Шығыс септік

103

Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.

Дамытушылық: Жаттығулар орындата отырып, шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызуғышылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: Ассоциация, семантикалық карта, Венн диаграммасы, тест, екі жақты түсіндірме күнделік, ішіне-сыртына.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту.

Топтарға бөлу, әр топқа сұрақтар қою.

І топ           ІІ топ                     ІІІ топ

  • Қазақ тілінде неше септік бар?
  • Септік жалғаулары дегеніміз не?
  • Зат есімнің септелуі дегеніміз не?

«Септіктер»  ассоциация құру.

 

 

 

 

 

Семантикалық карта.

Сөздер Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік Жатыс септік
Бөлмеде, құмда, Айданада
Суретшінің, ағаштың, оқушылардың
Оқушы, кітап, ағаштар
Шеңберді, саңырауқұлақты, Әсемді
Ауылға, мектепке,

Сәулеге

 

«Қайың» сөзін септеу.

 

ІІ. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс. 332 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Олардың қай септікте тұрғанын айту.


Жаңбырдан соң көңілді,

Аспаннан  нұр төгілді.

Сергіп қалды жер беті,

Кемпірқосақ керілді.

 

333 – жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Шығыс септікте тұрған сөздерді табу, олардың жалғауларын атау.

Оқушылар кітапханадан кітап алды. Бұл хабарды газеттен оқыдым. Олар тастан жер ошақ жасады. Шегірткеден қорыққан егін екпес.

Ережені меңгерту.

Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септік жалғаулары: — дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен.

335 – жаттығу.Берілген сөздерді шығыс септігіне қойып сөйлем құрау. Шығыс септіктегі сөздерге сұрақ қою. Олар сөйлемде қай мүше болып тұрғанын айту.

Өріс,  дүкен,  Арайлым,  кірпіш.

Сергіту сәті.

Зат есім септеледі жеті түрде,

Бір – бірімен шатастырып алып жүрме.

Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,

Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме.

Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Жаттап алсаң балақай,

Зат есімді септе тез.

336 – жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу. Шешуін табу. Шығыс септіктегі сөзді табу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.

Тілден ұшып,

Құлаққа қонады.

Топпен жұмыс.

І топ: Өлеңді мәнерлеп оқы, шығыс септікте тұрған сөздерді тауып, жалғауларын белгіле.

ІІ топ: Шығыс септігінде тұрған сөзді тап,астын сыз, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

ІІІ топ: Жұмбақты шеш, шығыс септікте тұрған сөздердің астын сызып, сұрақ қой.

 

І топ ІІ топ ІІІ топ
Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

 

Дәрі шөптен шығады,

Дана көптен шығады.

 

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бірақ жортады.

Кіп – кішкене арадан,

Үп – үлкен боп қорқады.

 

 

Ұжыммен жұмыс.  «Ішіне – сыртына»

Тарыдан, жазда, ұшақты, көлдің, орман,сүттен,балалар, өсімдіктің, Сәулеге,кірпіштен,жұмысқа,қаптарды, өзеннен, тілден, сабақты,қоладан.

Ішіне Сыртына

 

 

 

Венн диаграммасы.  Жатыс септік пен шығыс септікті салыстыру.

Жатыс септік                                                  Шығыс септік

 

 

 

ІІІ. Толғаныс «Гүлдің табақшасы» ойыны.

 Ойынға арналған гүлдің сабағы, жапырағы, гүл табақшасы бар суретін тақтаға салу. Гүл табақшасындағы  гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деген септік жалғаулары жазылған сөздерді оқушыларға таратып беру. Атау септігінде тұрған гүл сөзі кімде болса, сол бірінші келіп гүлдің бірінші табақшасын салады, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігінде тұрған сөздер бірінен соң бірі келіп гүлдің суретін салып шығады. Сөйтіп гүл шоғы пайда болады.

Септіктердің атын атайды, жалғауын көрсетеді, сұрақтар қояды.

Тест жұмысы.

1.Қазақ тілінде неше септік бар?

а) 6       в) 7       с) 5

2.Сөйлемнен шығыс септігінде тұрған сөзді тап:

Кеше Сәуледен хат келді.

а) Сәуледен     в) келді       с) кеше

  1. Шығыс септігінің сұрақтарын тап.

а) кімде? неде?      в) кімнің? ненің?    с) кімнен? неден?

  1. Шығыс септігінің жалғауларын тап:

а)  — да, — де, -та, -те        в) –дан, -ден, -тан, -тен

с) –ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

  1. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап.

а) мектептен       в) мектепте        с) мектептің

Бағалау.

Қызыл жұлдызша —  «5», көк жұлдызша – «4», сары жұлдызша – «3»

Үйге тапсырма беру:

Зат есімдердің септелуін жаттау.

334 – жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу. Сөйлем мүшесіне талдау. Шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айту. Мақалдардың мағынасын ашу.

Екі жақты түсіндірме күнделігін толтыру.

 

Мақалдар Мағынасы
Асыл жастан шығар, асыл тастан шығар.
Тамшыдан тама – тама дария болар.
Көпшіліктен береке кетпес, берекелі жерден мереке кетпес.
Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.