ӘН: Жан шуағым

73

ӘН: Жан шуағым

Сені аңсаумен өмір өткен,

Әсем үнің тебіренткен.

Қоңыр күзде алаңдадым,

Жан шуағым көңілі көктем.

Қайырмасы:

Сағынышым сарғайдым да,

Сағындым ғой шалғай мұнда.

Аққуымсың қонармысың,

Жан шуағым жыр айдынға

 

Мөлдірлігің таңғы шықтай,

Елеңдедім бал қылыққа-ай.

Жаным саған тартылды да,

Жүрек қалды мәңгі ұмытпай.

12.10.2009жыл.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаӘН: Ұландар ұраны
Келесі жазбаАрдагер