Тапқыр болсаң, тауып көр

93

Сабақтың тақырыбы: Тапқыр болсаң, тауып көр

Сабақтың мақсаты: Пәндер бойынша алған білімдерін толықтыру, жүйелеу, білімдерін тереңдету

Тез ойлау, шапшаңдыққа үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Бірлікке, топта жұмыс істеуге үйрету

 

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Сабақ барысы

Ұйымдастыру Психологиялық дайындық

1 кезең   Оқушыларды 3 топқа бөлу

«Қазақстан»,  «Тәуелсіздік», «Астана» топтары

Топ басшысын сайлап алу

Табыс критерийін жасау

3 топ өз топтарының атына топтастыру жасау, қортындылау

Сабақ мақсатын хабарлау

Сонымен бүгін сабақта Қазақстанның астаналарына шолу жасап, өз білімдерімізді толықтырамыз

 

Слайд №1 мәліметке көз салайық

Қазақстан астанасы – Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. 1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады.

Осы мәлімет арқылы қай қаланың астана болғанын білу үшін математика әлеміне саяхат жасайық

Тапсырма №1  \«Кенеттен сұрау»

  1. 2 адам шахматты 2 сағат ойнады, бір адам қанша сағат ойнады
  2. Жаңбырда қоян қандай ағаш астында отырады?
  3. Баспалдақта 1 басқыш бар. Тура ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

 

 

 

  1. Қос ат жегілген арба 4 сағат жүрсе, 1 ат қанша жол жүреді?
  2. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?

 

 

 

Мәліметті толықтыру

1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды

 

Сапарымызды жалғастырамыз

1925 жылы 9 ақпанда Қазақ АКСР-і ОАК төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту туралы шешім шығарды

Тапсырма қазақ тілінен

«Мен ақынмын…»

 

 

 

 

ал республика астанасы Ақмешіт қаласының атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады.

 

 

 

 

 

 

Келесі мәліметке назар аударайық

1927 жылы 3 наурызда Қазақстан астанасын осы қалаға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-і ОАК мен республика ХКК-нің қаулысы жарияланды. Бұл қаулы Қазақстан Кеңестерінің VІ-съезінде бекітілді (1927 жылы 3 сәуір). Ел астанасының Сыр өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір темір жолының іске қосылуы да әсер етті. Ауа райы оңтайлы, табиғи көркем жерде орналасқан Алматы аз уақыт ішінде елдің саяси, экономикалық, мәдени орталығына айналды. Бас қала болған жылдары Алматы миллионнан астам тұрғыны бар, жан-жақты дамыған әсем қалаға айналды

 

Бұл қаланың атын білу үшін дүниетанудан алған білімімізді ортаға салайық

 

Сарамандық жұмыс

Қан кеткендегі алғашқы көмек

Күйіп қалғандағы алғашқы көмек

Соғып алғандағы алғашқы көмек

 

Келесі аялдайтынымыз қазақ тілі пәні

Абай атамыздың өлеңін әңгімеге айналдыру

 

 

 

 

Қыс келді. Алғашқы күнінен бастап, алғашқы мереке басталды. Ол Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні.