Ән: Кәусар жыр

Ән:Кәусар жыр.-

Көктемменен жанды көңіл шырағы,

Таусылмайды саналы ойдың сұрағы.

Сағынышын сенен басар жүрегім,

Өзің жаққа алаңдаумен тұрады.

 

 

Таусылмайтын сенсің жырдың бұлағы,

Көз тоймайтын көңілімнің құрағы.

Сағыныш та сансыратып санамды,

Соңғы кезде жанарда шық тұнады.

 

Осы ма екен тәңірімнің сынағы?

Шошынды екен неден көңіл тұрағы?

Таңғажайып табиғатың талпынтып,

Аңсау менен армандауды құрады.

 

Жанарымның қарашығы, шын ағы,

Ұғымталдық ұлылығың ұнады.

Мен өзіңді жырлап мәңгі өтермін,

Шаршау білмес шабытымның пырағы.

 

Бақытына жете алмаған кеш қалар,

Өтті күндер нұр ғажайып, ес танар.

Болашаққа сезімімді арнадым,

Кім біледі, бір күндері еске алар?

01.03.2010жыл.