым  туралы не білесің? 

3 – сұрақ:Әлихан бүгінгі қазақ қоғамына несімен қадірлі?

 

1-жүргізуші:

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,

Алаштың ерлері бар асыл өткен.

Арманым болмас еді-ау туған елім,

Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем – деп ,бүгінгі ауызша журналымыздың 4 парағын бастайық.

 

4парақ: Көркем шығарма оқу.

 

1 – оқушы:

2 – оқушы:

3 – оқушы:

4 – оқушы:

5 – оқушы:

 

2 —  жүргізуші: 1937 жылдың тамызында тұтқындалып, Бутыр түрмесіне жабылған кезінде, Әлекеңнің бай мұрасы кәмпескеленіп, із-түссіз жоғалады. Ал 1937 жылдың 27 қыркүйегінде КСРО Жоғары Сотының Әскери Коллениясы «возглавлял контреволюционную борьбу против Советской власти, … установил связи с руководителями террористического центра в Казахстане и в Москве» — деген жалған айыппен қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханды елінен тыс жерде – Мәскеуде өлім жазасына кесілген деген үкім шығарды.

 

1 — жүргізуші:Ол 1937 жылдың 27 қыркүйегінде жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңа үкімет Алты Алаштың көсемі Әлиханды өлімге кесе отырып, қазақ халқының ұлттық, ұлт-азаттық қозғалысының күре тамырын шауып тұншықтырмақ болды, қазақтың ұлттық намысын, сана-сезімін аяққа таптамақ ниетін танытты. Бірақ … 1937 жылдың

 

қыркүйегінде өшкендей болған ол үн 1986 жылдың желтоқсанында бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, Кеңес империясының бытырап тарауына бірден-бір себеп, түрткі болды. Түпкі мақсат үшін,

Түбегейлі тірлік үшін,

Түптің-түбінде келетін

Тәуелсіздік үшін,

Алаштың арыстары

Арыстанша арпалысты…

2 – жүргізуші:Сондықтан, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек.

Қорытынды : Мұғалім сөзі