Ойнада ойлан!

211

Білім саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, Тіл дамыту, Құрастыру

Тақырыбы: «Ойнада  ойлан

Мақсаты:  

 Математика.

  1. 10-ға дейін тура және кері санауды бекіту. Балалардың сандар,

геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен-кіші  ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

  1. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды

есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін

дамыту, тапқырлығын арттыру.

  1. Айналадағы қоршаған ортадан ұқсас пішіндер табуды үйрету. Жыл

маусымдары, апта күндері ұғымдарын бекіту.

Тіл дамыту.

  1. Диалог арқылы сөйлеуге үйретуді жалғастыру.
  2. Этикетті қалыптастыруға , сыпайыгершілік және сәлемдесу сөздерін күнделікті пайдалануға септесу.
  3. Белсенділікке, жылышырайлыққа ,көмек беруге ықыластылыққа , мақал- мәтелдерді және жұмбақтарды түсініп , өз сөзінде пайдалануға , кез келген істі адал ниетпен және ұқыптылықпен орындауға ынтыла болуға , бастаған ісін аяғына жеткізуге тәрбиелеу.

Құрастыру.

  1. Затты (зымыранды) гоеметриялық фигуралармен құрымдық тәсілімен құрастыруды үйрету.
  2. Қолдық ұсақ қимылдарын дамыту.
  3. Дербестікке және конструкторлық жұмыспен шұғылдануға ынталы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың  әдістері: саяхат, қисынды есептер, дидактикалық ойындар.

Көрнекілігі :  зымыран, «жұлдызды қалашық», ғаламшарлар, жұлдызшалар, жатпланеталықтар бейнесі, қисынды есептер , слайдтар.

 Алдын-ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы «Біз ғарышкерміз» әуені үнтаспадан қойылып тұр.

— Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.

—         Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң балалар!

 

 

-Балалар , бүгін бізде ерекше күн болғалы тұр. Өйткені бізге көп қонақтар келіпті. Ендеше біз әдепті де инабатты балалар екенімізді көрсетіп , қонақтарымыз бен амандасып алайық.

-Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық.

 

 

 

Балалар күн шеңбері болып тұрады.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

Сәлеметсіз бе?

Амансыз ба?

Бәріміз күндей жарқырайық.

 

 

 

Үлкенге де — сіз,

Кішіге де – сіз.

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз

 

 

 

Ізденуші-құрастырушы -Балалар біздер бүгінгі сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз,   ғарышкерлер боламыз. (слайд)

-Ғарышкер деп кімді атаймыз?

-12 сәуірде 1961 жылы Юрий Гагарин бірінші ғарышкер -жер ғаламшарының  адамы ғарышқа ұшты. Сол уақыттан бастап ғарыш зерттелуде.(слайд)

-Қазақстанның да ғарышкерлері бар. Тоқтар Аубакіров, Талғат Мусабаев.(слайд)

-Ғарыш туралы кім тақпақ біледі?

-Балалар , ғарышта бірі үлкен, бірі кіші ғаламшарлар бар . Сендердің алдарыңда ғаламшарлар.  (слайд)

-Біз осы ғаламшарлардың ішіндегі жер ғаламшарында тұрамыз. Адамдар басқа ғаламшарларда да тіршілік бар- жоғын білгісі келеді.  Оны білу үшін ғарышты зерттеу керек.

— Ғарышқа бару үшін бізге не керек?

-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.

(Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады. )

— Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық?

— Міне, балалар зымыранды конструкторлар болып қағаз бетінде   дайындадық.

Енді зымыран шығаратын зауотта бізге зымыранды жұмышшылар дайындайды.

Зымырандар  ғарышқа Қазақстанда Байкоңыр қаласынан ұшырылады.(слайд)

Енді біздер «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз

керек.  Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен. (слайд)

 

Интеллектуалдық бой жазу.

-Келіңдер  «Сұрақ- жауап»тапсырмасын орындайық, кім сұраққа жауап береді сол ғарышкер болады. (маска кигізу)

Тек болмайды үндемеген,

Жауап бер бәрің хорменен.

-Біздің балабақша қалай аталады?

-Біз қандай республикада тұрамыз?

-Біздің Отанымыздың астанасы қалай аталады?

-Не бал жасай алады?

Жануарлардың қайсысы бізге сүт береді?

-Балалар  тәуліктің қай мезгілінде балабақшаға келеді??

-Бағдаршамның қай белгісі жаңғанда көшені кесіп өтуге болады?

-Шыршаны қандай мейрамға безендіреді?

-Аптада неше күн бар?

-Жұмыс күні қанша?

-Қанша күн дем аламыз? Демалыс күнін атаңдар.

— Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Зымыранымызда дайын.

Енді ,дайындалыңдар, ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді.

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1  Кеттік!  (зымыранның дыбысы)

— Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар.(слайд) !

 

Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар. (Тапсырманы орындаған бала барып цифрды көрсетеді)

(слайд )

1. Күн:  кемпірқосақта не ше түс бар? (7)

2. Жер:  бағдаршамда не ше көз  бар? (3)

3. Ай:  Оңжақ қолға киетін  қолғапта не ше саусақ  бар? (5)

4. Шолпан:  адамда қанша көз бар? (2)

5. Марс:  жұлдыздың не ше бұрышы бар? (5)

6. Сатурн:  аспанда не ше күн бар? (1)

7. Нептун:  неше жыл мезгілі бар?(4)

8. Плутон:  бір аптада не ше күн бар? (7)

9. Уран:  адамда қанша саусақ  бар? (10

-Балалар , ғаламшар  тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік.

-Жулдыздарды тәуліктің қай мезгілінде көреміз?

Ол үшін сіздердің алдарыңдағы даярланған қара қағазға жұлдыздарды жапсыру керек.

Жапсыру жұмысы болады.

(Жәй әуенде музыка ойналып тұрады. )

— Балалар, бірге қоссақ  әдемі ғарыш әлемі болады.

-Өте  жақсы. Орындарыңа отырыңдар.

-Мында қараңдар, балалар, біздер жұлдыздарымызды құрастыру мен айналысып жатқанымызда біздің ғаламшарға жатпланеталықтар  келіп қалыпты.  (слайд)

-Мынау солардың іздері ғой.

Жатпланеталықтар құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастыру керек .

— Балалар ,біз қанша тапсырмалар орындап шаршадық , барлығымыз бірлесіп, күш жинап алайық.

Сергіту сәті

«Буги-вуги»

Он қолымды алдыма,

Оң қолымды артыма,

Оны тағы алдыма,

Бір кішкентай сілкиміз.

Біз билейміз Буги-вуги,

Орнымызда айналып

Буги-вуги окей

— Күшімізді жинап келдік, қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік.

— Олай болса сандарды жұбы мен қойып шығайық.

(Балалар сандарды жұбы мен қояды.  )

— Өте жақсы.  Бізге арнап жатпланеталықтар іздері келесі тапсырманы беріп отыр.

Қисынды есептер

1 тапсырма:  Екі мысықтың мұрындары  нешеу? ( 2) –

2 тапсырма:  -Алтынға  Мансур мен Дариға қонаққа келді . Шай ішу үшін неше бокал қою керек?

(3)

3 тапсырма: -Екі баланың қанша құлағы бар? (4)

— Балалар, өте жақсы сіздер бұл тапсырманы да жақсы орындай білдіңдер. Қараңдаршы біздің ғаламшардан іздер ғайып болып кетті ғой.

— Балалар ,сіздерге енді соңғы тапсырма беріліп отыр.

«Көршісін ата» дидактикалық ойыны

Мақсаты: 1 – 5 сандарының көршілерін атау, сөйлемді толық айту, есте сақтау қабілетін дамыту.

— Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді балабақшамызға қайтуға жиналайық.

-Осы саяхаттан ескерткішке, жасаған ғарыш әлемін, балабақшамызға ала кетейік.

Қане бәріміз бірге:

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1  Кеттік.  (зымыранның дауысы)

Балалар балабақшаға жетеді.

— Балалар, сіздердің білімдерің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды.

Жарайсыңдар, балалар!

«Өнерлі бала – сүйкімді» — деп тегін айтпаған.

 

 

 

-Ғарышты зерттейтін адамдарды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Зымыран.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

төбесі —     үшбұрыш,

кеудесі –  төртбұрыш,

2 қанаты—  үшбұрыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жұлдыз

 

-Қазақстан

-Астана

 

— ара

-сиыр

 

 

-таңертең

 

-жасыл

 

-жаңа жылға

 

-жеті

-бес

-екі

-сембі, жексембі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-түнде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-коррекциялаушы -Рахмет сендерге балалар.

Ғарыш қандай жақсы болсада –жер ғаламшамыз өте әдемі, табиғаты сұлу.

Айнала сұлу табиғат,

Тіршіліктің анасы.

Қорғай біл, сен бүлдіршін

Табиғат елдің панасы!

Балалар, біз бүгін қайда саяхат жасадық?

-Ғарышкер болу үшін не істеу керек?

Бәріңе рахмет!  Ал енді, саяхаттан әкелген жұлдызшаларымызды қонақтарға сыйлаймыз!

-Қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

-ғарышқа

 

-жақсы оқу,денені шынықтыру

 

 

 

 

Хош сау болыңыздар

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдауды.

Қандай түсініктерді игерді: Этикетті қалыптастыруды , сыпайыгершілік және сәлемдесу сөздерін күнделікті пайдалануды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Белсенділікті, жылышырайлықты ,көмек беруге ықыластылықты.